31. ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұмысын сипаттаңыз. Құқықтары мен міндеттері:
1) реттелетін саладағы мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ақпарат сұрату және алу;
2) жеке және заңды тұлғалар Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда сотқа жүгіну;
3) аумақтық бөлімшелерге және ведомстволық бағынысты ұйымдарға реттелетін саладағы мәселелер бойынша әдіснамалық және консультациялық көмек көрсету;
4) реттелетін саладағы мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
5) өз құзыретінің шегінде консультациялық-кеңесші және сараптама комиссияларын (жұмыс топтарын) құру
6) Комитетке ведомстволық бағынысты бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар үшін қызметтің басым бағыттарын айқындау;
7) бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті қалыптастыру;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
9) реттелетін сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданылуына талдау жүргізу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен басқа ұйымдардан мамандарды тексеру және сараптама жүргізуге тарту;
11) реттелетін сала мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын, мемлекеттік органдар қабылдаған актілердің күшін жою, өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Функциялары: 1) реттелетін салада мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
3) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауға жататын өнімді, оның ішінде тамақ өнімін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;
4) техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
5) халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын радиациялық бақылауды жүзеге асыру;
6) құзыретінің шегінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
7) құзыретінің шегінде биологиялық қауіпсіздік саласында есепке алу және мониторингтеу және (немесе) оны ұйымдастыру;
8) мыналарды:
патогенді биологиялық агенттермен, ықтимал қауіпті биологиялық объектілермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің
патогендігі I және II топтардың патогенді биологиялық агенттердің, патогендігі I және II топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істеуді жүзеге асыратын мамандардың тізілімдерін жүргізуді ұйымдастыру;
9) мыналарды:
биологиялық қауіпсіздік саласында кадрларды кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілікті арттырудың үлгілік бағдарламасын;
шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың патогендігі I және II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын (жұмыс істеуді жүзеге асыру кезінде қосалқы функцияны орындайтын) мамандары мен көмекші персоналының еңбегіне ақы төлеудің үлгілік жүйесін;
референттік (референс-) зерттеулерді жүзеге асыру және жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын;
биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардың сақталуын бақылау жөніндегі комиссия (режимдік комиссия) туралы ережені және оның құрамын;
денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге қызметтің лицензияланатын түріне қойылатын біліктілік талаптарын;
патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-ұстау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
10) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын қайта жаңарту, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтату қағидаларын әзірлеу;
11) коллекциялық қызметті есепке алу және мониторингтеу;
12) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-ұстауға уәкілеттік берілген ұйымдардың қызметін бюджет қаражатының есебінен құзыреті шегінде қамтамасыз ету;
13) заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.