Микроорганизм штаммы



Дата15.09.2023
өлшемі18,35 Kb.
#181151
Байланысты:
ББ-рк1-6сурак
дискриптор, Қазақстан Республикасының физикалық-географиялық, тарихи-географиялық, саяси-географиялық және геосаяси аймақтарында орналасуы. 3сабақ

6)1. "Микроорганизм штаммы" ұғымын түсіндіріңіз.


Штамм (немісше stamm – негізі) – морфологиялық және биологиялық қасиеттері бірдей микроорганизмдердің таза дақылы. Штаммдарды антибиотиктервитаминдерферментер, т.б. биол. активті заттар өндіру мақсатында қолданады. 
Микробтық штамм Бұл таза ортада өсірілген және әдетте сол бастапқы колониядан шығатын организмдердің сукцессиясынан құралған бір микробтық изоляттан шыққан ұрпақ жиынтығы. Штамм кез-келген микробиологиялық зерттеудің «негізі» болып табылады, өйткені ол ғалымдарға микробтың бір түрі туралы зерттелетін параметрлер мен сипаттамалардың тек сол түрлерге ғана тән екендігіне кепілдік береді. Сонымен қатар, бұл оларға тергеудің қайталануын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2.Биологиялық қауіпсіздік -адамдар мен табиғи ортаның жекелеген компоненттерінің қауіпті биологиялық факторлардан қорғалуының,оның ішінде биологиялық қорғау шараларымен қамтамасыз етілуінің жай-күйі.
Биологиялық материал - жануарлардың ауруларын диагностикалау мақсатында іріктеліп алынған өміршең ұлпаның немесе биологиялық белсенді сұйықтықтың бөлігі (қан, шырыш, жұлын сұйықтығы, өт, ірің, зәр, нәжіс, қырындылар, биопсия арқылы алынған материалдар);
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне мыналар жатады:
1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және оларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
2) патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің ұлттық коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын және оларды қалыптастыруға, жүргізуге және күтіп-бағуға уәкілеттік берілген ұйымдардың тізбесін бекіту;
3) патогенді биологиялық агенттердің патогендігі және қауіптілік дәрежесі бойынша сыныптамасын ескере отырып, патогенді биологиялық агенттерді аса қауіпті инфекциялық аурулар туғызатындарға жатқызу өлшемшарттарын және патогенді биологиялық агенттердің тізбесін бекіту;
4) өзіне осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындау
1, Биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптар – осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген нормативтік техникалық құжаттарда, ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттарда қамтылған биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін талаптар;
2, “Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы” Қазақстан Республикасының Заңы 2022 жылғы 21 мамырдағы № 122-VII ҚРЗ.
Осы Заң Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерін айқындайды және биологиялық қатерлерді болғызбауға бағытталған.
Биологиялық қауіпсіздік – адамдардың және табиғи орта компоненттерінің (жануарлар, өсімдіктер, су, топырақ, ауа) қауіпті биологиялық факторлардан, оның ішінде биологиялық қорғау шараларымен қамтамасыз етілетін қорғалуының жай-күйі;
3, Биологиялық қауіп – адам денсаулығына зиян келтіру ықтималдығы, жануарлар, өсімдіктер, патогенді биологиялық агенттер, сондай-ақ олардың табиғи ортаның жекелеген компоненттеріне түсу ықтималдығы.
Биологиялық тәуекел – салдарының ауырлығын ескере отырып, патогенді биологиялық агенттердің әсер етуі нәтижесінде адамдар мен табиғи орта компоненттеріне (жануарлар, өсімдіктер, су, топырақ, ауа) зиян келтіру ықтималдығы;
Эпидемиялық, эпизоотиялық, эпифитотикалық тәуекел дәрежесі жоғары объектілер екі топқа бөлінеді:
1) Патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілер;
2) Патогендігі III және (немесе) IV топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу жүзеге асырылатын ықтимал қауіпті биологиялық объектілер.
1. Көмекші персонал - патогенді биологиялықагенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратынсубъектілердің патогенді биологиялық агенттерменжұмыс істеу кезінде қосалқы функцияны орындайтынқызметкерлер.
2. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялықсалауаттылығын қамтамасыз ету саласындағымемлекеттік саясатты іске асыру, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың мониторингін жүргізу, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақхалықты санитарлық-эпидемиологиялық қамтамасызету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру болыптабылады.
Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің негізгіміндеті
санитарлық заңнамалардың сақталуын және қоршағантабиғи ортаның – атмосфералық ауаның, су көздерініңжәне топырақтың ластануының алдын алуға және оны жоюға;
елді мекендердің, өнеркәсіп кәсіпорындарының, тұрғын үйлердің, мәдени-тұрмыстық және емдеу-алдыналу мекемелерінің құрылысын салу және абаттандырукезінде санитарлық нормалар мен ережелердіңсақталуын қамтамасыз етуге;
халықтың тұрмысын санитарлық қорғауға жәнехалықты санитарлық ағартуға;
санитарлық-эпидемиологиялық аман-саулықты, яғнижұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу мен жоюды, карантиндік инфекциялардың елге кіруініңалдын алуды қамтамасыз етуге;
мемлекеттің шекараларын санитарлық қорғауғабағытталған санитарлық-гигиеналық және санитарлық-эпидемияға қарсы шаралардың жүргізілуі мемлекеттіксанитарлық қадағалау болып табылады.
3. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттікреттеу
1. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы негізгіпроблемалар мен қатерлер, стратегиялық мақсаттар, негізгі бағыттар, міндеттер және нәтижелердіңкөрсеткіштері, ведомствоаралық өзара іс-қимылҚазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздікстратегиясында айқындалады.
2. Биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттікреттеу:
1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы бірыңғаймемлекеттік саясатты іске асыру;
2) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеудіңрұқсат беру тәртібін енгізу;
3) биологиялық қауіпсіздік саласындағы талаптардыңсақталуын мемлекеттік бақылауды және қадағалаудыжүргізу;
4) биологиялық тәуекелдерді басқару;
5) биологиялық қауіпсіздік саласындағы есепке алу, мониторингтеу және болжау (модельдеу) арқылыжүзеге асырылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет