Есеп № 12. 20 жастағы науқас А, аурудың екінші күні "Сальмонеллез" диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасына түсті. Пісірілген тауық етін жегеннен кейін қатты ауырды. Эпигастрий аймағында ауырсыну, қалтырау, бас ауруы, іш өту күніне 5-6 рет пайда болды, температура 38-39 0 С дейін көтерілді. 1. Сальмонеллездің патогенезі мен клиникалық көрінісін сипаттаңыз. Алдын алу жəне емдеу.
Сальмонеллез қоздырғышы-S.enterica Тұқымдас:Enterobacteriaceae Туыстастығы:Salmonella Түрлері:S.paratyphi A,S.typhimurium,S.dublin,S. enteritidis,S. typhi,S.choleraesuis, S. infantis Патогенезі жəне клиникалық көрiнiстерi. Ауру көбінесе гастроэнтериттiң локалды түрiнде
өтедi, оның негiзгi синдромы қабынулық диарея даму болып табылады. Жасырын кезең -12-72
сағат. М-жасушалар арқылы жiңiшке ішектiң шырышты қабатының астына енгеннен кейiн
сальмонеллалар макрофагтармен қоршалады. Кейбір макрофагтар TTCC-1 (sopB) эффекторлық
молекулаларының əсерiнен апоптозға ұшыратады. Бұл кезде қабынуға қарсы IL-8 жəне IL-1b
медиаторлар бөлініп шығады, олар қабыну реакцияларының дамуын күшейтіп,полиморфты-өзектi
жасушалардың сол жерге ағып келуiн қоздырады.Осы жасушалар простагландиндер бөлiп
шығарады, олар цАМФ деңгейiн жоғарылатады. Нəтижесiнде iшек қуысынa Na, Cl иондарының
түсуіне əкеледi, сонын салдарынан шырышты қабат жасушалары судан айырылады да диарея
дамиды.Нəтижесінде шырышты қабат астында iшек қуысына қарағанда осмостық қысым төмен,
ТТСС-1
эффекторлық
молекулалардың
экспрессиясы
төмендейді.
Сондықтан
ауру
симптомдарының дамуы үшін организмге сальмонеллалардың инфекциялануының үлкен дозасы
түсуi кажет. Простагландиндердiң қосымша жинақталуы жəне олардың lamina propria
жасушаларында
аденилатциклазаның
белсендiрiлуi,сальмонеллалардын
өлуi
нəтижесінде
жинақталған эндотоксиннің əсерiнен арахидон қышқыл сатыларының (каскадының) белсендiлiгi
артады.
Сонымен қатар сальмонеллалардың кейбiр сероварлары нəруызды энтеротоксин өндiредi, олар
жiңiшке ішек ұңғылдарындағы (крипталарында) эпителиалдық жасушаларында Са-тəуелдi
аденилатциклазаны тікелей күшейтеді, нəтижесiнде цАМФ деңгейi жоғарылайды, сулы-тұздық
балансы бұзылады жəне диарея дамиды.
Клиникалық көрiнiсi (сальмонеллездiң) дене қызбасы, іш өту, құсу (организмдi сусыздануға
əкеледi), қабыну нəтижесінде іш ауыруы дамуымен сипатталады.
Ішектiң лимфалық аппараттарының тосқауылдық функциясы бұзылған кезде үдерiстiң
генерализациялануы жүрiп, бактериемия туындайды. Нəтижесiнде сальмонеллалар əр түрлі ішкі
ағзаларға жəне сүйек кемiгiне таралады, екiншiлiк iрiңдi ошақтар (септикопиемиялык түрi)
қалыптасады. Сүзек тəрiздi түрiнiн пайда болу патогенезi iш сүзегі мен парасүзектегідей. Жүйелiк
түрi 5-10% жағдайда болады, негiзiнде иммунды тапшылыққа шалдыққан адамдарда кездеседі.