Тұқымдастығы:Togaviridae
Туыстастығы:Rubivirus
Вирионы сфера пішінді, диаметрі 60—70 нм. Вирустың геномы бір тізбекті плюс-жіпшелі
РНҚ-нан тұрады, ол сыртқы липид құрамды қабықшамен жəне куб типті симметриялы капсидпен
қоршалған, олардың беткейлерінде тікенекшелер болады. Вирионның құрамында үш нəруыз бар
— C, E1 жəне Е2,
соңғы екеуі гликопротеиндер, вирионның сыртқы қабатында орналасады.
Зертханалық диагноз қою. Қызамыққа зертханалық диагноз қою мыналарға негізделген:
мұрын-көмей шырышты қабатынан алынған шайындыдан, қаннан, несептен, сирек жағдайда
нəжістен жəне өлген балалардың ішкі ағзаларынан вирусты бөліп алу; науқастың қос
сарысуларында жəне туа біткен қызамықта жəне КППЭ-де жұлын сұйықтығынан антиденелер
табу; ПТР қою. Өйткені, вирусологиялық Əдіс күрделі жəне көп жұмыс атқаруды қажет етеді.
Қызамыққа диагноз қоюдың негізгі кешеніне ИФТ-мен вирусқа қарсы спецификалық
антиденелерді анықтау: спецификалық IgM немесе IgG-нің көбеюін табу (қос сарысуларда),
IgG-нің авидтілік индексін анықтау жəне Қызамық вирусының РНҚ-ын анықтау кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: