Есеп № 5. Жұқпалы ауруларбөліміне бірнеше оқушы, бір сынып оқушылары түсті. Қабылдау кезінде барлығының жағдайы ауыр, айқын менингиальды синдром, температурасы 40°С дəрігер эпидемиялық церебральды менингиттің өршуіне күдіктенді. Болжама диагнозды зертханалық растау қажет. 1. Эпидемиялық церебральды менингиттің қоздырғышы қандай, оның таксономиялық жағдайын
көрсетіңіз (тұқымдастығы, туысы, түрі). Морфологиясына, дақылдық жəне биохимиялық
қасиеттеріне сипаттама беріңіз.
Бұл қоздырғыш-менингокок Тұқымдас: Neisseriaceae Туыс:Neisseria Түр:Neisseria meningitidis,N. sicca, N. flavescens, N. muсоѕа,N. gonorrhoeae Neisseria туыстастығына 10-нан астам түрлер кіреді, олардың ішінен 2 түрі (N. meningitidis жəне N.
gonorrhoeae) адамдар үшін патогенді,қалғандары адамдар мен жануарлардың шырышты
қабаттарының қалыпты микрофлорасы. Менингококтар — домалақ пішінді грам-теріс
диплококтар. Қозғалмайды. Спора түзбейді. 4 типті пилилері болады. Табиғаты полисахаридті,
нəзік капсула түзеді.Менингококтарды алғаш рет 1887 ж. Вексельбаум ашты.Капсулалык
полисахаридті антигені бойынша менингококтарды 13 серологиялык топтарға (А, В, С, D жəне
баскалары) жiктейдi, ол топтар iшiнде жасушалык кабатының сырткы нəруыздын антигендерi
бойынша серологиялык варианттарын аныктайды.
Дакылдык жəне биохимиялык касиеттері. Катал аэробтар, капнофильдер. Нəруыз (сарысу, кан)
косылған коректік орталарда еседi.Тығыз ортада нəзік, түссіз, домалак колониялар түзедi. Канды
агарда гемолиз бермейді. 37 °С температурада өседі, 5% СО, бар жағдайда өсуін күшейтеді.
Биохимиялык белсенділігі төмен. Протеолитикалык касиетi жок. Оксидаза жəне каталаза-он.
Глюкозаны жəне мальтозаны кышкылға дейiн ыдыратады.
Н ПРО БҚМУ 703-08-2020. Бақылау-өлшегіш құралдары(аралық бақылау арналған).Бесінші басылым.
Ф ПРО ЗКМУ 703-08-2020. Контрольно-измерительные средства (для промежуточного контроля). Изданиепятое.
F PRO WKMU703-08-2020.
Measuring instruments (for intermediate control)
. Fifthedition.