Есеп № 15.
Жұқпалы аурулар ауруханасына Еділ бойымен теплоходпен саяхаттаған науқас түсті.
Клиникалық мəліметтер негізінде (науқаста "күріш сорпасы" түрінде жиі нəжіс болған)
болжама диагноз: «Тырысқақ» қойылған.
1. Тырысқақтың микробиологиялық диагностикасы үшін қандай əдістер қолданылады?
Диагностиканың негізгі əдісін сипаттаңыз.
Тұқымдасы: Vibrionaceae
Туыстығы: Vibrio
Түрі: Vibrio cholerae
Микробиологиялық диагноз қою қоздырғышты бөліп алып, сəйкестендіруге негізделген. Зерттеуге
алынатын заттар: Нəжіс, құсық массасы, тағамдық өнімдер, су, гидробионттар, қоршаған орта
нысандарының шайындысы. Алынған заттарды элективті қоректік орталарға, TCBS-агарға себеді,
соңынан элективті емес орталарда дақылдандырады, антигендік жəне биохимиялық қасиеттері
бойынша сəйкестендіреді. Қосымша салыстырмалы түрде сілтілі-пептонды суға сеуіп, содан кейін
TCBS-агарда
дақылдандыруға
болады.
Экспресс-диагноз
қою
үшін
НФР
жəне ПТР
пайдаланылады.
Есеп № 16.
Циль-Нильсен əдісімен боялған қақырықтың жағындысын микроскопиялық зерттеу кезінде
қақырықтың көк элементтерінің арасынан жіңішке рубинді-қызыл түсті таяқшалар
табылды.
1. Микроскопия арқылы алынған мəліметтер негізінде қандай микроорганизмнің болуын болжауға
болады? Бұл ауруды зерттеу үшін тағы қандай диагностикалық əдістер қолданылады, оларға
сипаттама беріңіз?
Бұл-туберкулез.
Тұқымдас:Mycobacteriaceae
Туыстастығы:Mycobacterium
Н ПРО БҚМУ 703-08-2020. Бақылау-өлшегіш құралдары(аралық бақылау арналған).Бесінші басылым.
Ф ПРО ЗКМУ 703-08-2020. Контрольно-измерительные средства (для промежуточного контроля). Изданиепятое.
F PRO WKMU703-08-2020.
Measuring instruments (for intermediate control)
. Fifthedition.
|