Тырысқақ қоздырғышына Vibrio cholerae түрінің өкілдері О1 жəне О139 серологиялық топтары
жатады. Vibrio cholerae түрінің ішінде негізгі 2 биоварын ажыратады: биовар cholerae classic, 1883
ж. Р. Кох ашқан жəне биовар EI-Tor, 1906 ж., Мысырда Эль-Тор карантиндік бекетте Ф. жəне Е.
Готшлихтар бөліп алған.
Морфологиясы.
Тырысқақ вибрионы үтір тəріздес грам-теріс иілген таяқша, ұзындығы 2-4 мкм,
қалыңдығы 0,5 мкм. Спора жəне капсула түзбейді; монотрих, қозғалысы өте күшті.
Дақылдық қасиеттері.
Тыныс алуы бойынша - факультативті анаэроб, дегенмен аэробты өсу
жағдайын қолайлы санайды, сондықтан сұйық қоректік ортаның беткейiнде үлбiр түзедi.
Тырысқақ вибрионы қоректік ортаға талғамсыз, қарапайым орталарда өсе алады. Оптималды
температурасы 37 °С жəне рН 8,5-9,0.Өсуiне оптималды жағдай жасау үшiн қоректік ортаның
құрамында 0,5% натрий хлориді болуы керек.1% пептонды су жинақтаушы қоректік орта болып
табылады, орта бетінде 6-8 сағат мерзiмде үлбiр түзедi. TCBS-орта элективті орта
(тиосульфат-цитратты сахароза-темiр құрамды агар) болып табылады,беткейінде сарғыш түстi
колониялар өседі. Сілтілі агарды жəне триптон-соялы агарды (ТСА) субдақылдандыру үшiн
пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: