Байланысты: Сынып жетекші әрекетінің қызыметтерін,міндеттерін зерттеу.
тоқсан бойына:
оқушылардың денсаулықтарын қорғау бойынша медицина қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды ұйымдастырады;
оқушылардың өзін-өзі басқару органына сынып ұжымы қызметін ұйымдастыруға көмектеседі (ағымдағы ұжымдық жоспарлау, істі ұйымдастыру және ұжымдық талдау);
сыныптың мектеп бойынша кезекшілігін ұйымдастыру (кезекшілік кестесі бойынша);
әлеуметтік педагогты, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын немесе директорды оқушылардың ауытқымалы мінез-құлықтары, оқушылардың мектеп ережесін өресел бұзғандығы, өз оқушыларын әлеуметтік қорғау қажеттілігі туралы дер кезінде хабардар етіп отырады, және сонымен қатар қажетті педагогикалық шараларды қолданады;
мектеп оқулықтарының жағдайына бақылау ұйымдастырады;
сынып оқушыларының қосымша білім беру бірлестіктеріне қатысымы жайлы ақпараттарды анықтап нақтылайды;
сыныптың ата-аналар комитетінің жұмысын ұйымдастырады (комитеттің жұмыс жоспарына сәйкес);
сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысына, тәрбие жұмысының мәселелеріне арналған семинар, кеңестерге, сынып жетекшісінің педагогикалық шеберліктерін арттырумен байланысты басқа да шараларға қатысады.
тоқсан соңында:
өткен тоқсандағы оқушылардың оқу және өмір сүру қызметінің қорытындысын шығаруды ұйымдастырады;
директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына сынып үлгерімі туралы есеп және толтырылған сынып журналын тапсырады;
каникул кезінде:
сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігінің каникул кезіндегі жұмысына қатысады;
оқу жылындағы сынып өмірінің қорытындысын шығарады және сынып белсенділерімен (өзін-өзі басқару) сыныптың есеп беру-сайлау компаниясын ұйымдастырады;
сыныптың оқу-тәрбие жұмысының барысы мен қорытындысына педагогикалық талдау жасайды және оны директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына (өткен жылдың оқу-тәрбие жұмысының есебі формасында) тапсырады;