Минералды шикізатты базасы



бет11/14
Дата21.05.2020
өлшемі1,12 Mb.
#70235
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Ауыр сұйықтардағы байыту
Флотациялық байыту

Флотация – бұл эмульсиялардың дисперсті фазасының тамшыларын шығару және ұсақ қатты бөлшектерден бөлу. Бұл байыту әдісі сұйықпен жұғылу қасиетінің түрлі болуына және фазалар шектерінің бетіне таңдамалы түрде жабысуына негізделген. Флотациялық байытудың өзі бірнеше тәсілге бөлінеді:

Қабықты – гидрофобты минералды бөлшектер су бетінде қалады, ал гидрофильді бөлшектері судың түбіне батады. Су бетінде орналасқан ұсақталған кен бөлшектерінің жұқа қабаты гидрофильді бөлшектері түсе бастайды.

Майлы – ұсақталған кен бөлшектерін су мен маймен араластырады. Сульфидті минералды бөлшектер маймен жұғылып, маймен бірге су бетінің үстіне шығып, маймен бірге алынады.

Көбікті – қатты-сұйық-газ (пульпа) ортасында өткізілетін байыту процесі. Мұнда қатты фаза ретінде ұсақталған кен бөлшектері, флотореагенттер, коллоидты бөлшектер болады; газ фазасы ауаның диспергирлеуші құрылығы арқылы өту нәтижесінде пайда болатын көбіктен тұрады. Көбікті флотациялық байыту процесінің мәні келесіде: газ көбіктері мен гидрофобты минералды бөлшектері сулы ортада кездесіп жақындаған кезде критикалы жуандық мәніне жеткенде оларды айырып тұратын сулы қабыты тұрақсыз болады және өз бетімен бұзыла бастайды. Бүгінгі күнге көбікті флотациялық байытудың бірнеше түрі белгілі:

- вакуумды – құрамында қатты бөлшектері бар сұйық газбен қанығады да, төмен қысым кезінде гидрофобты бөлшектер көбік түрінде бет үстіне шығып кетеді. Осылайша қоспа бөлшектері маңызды компоненттерден айырылады;

- флотогравитация – аралас флотациялық процесс болып саналады; мұнда ортадан тепкіш күш пен ауырлық күштер әсерінен қатты бөлшектердің бөлінуі өтеді;

- ионды – ерітінділерден маңызды және пайдалы компоненттердің бөлінуі; мысалы, суды тазартқан кезде өте жиі кездеседі. Жинағыш-флотореагенттермен әрекеттескен бөлшектер газ көбіктерімен бірге көбікке немесе ерітінді бет үстіндегі жұқа қабатына шығарылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет