Минералды шикізатты базасы



бет8/14
Дата21.05.2020
өлшемі1,12 Mb.
#70235
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Гидравликалық байыту

Гидравликалық байыту – бұл минералдарды тығыздықтары бойынша бөлу. Бұндай байыту түрі ауа немесе су ортадағы бөлшектердің қозғалу жылдамдығының әртүрлілігіне, ортадан тепкіш күштер мен гравитациялық күштер әсерінен бөлінуіне негізделген. Мұндай әдіс бойынша байытылатын барлық пайдалы қазбалардың жартысы өңделеді.



Тұндыру –белгіленген амплитудасы мен жиілігі болатын тігінен тербелетін турбулентті ағын ортадағы тордың бетінде орналасқан минералды бөлшектердің бөлінуі. Су ағымының әсерінен «төсек» (тор бетіндегі бөлшектерден құралатын қабат) уақыт аралықта кеуектеліп тығыздалады. Мұндай кезде түрлі тығыздық мәні бар бөлшектер биіктік бойымен өзара қимылдайды да, тығыздығы кіші бөлшектер үстіне қарай, ал тығыздығы төмен – астына қарай өтеді. Түзілген түрлі тығыздықұты қабаттар жекелеп концентрат пен қалдық түрінде алынады. Сулы ортадағы байыту порцесі гидравликалық тұндырғыш машиналарды өткізіледі. Олардағы ағын тербелісі судың толқуы әсерінен немесе тордың, поршеньнің, диафрагманың қозғалуы нәтижесінде жүреді. Бөлінген минералдың жеңіл фракциясы су ағынымен әкетіледі, ал ауыр – егер ұсақ бөлшектер болса тор астымен өтіп, егер ірі бөлшектер болса тор үстімен өтіп резервуарда жиналады.

Ауа ортадағы байыту процесі пневматикалық тұндырғыш машиналар менсепараторлар көмегімен өткізіледі. Меншікті өнімділігі жоғары, энергиялық сыйымдылығы төмен, қолданылатын құрылғылардың қарапайым болуы есебінен тұндыру процесі экономикалық тұрғыдан қарағанда тиімді болып саналады..



Ауыр ортадағы байыту процестері шикізат компоненттерінің тығыздықтарының әртүрлілігіне негізделген. Ауыр бөлшектер малтығады, ал жеңіл – ортаның бетіне қалқып шығып, арнайы қалақтармен алынады. Ауыр орта ретінде бейорганикалық тұздар (кальций мен цинк хлоридтері) суспензияларын, органикалық сұйықтықтарды қолданады. Өндірісте көбінесе суда ілінген жұқаұсақталған қатты бөлшектер (1 мм-ден кіші) немесе ауырлатқыштар (мысалы, көмірді байыту кезінде ауырлатқыш ретінде магнетит) қолданылады.

Столдарда байыту – шайқалып қозғалатын (оңнан солға-солдан оңға) еңкейген арнайы стол (деке) бетінің үстінде ағып тұратын жұқа су ағынында минералды бөлшектердің тығыздықтары (кейбір кезде пішіні) бойынша бөлуі. Алдын ала бірнеше кластарға бөлінген материалдардың арнайы столарда бөлінуі аса эффективті болады. Столдың бетін линолеуммен, резинамен, пластикпен және басқа материалдармен жабылады. Оның үстіне параллельді орнатылған ағаш планкалар орнатылады.

Винтті аппараттарында байыту процесі еңкейіп тұрған винт түріндегі желоб бетінде ағып тұратын су ағынында өтеді және түрлі тығыздықты минералды бөлшектер ортадан тепкіш күш, ауырлық күш, ағынның гидродинамикалық күш пен үйкеліс күш әсерінен бөлінеді. Жеңіл бөлшектер өте үлкен жылдамдықпен қозғалады да су ағынының сыртқы жағына қысылады да, ал ауыр бөлшектер желоб түбінінде жеке бөлек жол түрінде жылжып, су ағынының ішкі бортынан кетеді. Алғашқы екінші және үшінші витоктардан концентратты арнайы қалақтармен алады, ал келесі витоктардан аралық, соңғы витоктардан (желобтың төменгі жағынан) қалдықтар алынады.

Конус пішінді және ағынды сепараторларда байыту – өндірісте жаңа әдіс болып саналады. Сепаратордың негізгі элемент ретінде қабырғалаары белгіленген бұрышта орналастырылған желоб болады. 15-200 бұрышында орнатылған желобқа кіретін пульпа қозғалыста тығыздық мәніне және бөлшек өлшеміне байланысты бөліне бастайды. Ауыр бөлшектер ақырын ағып тұрған пульпаның төменгі бөлімінде концентрленеді, ал жеңіл бөлшектер үлкен жылдамдықпен үстіңгі қабатқа кетеді. Желобтың соңында оның қабырғалардың қысаңдағандықтан ағын биіктігі жоғарылайды. Бұның салдарынан биіктік бойымен бөлінген бөлшектерді бірнеше өнімдерге бөлуге мүмкін болады, ондай өнімдер бір-бірімен аса айырықшаланады.

Қисықсызықты ағындарда байыту – ортадан тепкіш әсерінен қисық ағындарда, яғни бөлшектер жылдамдық векторларының және бөлгіш орталар (су немесе ауа немесе т.б. газ бен сұйықтықтар) веторларының қарама-қарсы қозғалу кезінде жүретін процесс. Операцияны шнекті сепараторларда өткізіледі. Мұндай сепараторларда қисықсызықты ағын аппарат корпусынан және айналатын шнектен құралған спираль тәрізді каналда түзіледі. Ортаны, мысалы сұйық, ағынның бұрыштық жылдамдығының векторлары шнектің айналуына сәйкестіріп береді. Нәтижесінде материалдың ортадан тепкіш жылдамдатуы бөлгіш ортаға қарағанда кіші кіші болады, яғни ол тез «ауырлайды». Бөліну тығыздығына қарағанда төмен болатын бөлшектер бет үстіне шығып, бөлгіш орта ағынмен желоб жағына әкетіледі. Ал ауыр бөлшектер шнек арқылы желобқа жіберіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет