Шикізаттың қор категориясы
Қара металдар
Түсті және легирленетін металдар
Сирек элементтер
Сирек жерлік металдар
Асыл металдар
Металдық емес пайдалы қазбалар
Отын-энергетикалық шикізат
Шикізаттарды өңдеуге әсер ететі эконокалық факторлары
Қазіргі кездегі тау-кен орындар өндірісінің жағдайы
Екіншілік минералды шикізат пен оның силикатты құрылыс материалдар өндірісіне және экологияға тиетін әсері мен маңызы
Өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада және т.б жағдайларда қолданылатын минералды тұздардың ассортименті өте көп.
Минералды тыңайтқыштар деп құрамында өсімдіктер мен жоғары өнімді жемістердің өсуіне ықпал ететін тұздар мен басқа да өнімдерді айтады. Тыңайтқыштың көп мөлшері топырақтың астына еңгізіледі. Кейбір тыңайтқыштар өсімдік тамырының астына себіледі.
Өсімдіктің пайда болуы, өсуі және дамуында көптеген химиялық элементтер қатысады.
Оның ішінде 90 % құрғақ өсімдік заттарын түзетін көмірсутек , оттегі, және сутегі 8-9% өсімдік массасын азот , фосфор , магний, күкірт, кальций, калий, және т.б. құрайды.
Оттегі мен көміртегі және сутегінің көп мөлшерін өсімдік ауадан , судан және қалған элементтерден алады.
Өсімдік минералды тамақтануында ақуыз құрамындағы азот маңызды рөл атқарады. Өсімдік ақуызында 15,5-18 % азот болады. Азот хлорофилл құұрамына кіреді, оның көмегімен өсімдік атмосфера көмірқышқыл газының және күн энергиясының көміртегін қабылдайды. Аммоний тұзынан азот жақсы қолданылады. Азотты тыңайтқыштардың негізгі формасы болып: аммиакты (аммоний тұзы – сульфат, хлорид, фосфатттар және т.б.), нитратты (азот қышқылының тұздары – кальцилі, натрий селитрасы), аммиак- нитратты (NH4NO3 ) және амидті (карбамид және т.б.).Барлық азотты минералды тыңайтқыштар суда жақсы ериді және топыраққа жақсы енеді.
Фосфорлы қосылыс өсімдіктің тыныс алуына және көбеюіне маңызды. Р2О5 пен санағанда кейбір өсімдіктерде фосфордың құрамы 1,6% құрайды. Фосфорлы тыңайтқыштардың өсуінде фосфор қышқылының тұздарының ерігіштігі топырақтың қабілетіне байланысты. Соның ішінде топырақтың қышқылдылығына байланысты. Фосфорлы тыңайтқыштардың құрамын Р2О5 санайды. Өсімдіктердің өсу процесінде калий үлкен рөл атқарады. Ол өсімдіктің сулы режимін жақсартады және зат алмасуына әсер етеді. Өсімдікке калийдің құрғақ затының мөлшері 4-5 % жетеді, ал жапырағында 30-60% болады. Өсімдікте калийдің жеңіл сіңіуінің 3 формалы қосылысы бар 1)су еріткіш калий; 2)алмасу калийі, яғни, ионалмасу процесінің нәтижесінен ертіндіні топыраққа айналдыру; 3)алмаспайтын, сусыз силикаттың құрамына кіретін, онда калий өсімдіктен аздап және ақырын алынады. Калийдің тыңайтқышта болуын К2О санағымен көрсетеді.
Кальций өсімдікте минералды тұздар және органикалық қышқылдар түрінде кездеседі. Ол тамырлы жүйенің өсуіне ықпал етеді. Кальцийді топыраққа фосфоркальцийлік тыңайтқыш ретінде еңгізеді.
Магний көбінде өсімдіктің жасыл жерлерінде болады. Ол хлорофилл мен фитиннің құрамына кіреді, ол өсімдіктің тотықсыздандыру процесін жүргізуде , көміртегінің пайда болуына және фосфордың минералдыдан органикалық қосылысқа өтуіне әсер етеді. Магний топырақта алдымен силикат және алюмосиликат түрінде және т.б. формаларында кездеседі. Магний тыңайтқышы ретінде доломит, магнезиалды фосфат, магний калийлі минерал және т.б. тұздар болады.
Күкірт ақуыздың құрамында және эфир майында болады . Ол топыраққа мынадай тыңайтқыштар ретінде кіреді: калий сульфаты, магний.
Темір катализатордың рөлін атқарады. Хлорофиллдің және өсімдіктің тыныс алуында ферменттердің құрамына тотығу - тотықсыздану процестерін жүргізеді. Топыраққа темірдің жеткілікті болуынан темір тұздарын тек кейбір жағдайларда тыңайтқыш ретінде қолданады. Өсімдіктің өсуіне қажетті элементтер құрамы өте кішкентай және оның өсуіндегі ауыр процестерді микроэлементтер деп атайды. Оларға бор, марганец, мырыш, кобальт, иод және т.б. Осы элементтер бар тыңайтқыштарды микротыңайтқыштар деп атайды.
Бұл тыңайтқыштардың маңызы аса зор, өйткені ферменттің құрамына кіретін микроэлементтің жетіспеушілігі : дәрумендердің, ақуыздың, гармондардың, зат алмасуды бұзады және өсімдіктерді ауыр ауруға шалдығуына әкеледі.Сондай – ақ өсімдіктерде болатын тотығу- тотықсыздану процестеріне микроэлементттер үлкен әсерін тигізеді.
Маңызды топты ультрамикроэлементті алуға болады, сонымен қатар радиоактивті заттар.
Кейбір элементтер , мысалы, кальций, күкірт, темір олар топырақта көбінесе өсімдікке жеткілікті күйде болады. Ал басқа элементтер, әсіресе азот, фосфор, калий өсімдіктің қоректенуіне аса қажет. Қоректену элементі топыраққа жартылай табиғи жолмен қайтарылады.
Азот өсімдік клеткасының тобы органикалық формада болады. Ол шірігенде жартылай аммиакты және нитратты формаға ауысады және қайтадан өсімдікке сіңеді. Бірақ бұл процестер баяу жүреді және қажетті қоректену элементі топыраққа бармайды. Олардың жартысы топырақтан грунтты су арқылы шайылып, жарамсыз болады. Сондықтан қоректену элементінің қорын топыраққа тыңайтқышпен толтыру қажет.
Егер қоректену затының кішіреюі топырақта тыңайтқыштың орнын толтырмаса, онда топырақ әлсірей бастайды. Ол астық өнімділігінің төмендеуіне әкеледі. Сондай - ақ ол топырақ құрамында көп мөлшерде қоректенуге қажетті элементтердің болуы. Өйткені астық өнімділігі жалпы небары топырақ қорының мөлшеріне емес, оған қажетті бір ғана бөлшегіне тәуелді.
Өнімділіктің жоғары болуынан оның топырақ қоректену затының шыдамдылығы көп болады.
Егер топыраққа тыңайтқышты толық мөлшерде еңгізсе (құрамында азот, фосфор, калий) астық өнімділігі 1,5-2 есе жоғарлайды. Орташа есеппен алғанда астық өнімділігінің қосылуы тыңайтқыштың 40 % құрайды.
Егу алаңындағы 1 га себілген тыңайтқыштың мөлшері ауыл шаруашылығы тәжірибесінде келесі сандарды көрсетеді: азотты тыңайтқыштар – 30 дан 300 кг азот, фосфорлы 45 тен – 200 кг Р2О5 , каллийлі – 40тан 250 кг дейін К2О. Қазіргі кезде тыңайтқыштың мөлшерін көбейту жағдайлары қарастырылуда.
Микротыңайтқыштар топыраққа аз мөлшерде еңгізіледі. Мысалы, талшық өнімінің және зығыр тұқымының жоғарлауына талшықтанған және әк тасты топыраққа 30% 0,5 кг борды 1 га еңгізу қажет.
Микротыңайтқыштар ретінде таза микроэлементтер тұзын қолдану маңызды емес. Мысалы, мыс, марганец, мырыш, бор оларды табиғи минералдармен және өндіріс қалдықтарымен алмастыруға болады. Сондай- ақ микроэлементтің бастауы болып пирит тұқылы, құрамында мыс және т.б. металдар, бор қосылысы өндірісінің бор қрамды қалдығы, марганец рудасының байыту шламдары және т.б. бола алады.
ІІ бөлім. Кендерді байыту және өңдеу
Достарыңызбен бөлісу: |