Минералды шикізатты базасы


Темір – жалтырлайтын, ақ-күмісті түсті, тұтқыр және тағалатын металл



бет3/14
Дата21.05.2020
өлшемі1,12 Mb.
#70235
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Темір жалтырлайтын, ақ-күмісті түсті, тұтқыр және тағалатын металл.

Құрамы бойынша темір металлургиялық өндірісіне байыту процесінсіз жіберілетін табиғи бай және байытуды талап ететін кендерді бөледі. Оның ішінде бай кендер доменді және мартенді топтарға бөлінеді.

Доменді кендер доменді шихтаға енгізу үшін қолданылады, оның 70-75 % ірібөлікті (10 – 100 мм) болуы керек. Магнетитті және гематитті кендеріндегі темір мөлшері 50 % артық, гидрогетитті – 45 % артық, зиянды қоспалардың мөлшері: күкірт – 0,3 %, фосфор – 0,3 %, мыс – 0,2 %, күшәла – 0,07 %, цинк пен қорғасын – 0,1%, қалайы – 0,08 %.

Мартенді тобына магнетитті, гематитті, гидрогетитті және аралас кендер кіреді. Олардың құрамында 57 % темір құрайды; зиянды қоспалардың мөлшері: кремнезем – 5%; күкірт пен фосфор – 0,15%, мыс, күшәла, цинк, қорғасын, никель мен хром – 0,04 %.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет