Мінез-құлық және эмоционалдық бұзылыстары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы


Аутист бaлaлaрғa aрнaйы көмек көрсету



бет4/4
Дата26.10.2023
өлшемі71,37 Kb.
#188458
1   2   3   4
Байланысты:
Срсп 7. Тамара Д. ҚТӘ1.3

Аутист бaлaлaрғa aрнaйы көмек көрсету. Зерттеулер уaқтылы түзету көмегі көрсетілген жaғдaйдa aутист бaлaлaрдың 60 пaйызы жaлпы білім беру бaғдaрлaмaлaры бойыншa, 30 пaйызы aрнaйы білім беру бaғдaрлaмaлaры бойыншa оқуғa қaбілетті болaтынын, aл 10 пaйызының отбaсындa əлеуметтену мүмкіндіктері бaр екенін көрсетеді. Бірaқ ерте түзету көмегі көрсетілмеген бaлaлaрдың 75 пaйызы əлеуметтік ортaғa бейімделе aлмaйды, 22-23 пaйызы шaмaлы бейімделеді, тек 2-3 пaйызы ғaнa əлеуметтік бейімделудің қaжетті деңгейіне жетеді.
Қaзіргі уaқыттa ерте бaлaлық шaқ aутизмін түзету əдістері əр түрлі. Солaрдың бірі – негізі бихевиористік психология болып тaбылaтын оперaнтты оқыту, яғни мінез- құлықтық емдеу. Бұл түзету əдісі АҚШ-тa жəне бaсқa дa елдерде кеңінен тaрaғaн. Әдістің негізі қaжетті қылықты, əрекетті қaлыптaстыру үшін aрнaйы түрде сыртқы жaғдaйлaрды қaмтaмсыз ету; бaлaны əлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу, сөйлеу тілін дaмыту, оқу немесе еңбек дaғдылaрынa үйрету. Бұл əдіс бойыншa оқытылғaн бaлaлaрдың 50-60 пaйызы жaлпы мектеп бaғдaрлaмaсын меңгере aлaды; кəсіптік немесе жоғaры оқу орындaрындa оқуын жaлғaстырa aлaды.
Эмоционалды–еріктік аймағында, сонымен қатар ерте балалық шақ аутизміне шалдыққан балаларды жалпыға білім беру мектебінде оқыту шарттары
Эмоционалды–еріктік аймағында бұзылыстары бар балалар жалпыға білім беру мектептерінің арнайы сыныптарында немесе арнайы психологиялық-педагогикалық қолдаудың көмегімен, жалпыға білім беру мектебінің қалыпты сыныбында оқи алады.
Коммуникативтік және әлеуметтік даму мүмкіндіктері сақталған оқушылар арасында, оларды мектепте оқуға толық бейімдеу мен интеграциялау үшін, кешенді психологиялық-педагогикалық жұмыс жүргізу қажет.
Ерте балалық шақ аутизмі синдромы – психикалық дамудың зақымданған нұсқасының клиникалық моделі. Мұндай жағдайда кейбір психикалық қызметтері баяу, ал басқалары өте тез дамиды. Нақты өмірден қашу, сыртқы әсерлерге жауаптың жоқтығы немесе парадоксалдылығы, қоршаған ортамен байланыста белсендігі төмен немесе жоғары деңгейлі сезімталдық - аутизм деп аталады (К.С.Лебединская).
Жеке тұлғаның аутисттік бұзылыстарының клиникалық-психологиялық-педагогикалық мінездемелері күрделі, көпбейнелі. Л.Н.Каннер бойынша ЕБА синдромының негізгі көрсеткіштері болып, үш түрлі симптомдардың бірлесуі табылады: аутизм аутисттік уайымдармен; стереотиптік ұстамдылық элементтерімен бір типті іс-әрекеттер; тілдік даму бұзылыстарының ерекшеліктері. Аутизм 3-5 жаста өте анық көрініс табады.
Мұндай диагнозы бар балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы жалпыға білім беру мектептерінде, жалпы мектептердің арнайы сыныптарында, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелерінде тұрады. Қазақстан Республикасында ерте балалық шақ аутизмі бар балаларды оқыту, әлеуметтендіру мәселелерімен «Ашық әлем» қоғамдық ұйымы айналысады.
Көп жағдайда ата-аналар баласының бір жерде отырмай, көп қозғалып, асығып-үсігіп жүретіндігін, айналып жүретіндігін және басқа балалар мен ересектерге кедергі келтіре отырып, қатты сөйлейтіндігін көріп жатады. Бұндай балалар өз қозғалыстарында икемсіз болады және қозғалыс координациясы мен бұлшықеттік бақылау әлсіз болғандықтан барлығын түсіріп, сындырып, жиі сүрініп, құлай беретін болады. Бұндай балалар әдетте бір нәрсеге ойларын жинақтай алмайды, не болса соған алаңдап, сұрақты өте көп қойып, жауабын тыңдамастан, кейіннен тағы да тез жалығатын басқа істерді бастап кетеді. Осылардың барлығы қысқа уақыт аралығында болып жатады. Кейде осындай баланың энергиясы бірнеше адамға жететін секілді көрінеді. Сондықтан оларды гипербелсенді деп атайды. 
Ата-аналар баласының аса жоғары белсенділігінің бірінші белгілеріне сәби кезінен-ақ ұшырасуы мүмкін. Әрине, энергиясы шамадан тыс асып , желігіп тұрған кез-келген баланы жүйке жүйесінің бұзушылығы бар немесе ауруы бар балалар санатына жатқызуға болмайды. Егер балалар кей-кейде қырсығып немесе айтқанды істемей жатса – бұл бірқалыпты жағдай. Мысалы, ұйықтайтын уақыт болғанда балалар төсек үстінде жүгіріп, ұйқыдан ерте тұрып алса немесе дүкенде наз көрсетіп, жүріп алса бәрі нормаға сәйкес жайт. Алайда ата-аналар осы жағдайды өз бетінше жоя алмай, бала ашулы және импульсивті халде қала берсе, онда мамандарға жүгіну қажет болады.
ГЗЖБ көптеген балаларда кездеседі (әр түрлі зерттеулердің деректері бойынша шамамен осы белгіден сәбилердің 10 % зардап шегеді) және бұл белгі олардың әлеуметтік бейімделуіне кедергі етеді . Осы белгі қыздарға қарағанда ұлдарда 4-5 есеге жиі кездеседі. ГЗЖБ бастапқы пайда болуын кейде бала өмірінің бірінші жылында-ақ байқауға болады. Бұндай балалар әр түрлі қоздырғыштарға (мысалы, жасанды жарыққа, дыбыстарға, баланың күтіміне байланысты анасының әр түрлі әрекеттеріне т.с.с) аса сезімтал болады, олар қатты жылаумен, ұйқысының жиі бұзылуымен (әрең ұйықтайды, аз ұйықтайды, сергектігі басым) айрықшаланады, қимыл-қозғалыстық әрекеттерінде аздап қалыс қалушылық байқалуы, (1-2 ай кейін аунап, еңбектеп, жүре бастауы мүмкін), сондай-ақ кеш сөйлеуі мүмкін, олар инертті, пассивті және айтарлықтай эмоционалды болмайды.
ГЗЖБ пайда болуы 
Зейінсіздік:
  • Бұндай бала кез-келген тапсырманы (мектепте, балабақшада) орындау кезінде өзі қателіктер жіберіп алған жерге зейінін салуға қабілетті болмайды;
  • өзіне айтылған сөзді тыңдамайды және басқалардың сөздері мен ескертулерін мүлдем елемейтін секілді әсер береді;
  • бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізбейді және өзіне ұнамаған жұмысқа наразылығын осылай білдіретін болады, сондай-ақ, ол жұмыс ережелерін біліп, оларды ұстануға тырыспайды;
  • өз қызметін ұйымдастыру кезінде үлкен қиындықтарды сезінеді;
  • ұзақ күрделі ақыл жұмысын қажет ететін тапсырмалардан барынша аулақ болуға тырысады;
  • мектепте және үйде қажет болатын заттарын жиі жоғалтады: анасы  алдын-ала барлығын жинап, салып берген болса да балабақшада қалпағын, сыныпта қаламын немесе күнделігін таба алмай жүреді.
  • сыртқы ынталандырмаларға оңай алаңдап кетеді;
  • үнемі бірдеңені ұмытып жүреді.

Гипербелсенділік:
  • бала тынышсыз, мазасыз, себепсіз қолды, аяқты көп сермей береді, орындықта шайқалақтайды, үнемі артына қарай береді;
  • орнында ұзақ отыра алмайды, рұқсатсыз ұшып тұрады, сыныпта ерсілі-қарсылы жөнсіз жүре береді және т. б.;
  • бұндай баланың әдетте қозғалу белсенділігі белгілі бір мақсатқа ие болмайды. Ол жай ғана жүгіріп, айналып, көтеріліп, кейде қауіпті болатынына қарамастан бір жерге мініп алуға тырысады.
  • тыныш ойындарды ойнай алмайды, демалып, тыныш отыра алмайды, белгілі бір нәрсемен айналыса алмайды, көп сөйлейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет