Эндопсихика ретінде негізгі психикалық функциялардың бүтін жиынтығын түсінеміз (алғырлық, ес, зейін, ойлау, қиял, аффективтілік (қызбалық),ерік,моторика).
Экзопсихика адамның сыртқы объектілерге, ортаға, тұлғаға қарсы тұратынның барлығына және тұлғаға қандай да бір қатысы бар болуы мүмкін барлық нәрсеге қатысты қатынастан тұрады.
А. Ф. Лазурский бойынша мінездер психикалық деңгей шамасыүш тпоқа бөлінеді.
Ең төменгі деңгейді «бейімделе алмағандар» құрайды.
Орта деңгей «бейімделгендер» арқылы берілген.
Жоғарғы деңгей («бейімделіп жатқандар»).
Э. Фромм
мінезді ассимиляция (заттарға ие болу) және әлеуметтену (адамдармен арадағы қарым-қатынас) процестерінде адам энергиясының өткізгіші қызметін атқаратын форма ретінде анықтайды
Әлеуметтік мінез деп ол белгілі бір әлеуметтік топтың көп бөлігінің бойында бар әрі оларға ортақ болып келетін уайымдар немесе ортақ өмір сүру салты нәтижесінде пайда болатын мінез белгілерінің жиынтығын айтады.
Әлеуметтік мінез деп ол белгілі бір әлеуметтік топтың көп бөлігінің бойында бар әрі оларға ортақ болып келетін уайымдар немесе ортақ өмір сүру салты нәтижесінде пайда болатын мінез белгілерінің жиынтығын айтады.
Э. Фромм бойынша мінез типтері
Өнімсіз рецептивті
Адам өмірдегі жақсының бәрі одан тыс орналасқан және қалағаныңа қол жеткізудің жалғыз жолы сыйға алу деген көзқараста болады.
Барлық құндылықтар мен ізгіліктердің көзі сыртқы әлемде деген көзқараста болып, өздерін жасампаздыққа қабілетсіз деп есептейді. Алайда бұл жағдайда ізгіліктерге ие болу әдісі басқа – оларды күшпен алып, иемденіп, ұрлап алу керек (өмірдің барлық сфераларында). Олар мойындайтын жалғыз шындық – күш шындығы.
Өнімсіз пайдақор сипатта
Бұл адамдар өмірден жаңа, бағалы бірдеңе аламын деп көп үміттенбейді. Олар үшін қолда барды жоғалтып алу қаупі көбірек. Кез келген шығын (күш, энергия, менталды қабілеттер, эмоциялар) қауіпсіздікке төніп тұрған қатер ретінде қарастырылып, мінез-құлықтың оңды әдісі ретінде пайдакүнемдік пен үнемшілідік көріледі.
Өнімсіз нарықтық сипатта
Мінездің осы типі біздің заманымызда қалыптасты. Оған өзін-өзі, өз құнын «тұлғалық нарықта» айырбас тауары ретінде көру тән болып келеді. Адамның «пайдалы құны» маңызды болмай (шеберлік + тұлғалық қасиеттер) сұраныс, «қаптама», өзін-өзі «ұсынып, сата білу» қабілеті мен тұлғалық нарықта сұранысқа ие болу маңыздырақ.
Өнімді
Адам өнімді іс-әрекетте өз қабілетін іске асырып,
дамытушы жасампаз ретінде. Бұндай мінездің мәні
Неміс психиаторы К. Леонгард қалыпты адамның мінез-құлқының айырықша белгісін “мінездің екпіндеуі” деген терминмен белгілеген. К. Леонгард мінездің кейбір өмірге қиындық туғызатын сипаттарын ғана көрсетті. К. Леонгард еңбегін Санкт – Петербург зерттеушісі Личко толықтырды. Ол акцентуацияның 12 түрін көрсетті. Көбінесе К. Леонгард классификациясын мінезі әлі қалыптаспаған жеткіншектермен жұмыс жасағанда қолданады.