- Гипертимді тип. Ондай адамдар қарым-қатынасқа тез түседі, сөзшең, мәнерлі Мұндай адамдар сөйлеу барысында алғашқы тақырыптан жиі ауытқиды. Бұл типті адамдар қақтығыстарды өздері жасайды, бірақ басқа адамдар ескертпе жасайтын болса, оған қапаланады.Жағымды жақтары: адамдармен қарым-қатынас жасау барысында, әрекет жасауға деген ұмтылыс, оптимизм, белсенділік. Жағымсыз жақтары: өмірге жеңіл қарау, жағымсыз әрекеттер жасауға бейімділік, жоғарғы қозушылық, өзінің міндеттеріне жеңіл қарау.
- Дистимді тип. Мұндай адамдар қарым – қатынасы төмен, көп сөйлемейтін,көңіл – күйі пессимизмге толы. Олар көбінесе үй адамдары, шулы ортадан аулақ болады, шуды көтере алмайды, басқа адамдармен қақтығыстарға аз түседі, тұйықталған, шектелген өмір жағдайында болады. Олар өздерімен қарым – қатынасқа түскен, дос адамдарды өте қатты сыйлайды, оларға бағынады. Жағымды жақтары: шыншыл, тиянақты, адал. Жағымсыз жақтары: пассивтілік, ойлаудың ақырын болуы, жекелік, қимыл-қозғалысы баяу.
- Циклоидты тип.Көңіл-күйі лезде өзгереді, сондықтан оның адамдармен қарым-қатынасы да осыған байланысты өзгеріп отырады. Көңіл-күйі жоғары болған кезде ол басқа адамдармен тез қарым-қатынасқа түсетін болады, ал егер көңіл-күйі төмен болатын болса, онда адамдармен қарым-қатынасқа түспей, тұйықталып қалады.
- Қызба тип. Бұл типті адамдардың басқа типті адамдармен қарым-қатынасы өте төмен, вербалды және вербалды емес реакциялары баяу.Қарым-қатынас кезінде қақтығыстарға, ұрсысу, жаман сөздер айтуға қыңыр болады. Эмоционалды көңіл-күйі жақсы жағдайда олар өте адал, шыншыл, жануарларды, кішкентай балаларды жақсы көретін ұқыпты адамдар.
- Тежелуші тип. Қарым-қатынас шектеулігімен, қыңырлығымен, көп сөйлемейтіндігімен сипатталады. Кек сақтағыш осыдан барып жабысқақ ойлар пайда болуы мүмкін.
- Педантты тип. Бұл типті адамдар қақтығыстарға сирек түседі, түскен жағдайда қақтығыстарда пассивті рөл атқарады. Жұмыста ол өзін бюрократ ретінде көрсетеді. Әріптестеріне шектен тыс талаптар қояды. Сонымен қоса, басшылықты басқа адамға да ұсына алады. Жағымды жақтары: шыншылдық. Істегі беріктілік, жауапкершілік, ұқыптылық. Жағымсыз жақтары: формализм, көп сөйлегіштік, мылжыңдық.
- Қобалжушы тип. Көңіл-күйі минорлы, өзіне-өзінің сенімі аз, қарым-қатынас төмндігі, ұялшақтығымен сипатталады. Жағымды жақтары: достықты жақсы көретін, өзіне-өзінің сын көзбен қарауы жоғары, тиянақтылығымен сипатталады. Жағымсыз жақтары: өзі-өзіне сенімсіз, өзінің қабілеттілігін бағаламайды, ұялшақ. Жауапкершілікті талап ететін істен қорқады.
- Эмотивті тип. Бұл типті адамдардың қарым-қатынас шеңбері өте тар.Реніштерін ішінде сақтайды, сыртқа шығамайды. Көңіл-күйі лезде себепсіз өзгеріп отырады. Айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста болуға бейім.Мейірімді, біреудің қайғысына ортақтаса алады, парыз, қарыз сезімдері шамадан тыс көп болады, бастаған істі аяғына дейін жеткізеді.Сезімтал, жылауық болады.
- Демонстративті тип. Қарым-қатынасқа тез түсушілігімен, басшылыққа ұмтылумен сипатталады, басқалардың өзін үнемі мақтауымен сипатталады. Эгоцентризмді ерекше бағалайды.Жағымды жақтары: , басқаларды ұйымдастыра алушылық, өздерінің идеяларына басқаларды сендіре алушылық. Жағымсыз жақтары: өзімшіодік, жұмыстан қашу, жалқаулық, мақтаншақтық, жағымпаздық.
- Экзальтивті тип. Қарым-қатынас жоғарылығымен, сөзшеңдігімен, махаббатқа тұрақсыздығымен сипатталады. Бұл типті адамдар жиі пікір таластырады, бірақ ашық қақтығыс жағдайына әкелмейді. Өздерінің жақын туыс, достарына адал, өте сезімтал. Басқалардың қайғысына ортақтасатын, талғамдары жоғары, сезімдері терең, адал, тұрақты. Көңіл-күйі тез өзгеріске ұшырайды, байбаламға түсушілік.
- Экстравертті тип. Бұл адамдардың қарым-қатынас аймағы өте кең, достары өте көп,сөзшеңдігі мылжыңдыққа ұласатын, кез келген информацияны қабылдауға даяр, қақтығысқа сирек түсетін, түскен күнде пассив рөл атқарушы адамдар. Достарымен қарым-қатынаста, жұмыс бабында, жанұяда басшылықты басқаларға ұсынады. Оларға бағынады, солардың көлеңкесінде, қалтарыста қаоғанды ұнатады. Басқалардың айтқанын шыдамдылықпен аяғына дейін тыңдай алады, бастаған істі аяқтайды, өзінен сұраған барлық істі тиянақтылықпен атқарады. Басқалардың ықпалына тез түседі, жеңілтек, қйын-сауыққа құмар, өсек, әртүрлі сөздер таратуға құмар.
- Интравертті тип. Жоғарғы типке қарама-қарсы тип. Қарым-қатынас аймағының тарлығы, шындық, өмірден бөліну, тұйықтық, пәлсапалыққа құмарлық. Бұндай адамдар жалғыз болғанды ұнатады. Егер өзінің жеке өміріне қол сұғатын болса, қақтығысқа түседі. Басқа адамдарға байланыс қатынасы әлсіз, эмоционалды суық идеалистер. Жағымды жақтары: принципшілдік, айтқанынан қайтпау, тұрақтылық, сөзіне беріктілік. Жағымсыз жақтары: ойдың регидтілігі, өзінің айтқанын шамадан тыс жақтау, шамадан тыс беткейлік. Мұндай адамдар барлық жағдайда өздерінің көзқарасын білдіреді. Көзқарастары кей жағдайда дұрыс болмаса да айтқандарынан қайтпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |