Мінездеме



Дата04.04.2022
өлшемі41,5 Kb.
#137908
Байланысты:
Мінездеме балаға.doc





Даму интеллектуалдық қабілеті төмен балаларға арналған №7 арнайы (түзету) мектеп-интернатының 2 «А» сыныбына

Мінездеме

2 «А» сынып оқушылары 13.01.2020-23.02.2020 аралығында бақылауға алынды. 2 «А» сыныбының сынып жетекшісі – Абдиева А.Қ. 2«А» сыныбының жалпы бала саны – 12, ал күнделікті жиі келетін есеппен сыныптағы бала саны – 7-10. Сыныпта 4 қыз бала, 8 ер бала. Сыныптағы оқушылардың басым бөлігі 9 жаста. Сынып оқушыларын қабылдауына қарай: түсініп ажырата алады, түсінеді, көмек қажет етеді, мұғалімнің көмегі арқылы жұмыс істейді деп 4 топқа бөліп қарастыруға болады. Түсініп, ажырата алатын – 3 оқушы (Қайсар, Рада, Сұлтана), түсінеді, білуге тырысатын бала саны – 4 (Дамир, Ануар, Асем, Алдияр), көмек қажет етеді, бірақ қабылдауы, түсінуі баяу бала саны – 3 (Ислам, Дарын, Жанель). Мұғалімнің көмегі арқылы жұмыс істейтін бала сана – 2 (Қудайберген, Әлмұхаммед).


Балалардың оқу қызметін ұйымдастыруға 40 минут жоспарланады. Сыныптағы балалардың барлығы дерлік мінездері ашық, жайдары. Қарым-қатынасқа оңай түседі. Оқу үрдісі барысында көпшілігі белсенділігін көрсетіп, сұрақтарға жауап беріп, қызығушылықпен қатысты.
Осы 6 апталық педагогикалық тәжірибе университет қабырғасында алған теориялық білімімді бекіте түсуге септігін тигізді. Бұл маған кәсіби тұрғыда сенімімді нығайтып, мамандық таңдауда қателсепегеніме көз жеткізуге дәлел болды. Тәжірибеде балалармен тығыз қарым-қатынасқа түсу арқылы мол тәжірибе алып, болашақ маман ретінде мамандығыма қажет мәліметтер қорымен білімімді толықтырдым. 2«А» сыныбының оқушылары болашақта адамгершілігі мол, адами қасиеттерге бай, белсенді тұлға болып қалыптасатынына сенімім мол.


Бақылау жүргізуші: Ермаганбетова А.Н.


Даму интеллектуалдық қабілеті төмен балаларға арналған №7 арнайы (түзету) мектеп-интернатының 2 «А» сынып оқушысы Жұматай Әлмұхаммедке


Мінездеме

Осы аталған мектепке Қ.П.М.П.К-нің I-19-725 шешімі бойынша 01.10.2019 жылы 2 «А» сыныбына қабылданды.


Әлмұхаммедтің мінезі – өте жайлы, басқа оқушыларға зияны жоқ, тұйық. Зейіні тұрақсыз. Қимылы баяу, өзіне-өзі қызмет етуі толық қалыптаспаған. Кейбір жеңіл нұсқау сөзді түсінеді, кейде түсінбейді, байланысқа түсуі қиын. Қызығушылығы төмен, көңіл-күйінің тұрақсыздығы сабаққа белсене қатысуға кедергі келтіреді. Өзіне қажетті заттарды әр-түрлі дыбыстармен, іс-қимылдар арқылы білдіреді. Теледидардан мультфильм қарағанды және музыка тыңдағанды ұнатады. Сабақта тез шаршап жиі демалуды қажет етеді. Партада ұзақ отыра алмайды.
Оқу, жазу және тіл дамыту – әріптерді түгел білмейді, жазу, сызу дағдысы қалыптаспаған. Мұғалімнің көмегімен ұстап тірек нүктелерді бастырады. Өздігінен жаза алмайды, дәптерді жүргізуі ұқыпсыз, шимайлап бояп тастайды. Мұғалімнің айтқанын, суреттен көрсетеді. Сөйлеу қабілеті дамымағандықтан өтілген әріптерді дауыстап атай алмайды, бірақ дыбыстарды шығармай қайталауға тырысады.
Математика – өтілген сандарды (1-5) санауда, тура және кері санау дағдысы қалыптаспаған. Жалпы ұсынылып отырған тапсырмаға тоқталып, мән беріп, зейін қойып қарамайды. Ұзақ уақыт тапсырмаға зейінін шоғырландырып отыра алмайды.
Айналадағы әлем – табиғат, қоршаған орта туралы түсінігі толық қалыптаспаған. Жыл мезгілдерін суретке қарап көрсетеді, бірақ атай алмайды. Өсімдіктер, жануарлар, құстарды ажырата алмайды. Үй жануарларын суреттен көрсетеді. Оқулықтағы суреттермен жұмыс жасау барысында қызығушылық танытпайды, назар салып қарамайды.
Психомоторика және сенсорлық үдерістерін дамыту – құрастыру ойыны кезінде шыдамсыздық танытады, тез жалығады және сабаққа деген құлшынысы төмендейді. Топтық жұмыстарға қатыса алмайды.
Бейнелеу – қалам, қарындашты мұғалімнің көмегімен ұстап бастырып сызады. Дайын суреттерді бояп-сызуға, өздігінен қызығушылық танытып белсенділігін көрсетуге тырыспайлы. Желіммен жапсырма жұмыс жасаған кезде мұғалімнің қадағалауын қажет етеді.


Бақылау жүргізуші: Ермаганбетова А.Н.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет