Ата — аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары туралы қазақша реферат * Әрбір отбасының мықты жақтары болады, әр адам жақсы ата — ана болғысы келеді;
* Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне байланысты болады;
* Ата – анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата — ананы, яғни отбасын тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу;
* Баланың дамуы туралы ақпарат ата — аналарға бала тәрбиелеуде өз ролін жүзеге асыруға ықпал етеді;
* Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады;
* Тәрбиеші мен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіреді;
* Ата — анамен баланың ортақ қарым — қатынастары жөнінде кеңес беру;
Ата – аналар клубы
« Балабақшадағы, отбасындағы топтағы кездесетін қайшылықты жағдайларды шешуге арналады»
Тақырыптық кеңес
« ата – аналарды психологиялық педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту »
Педагогикалық семинар
« Отбасылық тәрбиенің әдіс — тәсілдеріне арналады. Семинарға тәрбиешілер де, ата – аналар да жан жақты дайындықпен қатысуы қажет»
Шығармашылық кештер
« Балабақшаішілік және топішілік болып, озық қабілетті, танымал ата — аналарды үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады»
Топқа ата – аналарды тартудың қажеттілігі
* Балаларда іс – әрекетті таңдаудың үлкен мүмкіндігі болады
* балаларға маңызды жетістіктерге жете алады
* балаларға отбасы мен балабақша байланысын сезіну ұнайды
* тәрбиешіге балаларға жетекшілік жасау жеңілірек болады жекелеп оқыту мүмкіндігі туады
* ата — аналар және отбасы мүшелері өздерінің балаларының оқытуға қатысы бар екендігін сезінеді
* ата – аналар балабақшадағы оқыту — тәрбие жоспарларымен танысады
Ата – анамен жүргізілетін жұмыс Жұмыс түрлері :
Топішілік ата — аналар жиналысы
Балабақшаішілік ата – аналар жиналысы
Ата – аналармен жеке кездесу
Ата – аналар үшін ашық есік күн
Мерекелік кештерге шақыру
Ата – аналарды тренинг ойындарға қатыстыру
Отбасылық жарыстарға қатыстыру
Негізгі міндеттері :
* тәрбиешінің топ ата — аналармен құрамын зерттеуі
* ата – аналармен тұрақты байланыс орнату
* ата – аналар ұжымын құру
* ата — аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру
* үштік одақ ( бала, ата – ана, тәрбиеші ) жұмысын жандандыру
Атқаратын қызметі :
* ата — аналарды топтағы оқу — тәрбие процесінің мазмұны және әдістемесімен таныстыру
* ата — аналар белсенділерімен жұмыс жүргізу және әр түрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуін қауымдастыру
.
Ата-аналар жиналысын сәтті өткізудің 10 құпиясы
Білім мен дағды күнделіктегі ізденістің жиынтығынан жасалады.
( Д. И. Писарев )
Сынып ата - аналар жиналысының басты мақсаты - бүкіл сынып ата - аналар ұжымымен бір уақыт ішіндегі байланыстың зор нәтижелі формасы және сынып жетекшісінің ата – аналар жүрегіне жол таба алу әдісі болып есептеледі.
Мектепте сынып ата - аналар жиналысында көбінесе мынандай жағдайды көруге (елестетуге ) болады: жиналысқа қатысуға тиісті болған 25 - 26 ата – ананың тек 30 % ғана келіп отырады. Осыдан, біз, педагогтар, ата – ананың бала тәрбиесіне жауапсыз қарайтынын байқаймыз. Сол себептен ата – аналарға бала тәрбиесіне аса зор назар аудару керек екендігін ұгындыру мақсатында жиналыстарды дұрыс, қызықты, мазмұнды және нәтижелі өткізуді жоспарлау қажет. Жоғарыда атап көрсетілген жағдайды өзгерту үшін жиналыстарды қалайша қызықты және тиімді өткізуге болады?
Сынып ата – аналар жиналысына дайындалу және өткізудің әртүрлі тиімді әдіс – тәсілдері бар. Осы әдіс - тәсілдер арқылы педагогтар:
а) ата – аналардың мәдениеттілігін қалыптастыруға;
ә) педагогика мен психологияның түрлі проблемаларына қызығушылығын
арттыруға;
б) бала тәрбиелеу барысында түрлі жағдаяттарда шешім жолдарын таба алуға көмектеседі.
Ата - аналар жиналысы мектеп өміріндегі қажетті атрибуттардың бірі. Оны қызықты және тиімді өткізу әсіресе, енді жұмыс бастаған жас сынып жетекшісіне ең пайдалы кеңес болары сөзсіз.
1. Ата - аналар жиналысын өткізу үшін барынша ыңғайлы күнді және уақытты таңдаған жөн. Осы уақытқа сіздердің оқушылырыңыздың, ата - аналарының да ешқандай істері жоспарланған болмауы керек.
2. Ата – аналарды жиналысқа шақырудың тиімді әдістерінің бірі – шақыру қағаздарын даярлау. Шақыру қағаздарын түрліше безендіруге болады. Мәселен: типографиядан шыққан варианты, оқушылардың өз қолымен жасалған нұсқасы немесе ата – аналар комитетінің көмегімен. Ең бастысы, бұл шақыру қағаздары ата – ана қолына жиналысқа 2 сағат қалғанда емес, бәлкім алдын ала жеткізілуі тиіс. Шақыру қағаздарына жиналыстың нақты тақырыбы, күн тәртібіне қойылған мәселелер, байланысу үшін сынып жетекшісінің, сынып ата – аналар комитеті төрағасының ( төрайымы ) телефон нөмері жазылғаны жөн.
Шақыру қағаздары сынып қорында жиналып, кез келген мейрам, әсіресе оқу жылының аяқталуы немесе мектеппен қоштасу кештерінің көркі болуы мүмкін.
3. Сынып ата – аналар жиналысына Сіздердің сынып оқушыларыңызды қызықтыратын маңызды проблеманы таңдаңыз және ата – аналармен бірге шешімін таба білуге әрекеттеніңіз.
4. Әсіресе сыныпта ата - аналардың отыру қалпына мән беріңіз. Ата - аналар жиналысына қатысушылардың бір – бірін жақсы көре алуы және естуі үшін үстел мен орындықтарды дөңгелек түрінде орналастыру керек.
5. Ата – аналар бірін - бірі жеткілікті жақсы танымаған жағдайда ата - аналардың аты - жөні жазылған визиткаларды дайындаған жөн.
6. Ата - аналармен жиналыс қатысушылырына арналған ережені ойлап табыңыз. Мысалы:
- міндетті түрде сыртқы киімді шешу;
- проблемаларды талқылау барысында үндемей отыруға болмайды;
- ұсыныстарға, пікірлерге қарсы шыққанда өз ұсыныстарын енгізу;
- бір - бірін аты - жөнімен атауға; т. б.
7. Жиналысқа шақырылғандардың уақытын бағалай біліңіз.
Осы мақсатпен уақыт тәртібін ( регламент ) орнатыңыздар және оның сақтауының қатал қадағалыңыздар.
8. Жиналыс барысында ата – аналардың өзара қарым – қатынаста болу үшін ойындар, әңгіме, пікіралысу ұйымдастырыңыз.
9. Жиналысты еркін және ашық түрінде өтуіне ата - аналарға кофе - брейк ұйымдастыру да тиімді.
10. Проблемалық мәселелерді талқылау барысында педагогикалық және өмірлік тәжрибеге ие ең беделді ата – аналар, мектеп кенесінің мүшелерінің пікіріне сүйеніп, басшылыққа алыңыз. Жиналыста нақты шешім қабылдауға қол жеткізіңіз.