Министерство науки и высшего образования республики казахстан



бет33/37
Дата08.02.2022
өлшемі423 Kb.
#119416
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Кері шифрлау - шифрлауға кері процесс. Кілттің негізінде шифрланған мәтін бастапқы қалпына келетіндей түрде түрленеді.
Kiлт (key) – ақпаратты шифрлау және кері шифрлау, сондай-ақ, оған қол қою үшін арналған цифрлық кода. Ол барлық мүмкін варианттардан криптографиялық түрлендіру алгоритмі үшін тек бip варианты таңдауды қамтамасыз етеді. Кілттің ортақ, жеке меншік және құпия деп аталатын түрлері болады.
Криптожүйелер симметриялық және ашық кілтті жүйеге бөлінеді.
Симметриялық криптожүйеде шифрлауға да, кері шифрлауға да бір ғана кілт қолданылады. Ашық кілтті жүйеде бір-бірінен математикалық байланыста болатын екі-ашық және жабық кілт пайдаланылады. Ақпарат барлық адамның қолы жететін ашық кілтпен шифрленеді де, ал оны ашу ақпаратты алушыға ғана белгілі жабық кілтпен ашылады.
Кілттерді бөлу және кілттерді басқару –пайдаланушылар арасындағы кілттерді бөлу және жасаудан тұратын ақпаратты өңдеу жүйесінің жұмысына жатады.
Криптотұрақтылық дегеніміз- кілтсіз кері шифрлеуге тұрақтылығын анықтайтын шифр сипаттамасы. Криптотұрақтылықтың бірнеше көрсеткіші бар, соның ішінде:

  • мүмкін болатын кілттер саны,

  • криптосараптауға қажетті орташа уақыт.

Тк -түрлендіруі тиісті алгоритммен және k параметрінің мәнімен анықталады. Ақпаратты қорғау мақсатындағы шифрлеу тиімділігі шифрдің криптотұрақтылығына және кілт құпиялылығының сақталуына байланысты.
Мәліметтерді криптографиялық жабу жұмысы бағдарламалық және аппараттық түрде жүзеге асады. Аппараттық жүзеге асыру құн жоғарылығымен, жоғары өнімділігімен, қарапайымдылығы, қорғалғандығымен ерекшеленеді. Бағдарламалық жүзеге асыру тиімділігімен, пайдалануға өте икемділігімен белгілі.
Ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы криптографиялық жүйесі төмендегідей жалпы талаптардан тұрады:

  • шифрленген мәлімет тек кілтпен ғана оқылуы керек;

  • шифрленген мәліметтегі үзіндіні шифрлеуге пайдаланған кілтті анықтауға қажетті және сол ашық мәтінге сәйкес операцияның саны мүмкін болатын кілттердің жалпы санынан кем болмауы керек;

  • ақпаратты ашу үшін таңдалған барлық кілттердің атқаратын жұмысы қазіргі заманғы компьютердің мүмкіндігінен асып түсуі қажет әрі бағасы төмен болуы керек;

  • шифрлеу алгоритмінің мәні қорғау беріктілігіне кепілдігіне әсерін тигізбеу керек;

  • аздаған болар-болмас кілт өзгерісі, бір кілтті пайдаланса да шифрленген

мәліметті түбірімен өзгерте алмайтындай болуы қажет;

  • шифрлеу алгоритмінің құрылымдық элементтері өзгертілуі керек;

  • шифрлеу барысында мәліметке енгізілген қосымша биттер түгелдей және шифрленген мәтінде берік әрі құпия сақталуы керек;

  • шифрленген мәтін ұзындығы бастапқы-шығатын мәтін ұзындығына сай болуы керек;

  • шифрлеу барысында пайдаланылатын кілттер арасындағы байланыс қарапайым әрі жеңіл бекітілетіндей болуы керек;

  • көптеген мүмкін болатын кілттер кез-келген ақпараттың берік қорғалуын қамтамасыз етуі керек;

  • алгоритм таратудың бағдарламалық және аппараттық түрлеріне де жол беріп, осы тарату барысында кілттің ұзындығының өзгеруі шифрлеу алгоритмінің сапасын төмен түсіруге жол бермеуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет