Хакер алдын-ала көлемді ақпарат жинап болғаннан соң жүйеге енуге тырысады. Жүйеге ену құралын таңдау қолда бар ақпараттарға, яғни телефон нөміріне, байланыс жолына қол жеткізуге, жүйе жұмысының хаттамасына, қолданушы кодымен пароліне тәуелді . Ол төмендегілерді пайдалана алады:
байланыстық автотергіштер;
байланыс хаттамалары;
атауландыру жұмыстары;
пайдаланушының идентификаторы (сәйкестендіргіш);
парольдер.
Жүйені маниплуляциялау (иелену, билеу)
Жүйені манипуляциялау. Компьютерлік жүйеге енуге қол жеткізген хакердің төмендегідей мүмкіндігі бар:
Соның ішінде кең таралған әдістерге жатады:
айналып өту;
логикалық (ойлау) бомбасы;
жасырын вирус (троян аты);
экрандық имитатор ;
вирустық бағдарламалар.
Айналып өту жолы- бұл қарапайым командасымен басқарылатын және жүйелік құралдардың үзілуін өңдеуді шақыратын үлкен бағдарламаға қойылған блок. Осылайша, жүйелік журналға тіркеуді және жүйелік қорғанысты жеңеді. Операциялық жүйе блогы құрған әдіс берілген бұйрық бойынша барлық ресурстарды басқарып, пайдаланушыға жаңа идентификатор, жаңа есептік ақпарат құрады.
Логикалық (ойлау) бомбалар- белгілі ақпаратты енгізуде жіберілетін –бағдарлама бөлігі. Мұндай құрылған тор ақпаратты бүлдіреді немесе жояды. Логикалық бомба ақпаратты жоюға, бүлдіруге, сұғанақтық жасауға қолданылады (алаяқтық немесе ұрлау мақсатында сирек қолданылады).
Достарыңызбен бөлісу: |