Министерство науки и высшего образования республики казахстан



бет37/37
Дата08.02.2022
өлшемі423 Kb.
#119416
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37

Гронсфельд шифры


Гронсфельд шифры деп аталатын бұл күрделі ауыстыру шифры Цезарь шифрының өзгертілген бір түрі болып табылады. Ол үшін негізгі хабар әріптерінің астына сандар түріндегі кілттің цифрлары жазылады. Егер кілт хабардан қысқа (аз) болса, онда кілттің цифрлары қайталана береді. Мысалы, кілт ретінде 3514 санын қолдана отырып ОПТИКАЛЫҚ ҚОРҒАУ хабары үшін келесі шифрмәтін алынады



Хабар

О

П

Т

И

К

А

Л

Ы

Қ




Қ

О

Р

Ғ

А

У

Кілт

3

5

1

4

3

5

1

4

3




5

1

4

3

5

1

Шифрмәтін

Р

Ұ

У

Л

М

Ғ

М

Ю

Н




О

Ө

Ұ

Ж

Ғ

Ұ



2.1.10.Вижинер шифрлау жүйесі


Вижинер ((1523-1596), Римдегі француз елшісі, өзінің шифр жүйесін ойлап тапқан. Виженердің шифры 400 жыл бойы кері шифрланбайтын деп саналған, сондықтан әскери шифр ретінде кеңінен қолданылған).
Вижинер жүйесі Цезарь шифрлау жүйесіне ұқсайды. Шифрлау кестесі Вижинер кестесі деп аталады. Вижинер кестесі n2 элементтен тұратын квадраттық матрица болып табылады. Бұл жерде n – қолданылатын алфавит символдарының саны. Бірінші қатарда алфавиттің барлық әріптері жазылады. Әрбір келесі қатарда бір әріпке ығыстырылады. Осындай әрекетті аяғына дейін қайталаудың нәтижесінде қатар саны бағанның (алфавит әріптерінің) санына тең квадрат кесте құрылады. 6-суретте қазақ тіліне арналған Вижинер кестесі көрсетілген. Кестенің екі кірісі бар: негізгі ашық мәтіннің әрпін анықтайтын жоғарғы қатардың символдары және кілттің сол жақтағы шеткі бағаны.
Шифрлау (және кері шифрлау) үшін Вижинер кестесін қолдануға болады. Шифрлауды орындау үшін әріптерден тұратын кілт таңдап алынады. Шифрлау былайша жүргізіледі. Толық кестеден бірінші қатар және бірінші әріптері кілттің әріптеріне сәйкес келетін қатарлар іріктеліп алынады.


Тақырып 8. Компьютерлік және желілік ақпараттарды қорғауды ұйымдастыру және техникалық құралдары.
Ақпараттық жүйелерде қауіпсіздік деңгейін бағалаудың әдістері. Ақпаратты қорғау мен бақылауды басқарудың ұйымдастырушылық шаралары. Ақпаратты қорғаудың заң жүзіндегі шаралары. Ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары.

Есептеуіш жүйе құрамындағы қорғау құралдары


Бұл қорғау әдістерінің категориясына дисклермен аппаратураларды қорғау, қорғау кілттері, штаттық құрылғы функцияларының өзгерулері жатады. Бұндай әдістерді қолдану кезінде қорғауға кепілдеме беретін бағдарлама орындалуы белгілі бір әрекеттерге, арнайы қауіпсіздік ережелері және шарттарына тәуелді болғандықтан есептеуіш жүйесінің операциялық ортасы штаттық режимге қарағанда әрдайым өзгеріп отырады. ЕЖ құрамындағы қорғаныс құралдарын төмендегі сұлба арқылы ұсынамыз:

МД қорғау


МД-ны арнайы тәсілмен пішіндеу ОЖ-ні көшірмелеуден сақтайды. Бұл – деректер, каталогтар пішімін стандартты емес жолмен анықтау, секторлар өлшемін өзгерту, синхрондаушы сигналдар санын арттыру, ақпараттар тақырыбын ауыстыру.
DOS стандартты құралдары арқылы көшірмелеу барысында секторлардың орналасуы өзгереді және кешігу қортынды көшірменің кешігуімен сәйкес келмейді. Мұндай әдіс биттік көшірмелеуге тиімсіз.
ЕЖ құрылғысының қорғаныс тетіктері. Дискінің магниттік беті жолдың жеке секцияларына жазуға тиым салады (диск бетінен элементтердің механикалық сүртілуі немесе лазерлік ағынды пайдалану), яғни әр дискінің пішімі бесаспап. Оқылу жылдамдығын салыстыра отырып көшірмеден диск түпнұсқасын ажыратуға болады.
Қорғауға бір ЧИП-ті микропроцессор пайдаланылады. Көшіру немесе қарау үшін бағдарламаны деректер құрында (шинасында) салыстырудан сақтайтын МП-архитектурасы дайындалуда. Бағдарламаның орындалуы ЧИП арқылы жүреді. ЧИП – бұл шифрлеуді қорғауды талап ететін жұмысты таратушы аппараттық зерделі модуль.

Қорғау құлыптары


Егер барлық тексерулер жүргізілмесе (мерзімі, уақыты, пайдаланушының идентификаторы, компьютердің сериялық нөмірі т.б.) бағдарламаға қол жеткізуге тиым салынады. Бұл – мобильдік құлып деп аталады. Бағдарлама тек қана сериялық нөмірі лицензияға кіргізілген компьютерде ғана жұмыс істейді. Мұндай қорғауды объектік кодтқа өзгеріс енгізу әдісімен айналып өтуге болады. Бірегей, сирек мінездемені жазбасы есте сақтауында ішінара бұзылған компьютерге ғана береді. Динамикалық есте сақтауда ақпараттың сақталуы периодты түрде қайта жазу арқылы жүреді. Бұл өзгергіштік қасиетті сәйкестендіруге пайдалануға болады. Бағдарламаның жұмыс жасау жағдайын есте сақтаудың бірегей құрылымымен байланыстыруға болады. Ішінара бұзылған жазу – басқа компьютерде қорғалған бағдарламаға керемет кілт бола алады.
Ақпараттың қызметінің өзгеруі бағдарламаны көшірмелеу жұмысын тоқтататын, ашып қарау жұмысын үзіп тастайтын қызметтер жүйесіне немесе кілттерді ауыстыруға негізделген. Сондықтан мұндай жағдайда жасалған көшірме жұмысқа жарамсыз болады.
Әдебиеттер


Негізгі

  1. ГерасименкоВ.А. Защита информации в автоматизированных системах обработки данных.. Книга 1,2 М.; Энергоатомизда, 1994.

  2. Хоффман Л. Современные защиы информации. Пер. С англ.-М.: Сов. Радио, 1980.

  3. Мельников .В. Защита информации в компьютерных системах. М.:Электроинформ,1997.

  4. Раторгуев С.П. Программные методы защиты инфоормации в компьютерах и сетях. Издательство Агентства „Яхтсмен”, М.:-1995.

  5. Соколов А.В., Степанюк О.М., Защита от компьютерного терроризма. БЧИ-Петербург – 2002.

  6. Спесивцев А.В., Защита информации в персональных ЭВМ.

  7. Мафтик С. Механизмы защиты в сетях ЭВМ. М.:Мир, 1995.

  8. Фролов А.В., Фролов Г.В. Осторожно: компьютерные вирусы. (ПК – шаг за шагом,), 1996.

  9. А. Г. Ростовцев, В. А. Матвеев Защита информации в компьютерных системах. Выпуск 2: Элементы криптологии. Санкт-Петербург, изд-во СПбГТУ, 1993.

  10. В.В. Ященко Введение в криптографию. МЦНМО, 2001



Қосымша



  1. Михайлов С.Ф., Петров В.А., Тимофеев Ю.А. Информационная безопасность. Защита информации в автоматизированных системах. Основные концепции. Учебное пособие. - М.: МИФИ, 1995. - 112с.

  2. Мельников В. Защита информации в компьютерных системах. – М.: Финансы и статистика, Электронинформ, 1997

  3. Гайкович В.Ю., Ершов Д.В. Основы безопасности информационных тех­нологий. - М.: МИФИ, 1995. - 96с.

  1. Герасименко В.А. Защита информации в автоматизированных системах обработки данных. Кн. 1 - М.: Энергоатомиздат, 1994 - 400с.

  2. Спесивцев А.В., Вогнер В.А., Крутяков А.Ю. и др. Защита информации в персональных ЭВМ. - М.: Радио и связь, Веста, 1993. - 192с.

  3. Гроувер, Р. Сатер, Дж. Фипс и др. Защита программного обеспечения - М.: Мир,1992. - 285с.

  4. ГОСТ 28147-89. Системы обработки информации. Защита криптографическая. Алгоритм криптографического преобразования.

  5. Петраков А.В. Техническая защита информации. Учебное пособие. -М.: МТУСИ, 1995. - 60с.

  6. Мельников В.В. Защита информации в компьютерных системах. – М., 1997. – 368с.

  7. Тайли Э.Д. Безопасность компьютера. Минск, 1997. – 480с.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет