Туа пайда болған
|
Жүре пайда болған
| бүйрек өзекшелерінде заттардың кері сіңірілуін немесе шығарылуын қамтамасыз ететін ферментердің болмауынан:
-тұқым қуалайтын бүйректік фосфатты диабет:
Фосфаттың кері сіңірілуінің бұзылуы ® фосфатурия және гипофосфатемия; кәлциурия; мешел және сүйектің боркеміктенуі
- Фанкони синдромы:
Глюкозаның фосфаттардың, гидрокарбонаттардың, аминқышқылдарының кері сіңірілуінің бұзылуы, түтікшелік ацидоз (гидрокарбонаттардың жоғалуынан)
гипокалиемия
|
кері сіңірілу үрдістерінің күштенуі (бүйрек межесінен артуы)
ферменттердің уытты заттар әсерінен тежелуі
(нефротоксиндік улар - сынап, қорғасын)
қабыну, нәрсіздену кезінде бүйрек өзекшелері эпителийі құрылымының өзгеруі
|
Проксималды өзекшелердің зақымдануы
|
Дисталды өзекшелер және Генле ілмегі аймағының зақымдануы
|
Глюкоза, аминоқышқылы, нәруыз, зәрнәсіл, лактат, бикарбонаттар, фосфор, хлор, калий және т.б. заттардың кері сіңірілуінің бұзылуы
|
натрий, калий, магний, кәлций, судың кері сіңірілуінің бұзылуы.
| Несеп құрамының сапалық және сандық өзгерістері
Несептің тәулік мөлшерінің өзгеруі ( Зимницкий сынағымен бағаланады):
Полиурия
Олигурия
Анурия
ПОЛИУРИЯ – несептің тәуліктік мөлшерінің 2 литрден артық болуы.
Шығу тегі бойынша түрлері:
Пререналдық полиурия
|
реналдық полиурия
|
а) физиологиялық (сұйықтықты көп мөлшерде қабылдағаннан кейін)
б) дерттік
Ісінудің қайтуы
гипертониялық аурудың бастапқы сатысы (шумақтардың әкететін артериолаларының тарылуы)
гиперволемия
ішкі сөлденіс бездері аурулары (қантты диабет, қантсыз диабет)
|
Бүйрек дерті
(сүзгіш мембрананың өткізгіштігінің жоғарылауы, Өзекшелердің ағымға қарсы - көбейту жүйесі қызметінің бұзылуы)
| Полиурияның патогенезі:
шумақтық сүзілудің жоғарылауы
түтікшелік кері сіңірілудің төмендеуі
ОЛИГУРИЯ – несептің тәуліктік мөлшері 500 мл- ден аз болуы
АНУРИЯ - несеп түзілуі мен шығарылуының тоқтауы (диурез 50-100 мл-ден аз).
Шығу тегі бойынша түрлері:
Бүйрек алдылық
|
Бүйректік
|
Бүйректен кейінгі
|
артериялық қысымның 80 мм сын.бағ. аз төмендеуі
гиповолемия
қанның онкотикаық қысымының жоғарлауы
( көп мөлшерде қан алмастырушыларын, нәруызды құю)
|
· бүйректің өзі немесе қантамырларының зақымдануы
|
· несеп шығару жолдарынан зәрдің ағып кетуінің қиындауы ® шумақ капсуласы қысымының жоғарылауы ® сүзілудің төмендеуі
|
Олигурияның патогенезі:
шумақтарда сүзілудің төмендеуі
өзеккшелерде натрий мен судың кері сіңірілуінің жоғарылауы
несеп шығарылуына механикалық кедергінің болуы
ПОЛЛАКИУРИЯ –несепті жиі шығару
НИКТУРИЯ - несептің түнгі уақытта көп бөлінуі
Несеп құрамының сапалық өзгерістері
(Нечипоренко сынауымен, несептің жалпы талданымымен бағаланады):
Шумақтық
¯
Шумақ қылтамырлары өткізгіштігінің жоғарылауы
¯
Қан плазмасының кесек молекулалы нәруыздарының несепке артық сүзілуі
|
өзекшелік
¯
Бүйрек өзекшелерінің зақымдануы
¯
Ұсақ молекулалы нәруыздардың кері сіңірілуі бұзылуы
|
Цилиндрурия – зәрде цилиндрлердің болуы. Цилиндрлер – бүйрек өзекшелерінің көшірме бедері.
ГЕМАТУРИЯ – зәрде эритроциттердің пайда болуы
Бүйректік
¯
Бүйрек шумақтарының қылтамырлары өткізгіштігінің жоғарылауы
¯
Зәрде өзгерген, сілтіленген эритроциттердің болуы
|
Бүйректен тыс
¯
Несеп шығару жолдарының зақымдануы
¯
Зәрде жаңа эритроциттердің болуы
|
Пиурия – зәрмен лейкоциттердің (іріңнің) көптеп бөлінуі
НЕСЕПТІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТЫҒЫЗДЫҒЫНЫҢ ӨЗГЕРІСТЕРІ ( Зимницкий сынауымен және жалпы зәр талданымымен анықталады)
Зәрдің салыстырмалы тығыздығы бүйректің қоюландыру қабілетін сипаттайды, ол еріген заттардың мөлшеріне ( мочевина, несеп қышқылы, тұздар, креатинин) байланысты.
Несептің салыстырмалы тығыздығы қалыпты жағдайдан 1,002 –ден (суды артық қолданғанда) 1,035 (құрғақ тамақ қабылдағанда) дейін ауытқып тұрады. Әдеттегі тамақтану кезінде 1,018 –1,025 құрайды.
Несептің салыстырмалы тығыздығының өзгеруі өзекшелер қызметінің бұзылуына байланысты.
Гипостенурия –зәрдің салыстырмалы тығыздығының төмендеуі (Зимницкий сынағының барлық бөлігінде 1,018 - ден аз)
Изостенурия - зәрдің салыстырмалы тығыздығының әрқашан біркелкі, алғашқы несеп тығыздығына (1,010 –1,012) тең, бұл бүйректің қоюландыру қабілетінің мүлдем жоғалуын көрсетеді.
Гиперстенурия – несептің салыстырмалы тығыздығының жоғарылауы.
Көрсетілетін материал: дәрістің мультимедиялық көрсетілімі
Әдебиеттер
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 555-579
Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 420 - 423
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, т.2, 2009 .-С.425-448
Патологическая физиология. Учебник, п/р Н.Н.Зайко, Киев, 2004г.- С. 516-526
Патофизиология. Основные понятия. Учебное пособие под ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008.-С. 172-181
Қосымша
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 212 – 221
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Изд-во Том.ун-та, 2006.С. 598-606
Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки. М. –СПб: изд-во БИНОМ, 2002.- 206с
Бақылау сұрақтары
Тұқым қуатын тубулопатияға мысал келтірініз.
Гематурияның патогенезі қандай?
Протеинурияның патогенезі қандай?
Изостенурия нені мәлімдейді ?
№ 2 тақырып. Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінің патофизиологиясы.
Мақсаты: БСЖ патогенезі мен этиологиясының сұрақтарын меңгеру.
Дәріс жоспары:
БСЖ этиологиясы, патогенезі, сатылары, көріністері.
Уремия туралы түсінік, уремиялық синдромның клиникалық көріністері.
Дәріс тезистері
Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігінің (БСЖ) патофизиологиясы
- бүйрек қызметінің үдемелі төмендеуі
Себептері:
Бүйректің созылмалы аурулары:
гломерулонефрит, пиелонефриттер, бүйрек поликистозы, бүйрек амилоидозы, несеп тас ауруы, қантты диабетте бүйректің зақымдануы, гипертониялық аурулар кезінде, атеросклерозда кездеседі.
Патогенезі:
Нефрондардың үдемелі түрде өлуі және олардың дәнекер тіндермен алмасуы (нефросклероз) ® өзекшелер мен шумақтар қызметінің үдемелі төмендеуі ® несеп түзілуінің төмендеуі ® уремия ® уремиялық кома
БҮЙРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ СОЗЫЛМАЛЫ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІНІҢ (БСЖ) САТЫЛАРЫ
Бүйрек қызметі бұзылуының дәрежесі бойынша:
Жасырын саты
|
Қандағы қалдық азот қалыпты, шумақтық сүзілу деңгейі 50%-ға дейін төмендейді.
|
Гиперазотемиялық саты
|
Гиперазотемия, шумақтық сүзілу деңгейі 20% -ға дейін төмендейді.
|
Уремиялық саты
|
Уремия, жоғары дәрежелі гиперазотемия, шумақтарда несептің сүзілу деңгейі 10- 5% -ға дейін төмендейді.
|
Диурез бойынша:
Жасырын саты
|
диурез қалыпты, Зимницкий сынауы қалыпты, жүктемелік сынауда (құрғақ тамақтанғанда) бүйректің қоюландыру қабілетінің төмендеуі байқалады.
|
Полиурия саты
|
Гипостенурия, бүйрек түтікшелерінің қоюландыру қабілетінің әдеттегі жағдайдан төмендеуі.
|
Олигурия саты
|
Уремия, изостенурия, диурез 500 мл- ден аз.
|
Уремия ( грекше. uron –несеп, haima - қан) – зәрліқан.
Бүйрек қызметінің теңгерілмеген кезінде пайда болатын синдром.
Патогенезі:
Қалыпты жағдайда бүйрек арқылы несеппен шығарылтын, зат алмасу өнімдерімен организмнің аутоуыттануы:
- қалдық азоттың құрамбөлшектері - азоттық (аммиак, креатинин, несеп қышқылы, зәрнәсіл ж.б.) қалдықтармен
- аминқышқылдары метаболизмі (фенол, скатол, индол) ж.б. өнімдерімен
су-электролиттер алмасуының бұзылуы:
гипоосмолялдық гипергидратация = сумен улану;
гиперкалиемия, гипермагниемия, гипокәлциемия, гипонатриемия, гиперфосфатемия, гиперсульфатемия;
метаболизмдік ацидоз (биокарбонаттар кері сіңірілуінің бұзылуы, сутегі иондары шығарылуының төмендеуі);
гормондар, витаминдер (вит.Д) метаболизмінің бұзылуы,
эритропоэтиндер, простагландиндер, кининдер ж.б.түзілуінің бұзылуы,
Уремиялық синдромның клиникалық көріністерінің патогенезі
нейропсихикалық әйгіленімдер:
шаршағыштық, бас ауыру, рефлекстердің тежелуі, дәм сезу мен естудің бұзылуы, діріл, ұйқысыздық, тұнжырау, мидың ісінуі, кома.
патогенезінде маңызды:
уыттану;
қышқылдық-сілтілік үйлесімдіктің бұзылуы;
гипергидратация;
электролиттер алмасуының бұзылуы;
гипоксия.
Жүрек - қантамыр жүйесі қызметінің бұзылыстары:
Миокардтың дистрофиясы, жүрек ырғақсыздығы (электролиттер алмасуының бұзылуы, гипоксия, уыттану), перикардит (шырышты қабықтардан уытты өнімдердің бөлінуі),
III. Тыныс алу ағзалары қызметінің бұзылуы:
Өкпе ісінуі, пневмония, плеврит
IV. қан көрсеткіштерінің өзгерістері:
анемия (эритропоэтин тапшылығы, эритроциттердің гемолизі)
қан ұюының бұзылуы (қанағыштық синдром, ТШҚҰ-синдром)
АІЖ жолдары қызметінің бұзылуы:
жүректің айнуы, құсу, анорексия, гастроэнтероколит:
патогенезінде маңызы бар:
Уыттану;
Гипоксия;
АІЖ шырышты қабықтары арқылы азот қалдықтарының бөлінуі.
VI. Терідегі өзгерістер:
қышу (азот өнімдерімен жүйке ұштарының тітіркенуі)
«уремиялық қырау» - тері бездері арқылы зәрнәсілдің, зәр қышқылы тұздарының бөлінуі.
гиперпигментация
VII. Сүйек –бұлшықет жүйесінің бұзылыстары:
Д витаминінің белсенді түрі түзілуінің бұзылуы ® гипокәлциемия ® салдарлық гиперпаратиреоз ® боркеміктену, кәлциноз (бүйректік мешел)
4. Көрсетілетін материал: дәрістің мультимедиялық көрсетілімі
5. Әдебиеттер
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 555-579
Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 428 - 432
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, т.2, 2009 .-С.460-467
Патологическая физиология. Учебник, п/р Н.Н.Зайко, Киев, 2004г.- С. 530-538
Патофизиология. Основные понятия. Учебное пособие под ред А.В. Ефремова М.: ГЭОТАР-МЕД, 2008.-С. 181-192
Қосымша
Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 212 – 221
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Изд-во Том.ун-та, 2006.С. 616 - 620
Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки. М. –СПб: изд-во БИНОМ, 2002.- 206с
Бақылау сұрақтары
БСЖ дамуының жиі себептері
БСЖ - дағы полиурияның патогенезі
БСЖ - дағы олигурияның патогенезі
Уремия дегеніміз не?
№3 тақырып. Жыныс жүйесінің эндокринді бұзылыстарының патофизиологиялық тетіктері
Мақсаты: Жыныс жүйесі қызметінің және жыныстық дамуы, жыныс бездерінің эндокринді реттелуі бұзылыстарының біртектес түрлерінің патогенезін және этиологиялық сұрақтарын меңгеру.
Дәріс жоспары:
Пренатальды даму кезеңінде жыныс жүйелері дамуының бұзылыстары, жыныстық жетілудің бұзылыстары. Әйелдерде жыныс қызметінің және қыздарда жыныстық жетілудің бұзылыстары.
Ерлерде жыныс қызметінің және ұлдарда жыныстық жетілудің бұзылыстары.
Дәріс тезистері
Пренатальды даму кезеңінде жыныс жүйесі дамуының бұзылыстары.
Ұрықтанудан кейінгі бірінші аптада зақымдаушы жайттардың әсері (гаметогенез, бастапқы кезең, (концептус), проэмбриондық, предэмбрион).
дамудың екінші аптасынан сегізінші аптасына дейінгі аралықта зақымдаушы жайттардың әсері (эмбриогенез, ұрықтық кезеңі, (ұрық))
дамудың тоғызыншы аптасынан жүктіліктің соңғы аптасына дейін зақымдаушы жайттың әсері (фетогенез, ұрықтық кезең (ұрық)).
Жыныстық жетілудің және жыныстық белгілер қалыптасуының бұзылыстары.
Алғашқы жыныстық белгілер (жыныстың анықталуы, жыныстық бездердің орнығуы және оның дамуы, гаметогенездің кейбір кезеңдері) ұрықтану кезінде және эмбриональды кезеңде анықталады. Олардың дамуы ұрық кезінде және туылғаннан кейін жалғасады. Жасөспірім кезеңінің басында және жыныстық жетілудің аяқталуына дейін кейінгі жыныстық белгілер қалыптасады.
Жыныстық жетілудің бұзылуы мына жағдайларда болады:
ДНҚ реттеуші Sox тектері топтарына жататын, SRY тектерінің мутациясында. Тек TDF (Testis–Determining Factor) реттеуші жайтын кодтайды. TDF (H-Y Аг) жайты бастапқы екі жыныстық әлеуетті бездерден еркектік жыныстық бездердің нақтылануын анықтайды. Атабездің дамуын анықтайтын TDF жайтының, тестостеронның, дигидротестостеронның және мюллер тежеуші жайты болмаған жағдайда, ішкі жыныс мүшелерінің нақтылануы әйел түрінде байқалады.
SRA1 тегінің мутациясында. 17 хромосомада Sox-тәрізді SRA1 тегі бар, оның мутациясы жыныстың кері дамуына (ерлер тек жағынан әйел фенотипті болады) және комптомелиялық дисплазияға алып келеді (XY текті науқастардың 2/3 бөлігі әйел фенотипті болады).
Ұрықтың атабезінде өндірілетін жыныстық гормондардың және мюллер тежеуші жайтының белсенділігі төмендегенде.
Гонодотропиндердің (хориондық және гипофиздік) белсенділігі төмендегенде
Ұрықтың аталық безінің Лейдиг жасушаларының қызметі бұзылуында.
5-редуктаза ферментінің тапшылығында (тестостеронның дигидротестостеронға айналуын жүзеге асырады, бұл ұрықтық дамудың 12-14 аптасында сыртқы жыныс мүшелерінің (ұма, ермүше) нақтылануына қажет).
Сыртқы жыныс ағзалары дамуының бұзылыстары жыныс гормондарының белсенділігінің жеткіліксіздігіне байланысты. Егер андроген болмаса несептік- жыныстық қойнауы қынаптың төменгі бөлігіне, жыныс төмпешігі –клиторға, ал жыныс қатпарлары мен жыныстық буылтықтар кіші және үлкен жыныс еріндеріне сәйкесінше нақтыланады. Әйел жыныс гормондарының жеткіліксіздігі кезінде әйелдердің жыныс жүйесінің жыныстық бездерден тыс мүшелерінің нақтылануы бұзылады. Жыныстық нақтыланудың бұрмалануы еркектің де, әйелдің де сипаты бар, бірақ толығымен (фенотиптік) не еркек немесе не әйел болып табылмайтын баланың туылуына әкеледі.
Тегі әйел жынысты адамдардың жыныстық жетілуі мен жыныстық қызметінің бұзылыстары Жыныстық жетілудің жиі кездесетін түрлеріне мерзімінен бұрын жыныстық жетілу, жыныстық жетілудің тежелуі, аналық бездің ішкі сөлденістік (эндокринді) гипо- және гиперфункциясы жатады. Мерзімінен бұрын жыныстық жетілу Егер кейбір кейінгі жыныстық белгілер қыз балада 7,5 жастан ерте байқалған жағдайда, жыныстық жетілу мерзімінен бұрын деп есептеледі. 1. Мерзімінен бұрын жыныстық жетілудің орталық түрі (шынайы жасөспірім). Организмнің жыныстық жетілуі мерзімінен бұрын болғанымен, ол әдеттегі сызба бойынша өтеді: гипоталамустың белсенділенуі және гонадолибериндердің түзілуі гонадотроптық гормондардың сөлденуі жыныстық гормондардың түзілуі кейінгі әйелді жыныстық белгілердің қалыптасуы.
Себептері.
Гонадолиберин түзілуінің мерзімінен бұрын белсенділенуі. Гидроцефалия, энцефалиттер, мый дамуының ақауында, мый жарақатында, диэнцефальды аймақтың өспесінде байқалады.
Аденогипофизбен гонадотропиндердің артық өндірілуі. Әдетте ол мый жарақатында, менингиттер, энцефалиттер, гипофиз аденомалары, олардың өспеге айналуы ж.б жағдайларда кездеседі.
Көріністері.
Организм дамуының изосексуалдығы (яғни, тектік және жыныс бездік бойынша әйел жынысына сәйкес келуі).
Дамудың кешенділігі үйлесімділігі (дене өсуінің жылдамдауы, қасаға және қолтық астылық түктену, басқа кейінгі өзіндік жыныс белгілерінің қалыптасуы жатады).
Дамудың аяқталулығы етеккірдің пайда болуы (менархе) және овуляцияның уақытынан бұрын басталуымен сипатталады.
2. Мерзімінен бұрын жыныстық жетілудің шеткері түрі (жалған жасөспірімдік).
Жыныс дамуының мерзімінен бұрын шынайы түріне сәйкес - бой өсуінің жылдамдауымен сипатталады. Бірақ, жалған жасөспірімдіктің әрқашан толық аяқталмаған сипатты (етеккір және овуляцияның болмауы).
Себебі: аналық безде немесе бүйрек үсті бездерінде эстрогендердің дербес көп өндірілуі. Әдетте гормондық белсенділігі бар өспеге байланысты (мысалы, аналық бездің эстроген өндіруші түйіршікті-жасушалық бластомасы, кортикостерома, лютеома немесе аналық без жылауығы).
Жалған жасөспірімдікте организмнің жыныстық дамуы екі бағытта бола алады (изосексуәлді да, гетеросексуәлді да).
Жыныстық жетілудің тежелуі 14 жаста кейінгі жыныс белгілерінің болмауымен қатар, 16 жасқа дейін кейінгі жыныстық белгілері бола тұра, етеккірдің болмауы (алғашқы аменорея) жыныстық жетілудің тежелуі деп саналады
1. Алғашқы гипогонадизм (аналық бездік, гипергонадотропты). Аналық бездің тұқым қуалайтын туа немесе жүре пайда болған жеткіліксіздігінің салдары.
Себептері:
Аналық бездің тұқым қуалайтын туа пайда болған жеткіліксіздігі.
- Шерешевский–Тёрнер синдромы ( 45ХО кариотип кезінде, 60%, мозаицизм кезінде [мысалы, 45ХО/46ХХ] — 20% науқастарда аналық бездің жеткіліксіздігі дамиды).
- кариотиптері 46ХХ және 46XY науқастарда жыныстық бездердің дамуы бұзылады.
- Жыныстық гормондары ферменттерінің түзілуін астарлап жазатын тектердің мутациясы (мысалы, 17α- гидроксилазалар, десмолазалар, ароматазалар, 17 β-гидроксистероиддегидрогеназалар).
- Аналық бездердің гонадотроптық гормондарға төмен сезімталдығы (аналық бездің төзімділік синдромы).
- Аналық бездердің поликистозы.
Аналық бездердің жүре пайда болған жеткіліксіздігі
аналық бездер нәруыздарына қарсы иммундық аутоозбырлы, аналық бездердің жұқпалық зақымдануы, қабынулық үрдістер (оофорит), аналық бездердің сәулеленуі, химиотерапиялық (ұзақ және /немесе жоғары мөлшерде) заттардың әсері.
2. Салдарлық гипогонадизм (гипогонадотропты, аналық бездерден тыс). Гонодотропты гормондардың тапшылығына байланысты. (ФТГ, ЛГ)
Себептері.
Гипоталамустың дерті. Алдыңғы мыйдың даму ақаулары (мысалы, гипоталамус аймағына, гонодолибериндерді жүйкесөлдендіретін нейрондар миграциясының тежелуімен көрінеді). Науқасқа гонодолиберинді енгізгенде, қанда ФТГ және ЛГ деңгейі көтеріледі. Бұл аденогипофиздің қалыпты жұмыс істейтінін көрсетеді.
Гипофиздің дерті. Салыстырмалы түрде сирек (мысалы ауыр энцефалиттерде, жарақаттарда, түрік ершігі аймағында қан құйылулар немесе өспелер кезінде, аденогипофизде нәрсізденулік үрдістер кезінде) кездеседі. Гонадолибериндердің енгізілуі қанда гонадотропты гормондардың деңгейін жоғарылатпайды немесе аздап жоғарылатады.
Ұзақ күйзелістік жағдай, қажытатын созылмалы аурулар (мысалы мәлабсорбция синдромы, созылмалы миелолейкоз, остеомиелит, туберкулез), эндокринопатиялар (мысалы ҚД, Иценко‑Кушинг синдромы, гипотиреоидты жағдайлар) жыныстық гормондар өндірілуінің өткінші төмендеуіне әкеледі. Көріністері: етеккір оралымының бұзылысы, аменорея, бедеулік.
Етеккір оралымының бұзылысы қызмет бұзылыстық жатырлық қан кетулермен көрінеді.
Аменорея — етеккірдің болмауы
Алғашқы аменорея – 16 жастан үлкен қыздарда етеккірдің болмауы
Салдарлық аменорея - бұрын етеккірі үзіліспен келетін әйелдерде, етеккірдің 6 айдан ұзақ келмеуі.
Бедеулік —жүктіліктен қорғану әдістерінсіз, тұрақты жыныстық қатынастың болуына қарамастан, 1 жыл көлемінде жүктіліктің болмауы. Бедеулік, ерлі-зайыптылардың 10–15% кездеседі (оның ішінде, 30–40%-ы ерлердің белсіздігі болып табылады).
Аналық бездердің гиперфункциясы Аналық бездердің ішкі сөлденістік гиперфункциясы, гиперандрогения немесе гиперэстрогениямен сипатталады 1. Гиперандрогения — андрогендердің көп өндірілуі және/немесе оның әсерінің жоғарылауымен сиппатталатын жағдай. Әйелдердің 10–15%-да айқындылығы әртүрлі дәрежеде көрінеді.
Себептері.
Гипоталамус нейрондарымен люлибериннің немесе/және лютропиннің аденогипофиз жасушаларымен (мәселен, өспе кезінде, олардың гипертрофиясы немесе гиперплазиясында) артық өндірілуі. Лютропиннің көп болуы, фолликулдың сыртқы қабатының және түйіршікті қабатының гиперплазиясына, сонымен қатар аналық бездердің тірегінің гиперплазиясына әкеледі. Көрсетілген өзгерістер аналық бездерінде андрогендер өндірілуінің жоғарылауымен және организмде вирилизм көріністерінің пайда болуымен қабаттасады.
Бүйрек үсті бездерімен андрогендік стероидтар түзілуінің артуы, әсіресе жыныстық жетілу кезеңінде. Бұл андрогендер шеткері тіндерде эстронға айналуы, ол люлибериннің өндірілуін белсенділейді. ЛГ болса аналық бездерден андрогендер өндірілуін жоғарылатады. Тіндерде олар эстронға айналып, көбінесе өздігінен күшейтетін кері айналып соғу шеңберін туындатады.
Организмде инсулиннің артуы, лютеотропты гормонның, сонымен қатар аналық бездер және бүйрек үсті бездерінде андрогендердің өндірілуін белсенділейді.
Андрогендердің өндірілуін арттыратын аналық бездердің өспелері (мысалы, Лейдиг жасушаларының — лейдигомасы тестостерон өндіріледі).
3‑гидроксистероиддегидрогеназаның жеткіліксіздігі. Бұл ферменттің жеткіліксіздігі дегидроэпиандростеронның организмде мөлшері артуына алып келеді.
Көріністері: андростендион мен тестостеронның қанда мөлшерінің жоғарылауы, қанда гонадотропиндердің арақатынастық көрсеткіштерінің жоғарылауы (әдетте ЛГ/ФСГ 3-тен жоғары), гирсутизм, аменорея, бедеулік, семіру.
2. Гиперэстрогения. Организмдегі эстрогендердің түзілуінің және/немесе әсерінің артуымен сипатталады. Ең жиі себебі: бүйрек үсті бездері және/немесе аналық бездері түзетін андрогендердің қанда жоғарылауы. Теріде және май тінінде андрогендер эстрогендерге айналады, бұл өз кезегінде олардың қандағы мөлшерінің жоғарылауына әкеліп соғады.
Көріністері: қанда және зәрде эстрогендердің артуы, гонадотропты гормондар деңгейінің төмендеуі (кері байланыс тетігі бойынша), изосексуәлды түр бойынша қыздардың ерте жыныстық жетілуі, организмнің жылдам өсуі ( жас мөлшерлік қалыптан ерте), әдетте меноррагия түрінде болатын етеккір оралымының бұзылуы. Етеккір бұзылысы эстрогендердің ұзақ уақыт жоғарылауымен және қандағы прогестерон мөлшерінің кезеңдік толқуымен байланысты.
Етеккір оралымының бұзылыстары
Жыныстық жетілген әйелде, өмірінің ұрпақ әкелуі кезеңінде, етеккірінің болмауын салдарлық аменорея деп атайды. Басқа бұзылыстар, етеккірдің қалыптыдан жиірек (полименоррея), немесе сирек (олигоменоррея), тым аз мөлшерде, немесе тым көп мөлшерде (меноррагия) болуы, сонымен қатар, ерекше ауыру сезімімен қабаттасады (әлгоменорея).
Етеккір оралымының бұзылысына мыналар әкеледі:
Эстрогендердің көп немесе жеткіліксіз өндірілуі
Прогестеронның көп немесе жеткіліксіз өндірілуі
Осы өзгерістердің кез-келгені, етеккір оралымы кезеңдерінің бірізділігін реттейтін гонадотропты және овариальдық гормондардың әсер ету реттілігінің бұзылуына әкеледі.
Тегі еркек жынысты адамдарда жыныстық жетілу мен жыныстық қызметтің бұзылысы Ұлдарда, жасөапірімдік кезең 9,5-нан 13,5 жасқа дейінгі аралықта басталады және 3 жыл бойы созылады. Аталық бездің ұлғаюы жыныстық жетілудің алғашқы белгісі болып табылады. Жыныстық жетілудің басқа белгілеріне: безеуді, жасөспірімдік гинекомастияны ж.б. жатқызуға болады. • жасөспірімдік гинекомастия — жасөспірімдерде сүт безінің дамуы (әдетте бір жақты, үрпекасты қалыңдау түрінде және ешқандай әйгіленімсіз өтеді) —жасөспірімдердің 60% кездеседі, көбінесе 6 айдан екі жылға дейін созылады. • Варикоцеле — шәует түтігі көктамырларының кеңеюі — жасөспірімдердің 15%-да, жиі сол жағында кездеседі. • Шап жарығы, ер адамдарда әйелдерге қарағанда 5 есе жиі кездеседі; әдетте оң жағында немесе екі жақта орналасады. • Гидроцеле — ұмада орналасқан шәует түтігі қабығының сұйықтыққа толған түзілімі • Сперматоцеле — құрамында сперматозоитарды бар аталық без қосалқыларының жылауықтық түзілімі. Ерлердегі жыныстық жетілу және жыныс қызметінің ішкі сөлденістік бұзылысы мынадай біртектес түрлермен көрінеді: мерзімінен бұрын жыныстық жетілу, жыныстық жетілудің баяулауы, аталық без гипофункциясы. Мерзімінен бұрын жыныстық жетілу Мерзімінен бұрын (алғашқы) жасөспірімдік — бұл жағдай 9 жастағы ұлдарда барлық немесе жекеленген кейінгі жыныс белгілерінің пайда болуымен сипатталады. Кейде бұл көңіл-күйлік және мінез-құлықтық бұзылыстармен бірлеседі, сонымен қатар, әлеуметтік бейімділіктің бұзылуымен сипатталады. Ұлдардың шынайы және жалған мерзімінен бұрын жыныстық дамуын ажыратады. • Шынайы мерзімінен бұрын жыныстық жетілу гипоталамо-гипофиздік жүйенің гиперфункциясының салдары болып табылады және толық ерте жыныстық жетілумен сипатталады (аталық безде сперматогенездің белсенденуі және вирилизация).
Себебі: гипоталамустың нейрондарымен гонодолибериннің мерзімінен бұрын сөлденуі салдарынан аденогипофиздің гонодотропты гормондарының сөлденуі артады.
Жалған (кейінгі) ерте жыныстық жетілу ұлдарда АХГ немесе андрогендердің дербес артық өндірілуіне байланысты. Жартылай ерте жыныстық жетілумен сипатталады (вирилизация белгілерінің пайда болуымен), бірақ сперматогенез әсерленбейді.
Себептері: аталық бездердің андроген өндіруші өспелері (мәселен, тестостерон өндіретін лейдигомалар; андроген түзуші сертолиомалар және арренобластомалар), Лейдиг жасушаларының гиперплазиясы және тестостеронның солармен артық өндіруі, бүйрек үсті безінің гиперплазиясында (жиі — туа біткен) немесе өспелермен зақымдануында қанда андрогендер деңгейі жоғарылайды.
Ерте жасөспірімділіктің көріністері:
вирилизация (қасаға және қолтықастылық түктердің пайда болуы, дауыстың жуандауы, атабезінің және жыныс мүшесінің ұлғаюы, т.б.) алғашқы вирилизация әйгіленімдері екі жасында кездеседі және ергежейлік (сүйек эпифизінің өсуінің ерте тоқтауымен сипатталады).
Жыныстық жетілудің кешеуілдеуі 14 жастағы ұлдарда жыныстық жетілудің белгілері болмаса, ол жасөспірімділіктің кешеуілдеуі болып саналады. Себептері
Гипоталамус гонодолибериндері немесе/және аденогипофиз гонодотропиндерінің тапшылығы (жарақаттар немесе қан құйылу нәтижесінде, қабынулық үрдістерден т.б. гипоталамустың ядроларының немесе гипофиздің өспелермен зақымдануы).
Аталық бездердің жарақатында, өспелердің өсуінде, дамуының бұзылуында (Клайнфелтер синдромы), аталық бездің қабынуында (орхит, қан айналымының бұзылуы, радиация әсері ж.б.) тестостерон өндірілуі азаяды.
Нысана- тіндерінің тестостерон әсеріне сезімталдығының төмендеуі.
Көріністері
Әтекетік (евнухоидизм) белгілері: атабезі мен жыныс мүшесінің дамымауы, кейінгі жыныс белгілерінің болмауы немесе әлсіз дамуы, әйелге тән (қызға тән ) дауыс, семіру, қаңқа арақатынасының бұзылуы (қолының құшағы бойынан 6-8 см –ге артық, себебі ол жіліктердің эпифиздік өсуі аяқталуының кешігуіне байланысты).
Қанда тестостерон мөлшерінің азаюы (жыныстық гормондарды байланыстыратын глобулиндердің қалыпты деңгейінде).
Еркектік гипогонадизм белгілері Ерлерде жыныстық жетілу бұзылмаған. Осыған байланысты дауыс әуезділігі және дене бітімі қалыптыға жақын. Жыныстық нәпсі аңсарының төмендеуі, белсіздік, бедеулік — тұрақты жыныстық қатынас бір жыл көлемінде бола тұра, жүктілікті болдырмаушыларды қолданбағанда және жыныстық қатынасқа мүмкіндігі бар еркектің бала ұрықтандыруға қабілетсіздігі.
Көрсетілетін құрал: Дәрістердің мультимедиялық қойылымы
ӘДЕБИЕТ
Негізгі
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 580-593
Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.–М.: Гэотар-Медия. -2008.-С. 450-455
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, т.2, 2009. С- 522-528
Қосымша
И.Б. Манухин. Клинические лекции по гинекологической эндокринологии.-М.: 2001.-247с.
Патофизиология: Учебник под/ред Литвицкого П.Ф.– в дух томах.М.: Гэотар-Медия. -2004.- т. 2С. 373-386
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Изд-во Том.ун-та, 2006.С.651-654
Бақылау сұрақтары
Шынайы жыныстық ерте жетілудің себептері
Жалған жыныстық ерте жетілудің себептері
Біріншілік гипогонадизм дегеніміз не?
Екіншілік гипогонадизм дегеніміз не?
Біріншілік және екіншілік аменореяның себептері
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
№ 1 тақырып. «Несеп шығару жүйелерінің қабыну ауруларының патофизиологиялық сипаттамасы. Обструкциялық уропатия. Несептік синдромның патогенезі» .
Сабақтың мақсаты:
Бүйрек қызметі бұзылуының патогенезін, этиологиясын меңгеру
Бүйректің қабыну ауруларының патогенезін, этиологиясын меңгеру.
Оқыту міндеттері:
Тақырыпты меңгерген студент орындай алады:
Бүйрек қызметі бұзылуының патогенезін және этиологиясын сипаттауды
Несептік синдромның патогенезін түсіндіруді
Обструкциялық уропатия, пиолонефрит патогенезін және этиологиясын түсіндіруді
НЖЖ дерттеріндегі синдромдар мен симптомдардың патогенездік сызбанұсқасын құрастыруды
Ситуациялық есептерді қорытындылауды
Обструкциялық уропатиялар мен пиелонефриттертердегі қан мен зәр талданымының өзгерістерін талдауды
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Бүйрек қызметінің бұзылуына әкелетін себептер.
Шумақтарда несеп сүзілуінің төмендеуі және жоғарылауы, себептері, даму тетіктері, салдарлары.
Түтікшелік кері сіңірілудің бұзылуы. Тубулопатиялар, түрлері, себептері, патогенезі.
Несептің салыстырмалы тығыздығының өзгеруі (гипер-, гипо-, изостенурия), даму тетіктері.
Полиурия, олигурия және анурия, шығу тегі, даму тетіктері.
Несептің сапалық құрамының өзгерістері. Протеинурия, цилиндрурия, гематурия, пиурия, даму механизмі.
Бүйректің қабыну ауруларының, мысалға пиелонефриттің патогенезі және этиологиясы.
Обструкциялық уропатияның патогенезі және этиологиясы.
Оқыту мен сабақ берудің әдісі:
Ауызша сұрау, шағын топпен жұмыс, сынама,: ситуациялық есептерді шешу, кестелерді толтыру.
№ 1. тапсырма
|
«Пиелонефриттің патогенезі және этиологиясы». Кестені толтыру
|
Пиелонефриттің жиі себептері
|
|
Жұқпалардың ену жолдары
|
|
Жұқпалардың несеп арқылы ену жолдары
|
|
Жұқпалардың гематогенді жол арқылы енуі
|
|
Пиелонефрит туындауына бейімдейтін жайттар
|
|
Патогенезі
|
|
Қандағы өзгерістер
|
|
Несептік синдром
|
|
№ 2 Тапсырма Көрсетілген суреттті пайдалана отырып, обструктциялық уропатия дамуының мүмкін болатын нұсқаларын атаңыз.
?
?
?
?
?
?
?
№3. тапсырма
|
Ситуациялық есептерді шешу.
|
№ 1 есеп
Тапсырмада берілгендерді медициналық терминдермен сипаттаңыз. Талданымдарға сүйене отырып бүйрек дертінің түрін қорытындылаңыз:
Диурез –тәулігіне 420 мл
Тығыздығы – 1,011
Нәруыз – 2,0 г/л
көру аймағында: еріген, сілтіленген эритроциттер
Гиалинді, балауызды, түйіршікті цилиндрлер
АҚ – 175/95 мм. с.б.б.
Қалдық азот – 190 ммоль/л (қалыптыда - 4,28 - 28,56 ммоль/л)
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 555-579
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, С. 598-623
Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. – 420-427 с.
3. Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД., 2009 .
4. Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – С. 516-538
5. Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 172-
192
Қосымша:
Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 221-229.
Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки.-2 изд.-М.-СПб.: «Изд-во БИНОМ» - «Невский диалект», 2002.-206 с.
Бақылау (сынамалық тапсырмалар)
Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б 400-414 негізінде құрастырылған.
№ 2 тақырып «Бүйрек дерттерінің жекелеген түрлеріне патофизиологиялық сипаттама (жедел және созылмалы гломерулонефриттер, нефроздық синдром )»
Сабақ мақсаты:
Жедел және созылмалы гломерулонефриттің патогенезі мен этиологиясы, нефроздық және нефриттік синдромның патогенезі бойынша білімін жетілдіру.
Оқыту міндеттері:
Тақырыпты меңгерген студент орындай алады:
Бүйрек шумақтарының зақымдану себептері мен патогенезін сипаттауды
нефроздық және нефриттік синдромның патогенезін түсіндіруді
қауырт және созылмалы гломерулонефриттің этиологиясы мен патогенезін түсіндіруді
нефроздық және нефриттік синдромның патогенездік сызбанұсқасын құрастыруды
ситуациялық есептерді қорытындылауды
қауырт және созылмалы гломерулонефриттердегі қан мен зәр талданымының өзгерістерін талдауды
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Бүйрек шумақтары зақымдануының патогенезі
Нефроздық синдром, түсініктемесі, патогенезі
Жедел гломерулонефриттің этиологиясы мен патогенезі
Созылмалы гломерулонефриттің этиологиясы мен патогенезі
Гломерулонефрит кезінде қандағы және зәрдегі өзгерістер
Гломерулонефриттің клиникалық көріністерінің патогенезі (ісінулер, АҚ жоғарылауы, анемия ж.б.)
Оқыту мен сабақ беру әдісі:
Ауызша жауап, шағын топпен жұмыс жасау: сынамалау, ситуациялық есептерді шешу, патогенездік сызбанұсқаларды толтыру.
Тәжірибелік жұмыс
№ 1 тапсырма. Бүйрек шумақтарының сүзгіш мембранасының иммундық зақымдануының патогенездік сызбанұсқасын құрастыру. Антиген сипатын, антиген-антидене кешенінің орнығуын, негізгі дәнекерлер, сүзгі мембрананың зақымдану тетіктері
Иммундық кешендік зақымдану тетігі
Цитотоксиндік зақымдану тетігі
Жасуша қатысуымен жүретін зақымдану тетігі
№ 2 тапсырма Ситациялық есептерді шешу
№ 1 есеп
Науқас Н- ға 2 жыл бұрын «жедел диффузды гломерулонефрит» аңғарымы қойылды. Қазіргі уақытта әлсіздік, бас ауыру, бас айналу, айқын емес ісінулерге шағымданады.
Зәр талданымының қорытындысы:
Тығыздығы - 1008, нәруыз - 0,2%, көру аймағында аздаған эритроциттер, аз мөлшерде гиалинді цилиндрлер. Тәуліктік диурез – 3100 мл.
Қан талданымы:
Қалдық азот - 90 ммоль/л, жалпы нәруыз - 59 г/л (қалыптыда 65-85г/л), эндогенді креатининнің клиренсі – 40 мл/мин (90-170 мл/мин)
АҚ – 180/100 мм с.б.б.
Осы жағдайда полиурияның болуы 2 жыл бұрын қойылған «Жіті гломерулонефрит» аңғарымына қайшы келмей ме?
Қазіргі жағдайда полиурия мен гипостенурияның даму тетігі қандай?
Науқаста полиурияның дамуының маңызы қандай?
№ 2 есеп К. есімді науқас, жасы 22-де баспаның ауыр түрімен ауырып, 2 апта өткен соң бел аймағында ауыру сезімі, ентігу, жүректің жиі соғуы, бас ауыруы пайда болды. 4 күн ішінде 5 кг салмақ қосты. Қарап тексергенде: бет әлпеті бозғылт; қабақтары ісіңкі және қатпарланған, көз шелі тарылған, тізе және табандары ісінген, жүрек шекаралары кеңейген, АҚ 140/95 мм с.б.б., диурез бірден азайған, зәрде көп мөлшерде эритроциттер, лейкоциттер, түйіршікті цилиндрлер, нәруыз көптеп кездеседі. Қанда антистрептолизин О және антигиалуронидаза титрі жоғарылаған. 1. Бұл науқаста қандай ауру туралы ойлауға болады? 2. Бүйрек қызметі бұзылуының тетігі және себептері қандай? Ойлаған тұжырымыңызды дәлелдеңіз. 3. Науқаста болған өзгерістер мен симптомдардың әрқайсысының тетігі қандай? Гипергидратацияны не дамытты: бүйректің шығару қызметінің төмендеуі ме, әлде/немесе организмде сұйықтардың бүйректен тыс жиналуы ма? Жауапты негіздеңіз.
№ 3 есеп
Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын 40 жастағы науқастың рентген суретінде көлемді остеопороз анықталды. Көріністе сүйектің деминерализациясы рахитті айқындайды. Науқасқа Д витаминін тағайындау жақсы нәтиже бермеді.
1. Сүйек тініндегі байқалған өзгерістердің даму тетігі қандай?
2. Д витаминіне төзімділікті түсіндіріңіз.
БАҚЫЛАУ (сынамалық тапсырмалар)
Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П. Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б 400-414 негізінде құрастырылған.
№ 3. тақырып «Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Балаларда бүйрек жеткіліксіздігінің даму ерекшеліктері.»
Сабақтың мақсаты:
Бүйректің жедел және созылмалы жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезі бойынша білімін жетілдіру.
Оқыту міндеттері:
Тақырыпты меңгерген студент орындай алады:
БСЖ этиологиясы мен даму тетіктерін сипаттауды
Уремиялық синдромның патогенезін түсіндіруді
Балаларда бүйрек жеткіліксіздігінің даму ерекшеліктерін негіздеуді
Ситуациялық есептерді қорытындылауды
БСЖ кезіндегі қан мен зәр талданымының өзгерістерін талдауды
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі, пайда болу себептері
Бүйрек қызметінің бұзылуы дәрежесі мен диурез өзгерістері бойынша БСЖ -нің сатылары, патогенезі.
Уремия, анықтамасы, организмдегі өзгерістердің патогенезі.
Балаларда бүйрек жеткіліксіздігінің даму ерекшеліктері.
Оқыту мен сабақ беру әдісі: сынамалау, ауызша жауап, шағын топпен жұмыс жасау: ситуациялық есептерді шешу, кестелерді толтыру, тәжірибелерді орындау.
Тәжірибелік жұмыстар
№ 1 тапсырма
|
Ситуациялық есептерді шешу
|
|
|
№ 1 есеп
Науқастың АҚ тұрақты көтерілген, шағымдары: басының ауыруы, көзі көруінің нашарлауы. АҚ 190/110 мм сын.бағ; ЖСЖ мин 110рет; таңертең бетінде, көзінің астында ісінулердің болуы. Шеткері қанда: эритроциттер-3,2 х 1012/л, гемоглобин – 105 г/л, ретикулоциттер – 0,02%:, лейкоциттер -5,6 х 109/л. Қан плазмасында: жалпы нәруыз– 56г/л, әлбуминдер – 16 г/л (қалыпты 40-50 г/л), глобулиндер – 40 г/л (қалыпты 20-30 г/л), қалдық азот – 39ммоль/л, зәрнәсіл – 11,4 ммоль/л (қалыпты 3,3-8,3 ммоль/л).
Зәр реакциясы қышқыл, нәруыз мөлшері 0,85 г/л, қантқа реакция теріс. Тұнбаны микроскоппен тексергенде: көру аймағында эритроциттер 2-3, гиалинді цилиндрлер 7-9, кан сарысуындағы
креатинин 6,9 мг/л (қалыпты 12-14 мг/л), зәр – 520 мг/л (қалыпты 200-500 мг/л). Зимницкий сынауы:
Уақыт
|
Зәр көлемі
|
Зәрдің салыстырмалы тығыздығы
|
9
12
15
18
21
24
3
6
|
80
100
70
80
150
200
100
150
|
1030
1020
1025
1020
1021
1025
1025
1021
|
Зимницкий сынауын бағалаңыз
Эндогенді креатинин бойынша клиренсті есептеңіз. Көрсетілген өзгерістер нені мәлімдейді?
Осы науқаста зәрдің сапалық өзгерістері нені мәлімдейді?
Қанның биохимиялық өзгерістері нені мәлімдейді?
№ 2 есеп К есімді науқас, 48 жаста созылмалы диффузды гломерулонефритпен 5 жыл бойы ауырады. Соңғы екі аптада жүрегінің қысып ауыру сезімі, жүректің жиі қағуы, айқын ісінулер әсіресе жүрген кезде аяқтарында байқалады. Зәр талданымының қорытындысы: тәуліктік диурез 1100 мл, тығыздығы 1,042, нәруыз 3,3%. Зәр тұнбасының микроскопиясы: көп мөлшерде түйіршікті және балауыз тәрізді цилиндрлер. АҚ 170/95 мм сын. бағ. Қан талданымы: қалдық азот 70 мг%, жалпы нәруыз 4,8 г%, әлбуминдер 1,5 г%, глобулиндер 2,8 г%, гиперлипидемия, гипернатриемия. 1. Науқастағы симптомдар патологияның қандай түрінің дамуына тән? 2. Майлар алмасуының бұзылыстарының қандай түрі дамуы мүмкін және олардың даму тетіктері қандай? 3. Гиперлипидемияның ұзаққа созылғанда мүмкін болатын салдарлары қандай? 4. Науқаста бүйрек жеткіліксіздігі мен уремияның белгілері бар ма? № 3 есеп Науқас П. 52 жаста, 12 жылдан бері созылмалы гломерулонефритпен зардап шегеді, соңғы күндері күндіз ұйқышылдық және түнде ұйқысыздықтың болғанын, тез шаршағыштық, бұлшықеттердің әлсіздігі, апатия, эпигастральды аймағында және кеуде тұсында ауырлық сезімі, құсу, іш өту, терінің қышуына шағымданып дәрігерге келді. Зерттеп тексергенде: АҚ 165/95 мм сын.бағ. жүрек шекарасы солға кеңейген, жүректің барлық аймағында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Қан талданымы: анемия, лейкопения; азотемия, гипо‑ және диспротеинемия, эндогенді креатининнің клиренсі 45 мл/мин. Зәр талданымы: тәуліктік диурез 450 мл, тығыздығы 1,029, протеинурия. Зәр тұнбасының микроскопиясы: көру аймағында эритроциттер — 10, көп көлемде лейкоциттер, аздаған түйіршікті және балауызды цилиндрлер. ҚСҮ көрсеткіші: рН 7,32; рСО2 32 мм сын.бағ. SB 16 мэкв/л, ТК зәрде 11 мэкв/л, NH+4 10 мэкв/л. 1. Науқаста дамыған жағдайды сіз қалай тұжырымдайсыз? 2. Осы жағдайдың дамуының мүмкіндік себептері қандай? 3. Психоневрологиялық, кардиологиялық және гематологиялық симптомдар дамуының, ҚСҮ мен зәрдегі өзгерістердің шығу тегі қандай? 4. Науқаста болған бұзылыстардың өршуі қандай жағдайларға әкелуі мүмкін?
№ 2 тапсырма. «Балаларда бүйрек патологиясының ерекшелігі» кестені толтырыңыз.
Жаңа туылғандарда бүйрек қызметінің транзиторлы бұзылуы
|
|
Зәрқышқылды инфаркт
|
|
Физиологиялық гипостенурия
|
|
Бүйрек патологиясының шығуы бойынша негізгі топтары
|
|
Балаларда бүйрек жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезінің ерекшеліктері.
|
|
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2007. – Б. 555-579
Патофизиология учебник + СД. Литвицкий П.Ф. – 4-е изд. – М., ГЭОТАР-МЕД., 2008. – 427-432 с.
Патофизиология//Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д., Уразовой О.И.– М., ГЭОТАР-МЕД.,т.2, 2009.- 460-467
Патологическая физиология//Под ред. Зайко Н.Н., Быця Ю.В. - Москва: МЕДпресс-информ, 2004 – С. 516-538
Патофизиология. Основные понятия.: учебное пособие. Ефремов А.В.– М., 2008.– С. 172-
192
Қосымша:
Нурмухамбетов А.Н. Патофизиология в схемах и таблицах – Кітап, 2004 – С. 221-229.
Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 598-623.
Джеймс А. Шейман. Патофизиология почки.-2 изд.-М.-СПб.: «Изд-во БИНОМ» - «Невский диалект», 2002.-206 с.
Бақылау (сынамалық тапсырмалар)
Сынамалық тапсырмалардың нұсқасы патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы, 2007.- Б 400-414 негізінде құрастырылған
СТУДЕНТТЕРДІҢ АУДИТОРИЯДАН ТЫС ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА (СӨЖ) АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
№ 1 тақырып «Бүйректің жедел жеткіліксіздігінің патофизиологиялық механизмі»
Мақсаты: БЖЖ этиологиясы мен патогенезін өзіндік оқу
Тапсырма:
Сұрақ бойынша оқу материалдарымен жұмыс істеу:
БЖЖ этиологиясы
БЖЖ дәрежесі және олардың патогенезі
БЖЖ емдеу әдісі
Ситуациялық есептерді шешу
Сынамалық тапсырмаларды шешу
СӨЖ орындау түрі:
Әдебиетте келтірілген материалды өзіндік оқу, сынамалық тапсырмаларды орындау, ситуациялық есептерді шешу, ойландыратын тәжірибе.
Орындау критерийі мен бағалау критерийін «Білімді бағалаудың критерийлері мен ережелер» 2.11 бөлімінен қараңыз
СӨЖ тапсыру мерзімі
«Несептік – жыныстық жүйе» модулі бойынша мерзімдік бақылау
№ 1 тапсырма Ситуациялық есептерді шешу
№ 1 есеп
|
Тышқандарда сулемамен уланғанда диурез қалай өзгереді? Ойландыратын тәжірибені орындау.
|
Әдіс: Екі тышқанның құрсақ қуысына біркелкі мөлшерде 3 мл тазартылған су енгізіледі. Сонымен қатар, біреуіне алдын ала тері астына 0,05 мл 1% сулема ерітіндісін енгізіледі.
Екі тышқандыда өлшенген түтікке воронка арқылы отырғызу тәжірибе аяқталғанда зәрдің қалдығы қуығынан қысып шығарылады.
Бақылау мен тәжірибелік тышқандардың бөлінген зәрін бір сағаттан кейін салыстыру. Бөлінген зәрдің шамамен санын үшінші кестеге жазыңыз, диурез бұзылуының патогенезіне нәтиже жасаңыз.
Тәжірибенің хаттамасы
Жануарлар
|
Әсері
|
Зәрдің мөлшері
|
Бақылау
№ 1 Тышқан
|
3,0 мл тазартылған су
|
|
Тәжірибе
№ 2 Тышқан
|
3,0 мл тазартылған суда ерітілген сулема ерітіндісі
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |