ОртопедиялыҚ стоматология модулі Тақырыбы: Үш тілдік оқыту бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа жолдары. проф.Құлманбетов И.А. асс.ҚҰЛМАНБЕТОВ Р.И.
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Түйіндеме.Тақырыпқа байланысты лингвистикалық бағдарлама тілдескіш, терминологиялық сөздік және медициналық мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы жүзеге асырылған. Кілт сөздер:лингвистика, терминология, полилингвизм, мақал мен мәтелдер, үш тілдік оқыту үрдісі, білім, дағды, іскерлік.
Резюме: Языковая компетенция студентов находят свое развитие путем составления разговорника, словаря стоматологических терминов, пословиц и поговорок на медицинскую тему в плане трехязычного (казахского, русского, английского) обучения. Ключевые слова: лингвистическая компетенция, разговорник, стоматологические термины, полилингвизм. KULMANBETOV.I.A.,KULMANBETOV.R.I. Kazakh National Medical University named after Asphendiarov S.D. The ways of trilingual education program development. Summary: Language competence of students finds its development by forming of phrasebook, dictionary dentistry terms, proverbs and sayings on medical theme in plan of trilingual (Kazakh, Russian, English) education. Кeywords:linguistic competence, phrasebook, dentistry terms, multilingualism.
Зерттеудің өзектілігі. Біздің көп ұлттық елімізде қазақ тілі мемлекеттік тіл болса, орыс тілі ұлттаралық қатынас тіл болып табылады. Қазақстан Республикасы тәуелсіз болған жолдардан бері қоғам өмірінде қазақ тілінің рөлі күрт өсіп, беделі артты. Бұл мәселе, әсіресе, ұлты әр түрлі науқастарды қабылдайтын дәрігерлер үшін маңызды. Әр дәрігер өзінің күнделікті тәжірибесінде қазақ және орыс тілін тең дәрежеде пайдалануы тиіс. Қазіргі таңда ағылшын тілін білу де уақыт талабына айналды. Әсіресе, білім сапасының аса жоғары құндылыққа айналуы, дәрігер мамандарды даярлауға деген талаптың күшеюі, ақпараттың күннен-күнге өсуі – осының барлығы университетте тілдерді оқытудың белгілі мақсаттарын қайта қарастыруға түрткі болып отыр. Әлемдік білім беру кеңістігінде және ықпалдасу үрдістерінің тереңдеуі барысында лингвистикалық біліктілік қарым-қатынастық кілтіне айналды. Оның үстіне біздің ҚазҰМУ-да жасалған тілдер бағдарламасы өзінің мазмұны, құрылымы бар толыққанды курс болып табылады және ол коммуникативті тұрғыда бағдарланып, кәсіби бағытталған.
Зерттеудің мақсаты.Оқыту үрдісіне, яғни студенттерге, дәрігер интерндерге үш тілдік білім беру жүйесін енгізу, үш тілдегі сөздердің мағынасын ашуға талпыныс жасау. Зерттеудің әдістері мен материалдары.Белгілі-бір тақырыпты игеру барысында студенттер мен дәрігер-интерндер немесе жас дәрігерлер өз мамандықтары бойынша қарым-қатынас орнатуға қажетті лексикалық сөздік қор жинақтай алатыны белгілі. Жоғарыда аталған мақсатқа сәйкес лингвистикалық әдістер яғни тілдескіш, стоматологиялық терминдер сөздігі және медициналық мақал-мәтелдер үш тілдік (орысша-қазақша-ағылшынша) тұрғыдан қарастырылып аталмыш оқыту бағдарламасын іске асыруға пайдаланылды.
Зерттеудің нәтижесі. «Орысша-қазақша-ағылшынша тілдескіш» дәрігер-стоматологпен науқас арасындағы кейбір жағдайда туындайтынсұрақтар мен жауаптардан тұратын диалог ретінде құрастырылды . Оған мынандай мысалдар келтіруге болады. «Дәрігер-стоматолог-терапевтің қабылдауындағы» жағдаят (ситуация):
Орысша
Қазақша
Ағылшынша
Врач: - Здравствуйте!
- Сәлеметсіз бе!
Doctor: Hello!
Врач: - Проходите, пожалуйста.
Дәрігер: -Төрлетіңіз.
Doctor: Come in,please.
Врач: - Садитесь, пожалуйста, в кресло, я проведу осмотр.
Дәрігер: -Мына креслоға отырыңыз, мен қара тексерейін.
Doctor: Please sit downina chair,I will holdexamination.
Врач: - Как Вас зовут?
Дәрігер: -Сіздің есіміңіз кім?
Doctor: What’s your name?
Пациент: - Меня зовут…
Науқас: - Менің есімім...
Patient: My name is…
Врач: - На что жалуетесь?
Дәрігер: -Шағымыңыз қандай?
Doctor: What tocomplain?
Пациент: - Болит зуб.
Науқас: - Тісім ауырады.
Patient: Toothache.
Екінші әдіс бойынша стоматологиялық терминдер сөздігі үш тілдік оқыту бағдарламасына сай төменгідей түрде құрастырылды. Олар:
Үш тілдік оқыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін коммуникативтік дағдыларды мақал- мәтелдер арқылы жетілдіруді жөн көрдік. Қанша дегенмен ''мақал бекер айтылмас болар'' (пословица недаром молвится ). Сол сияқты “даналық-мәтелде” (в поговорке мудрость) деп тіл арқылы ой- пікір алмасуға, ақпарат жеткізуге мән бердік.
The evils we bring on ourselves are the hardest to bear.
Қорытынды: Сонымен, үш тілдік оқыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін тілдескішті, стоматологиялық терминдер сөздігін және медициналық мақал-мәтелдерді пайдалану оқу сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Стоматологиялық көмек көрсету кезінде дәрігер стоматолог пен науқас адамның бір- бірімен еркін тілдесуіне жәрдемдеседі. Соның арқасында сапалы ем мен стоматологиялық денсаулыққа қол жеткізуге ықпал ететін өзара серіктестік қарым -қатынас қалыптасады. Үш тілдік оқыту жүйесі әлеуметтік және кәсіби бағытталған қарым- қатынас аясында, тілдерді белсенді түрде меңгеруге ынта-ықылас туғызып, болашақ дәрігер маманның мәдени және лингвистикалық біліктілігін арттыруға көмектеседі.