Байланысты: Мінсіз м алім ж не о ушыларды жеке ерекшеліктері
Жаңа туған бала 1күннен 10 күнге дейін Емшек жасындағы бала 10 күннен 1 жасқа дейін Ерте балалық шақ 1 жастан 3 жасқа дейін Бірінші балалық шақ 4 жастан 7 жасқа дейін Екінші балалық шақ 8 жастан 12 жасқа дейін (ер балалар) 8 жастан 11 жасқа дейін (қыз балалар) Жеткіншектік жас 13 — тен 16 жасқа дейін (ер балалар) 12- ден 15 жасқа дейін (қыз балалар) Жасөспірімдік шақ 17 – ден 21 жасқа дейін (ер балалар) 16 – дан 20 жасқа дейін (қыз балалар) Кәмелеттік жастың бірінші кезеңі 22 – ден 35 жасқа дейін (ерлер) 21 – ден 35 жасқа дейін (әйелдер) Кәмелеттік жастың екінші кезеңі 36 – дан 60 жасқа дейін (ерлер) 36 – дан 50 жасқа дейін (әйелдер) Кексе жас 60 – дан 74 – ке дейін (ерлер) 56 – дан 74 – ке дейін (әйелдер) Қарттық жас 75 – тен 90 – ға дейін Ұзақ жасау 90 жас және одан жоғарылар. Соңғы жылдары симпозиумда қабылданаған жас кезеңдерінің схемасына, яғни туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейін өзгерістер кіреді. Олар жеті сатыдантұрады.
Жаңа туған бала (туған сәттен 1 – 2айға дейін). Нәрестелік шақ ( 1- 2 айдан 1 жылға дейін). Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін). Мектепке дейінгі балалық шақ ( 4 жастан 7 жасқа дейін). Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11 – 12 жасқа дейін). Жеткіншектік шақ (11 – 12 жастан 14 – 15 жасқа дейін). Жасөспіроімдік жас (14 – 15 жастан 17 жасқа дейін). Мектепке балаларды алты жастан бастап қабылдауға байланысты төрт , бес, алты және жетісатылардағы жас кезеңдері өзгереді. Осы жас кезеңдерінің әр бір жанұямен, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және мектептер басшылыққа алады. Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі жас сатылары немесе биологиялық жетілу шақтары. Мектепке дейінгі балалық шақ, бастауыш мектеп шағы, жеткіншектік және жасөспірімдік шақ кезеңдерінде балалардың өсу, даму және тәрбие барысынды болатын кейбір өзгешеліктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып, мектеп және жанұя олардың іс — әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру тиіс.