Байланысты: Мінсіз м алім ж не о ушыларды жеке ерекшеліктері
Акселерация құбылысы. ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың басынан дүние жүзіндегі көптеген елдердің ғалымдары балалардың дене және психикалық дамуының тездеуін – акселерация құбылысы деп атап көрсетті. Демек, акселерация физиологтарыдың, педагогтардың зеттеу обьектісіне айналды.
Акселерация құбылысы тұрғысынан қарағанда қазіргі жеткіншектік шақтағы балалардың бойы биік, иықтары қисыңқы, кеудесі қысқа, аяқтары ұзын келеді. Күні бұрын тез жетілген оганизм ауруға, суыққа және дене салмғына төзімсіз келетіндігі бірті – бірте анықталуда. Ер жетуге дейінгі ересек жастағы балалар жыныс мүшесі жетілу кезінде тез шаршайды. Осынгдай тез өсетін организмде жүрек – тамыр жүйесінің дамуы бірнеше есе қалыс қалады да өзінің міндеттерін атқара алмайды.
Зерттеулердің қуаландыруына қарағанда дененің дамуы мен жыныс мүшесінің жетілуі тездейді. Ал баланың психикалық жетілу деңгейі артта қалады. Осыған орай, ер немесе қыз бала қоғам, жанұя алдындағы өзінің борышын, ар – намысын міндеттерін толық жауапкершілікпен түсіне бермейді. Сондықтан да олар жанұя құруға материалдық және моральдық жағынан әлі дайын емес. Бұл мәселені ата – аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер ерекше ескертулері керек, өйткені 17 –18 жасқа толған жастар арасында ерте үйленушілік әдетке айналуда.
Қазіргі кезеңде акселерация жайлы әртүрлі жорамал ойлар бар. Акселерация күн радиациясымен байланысты, сондықтан организм витаминдерді тез синтездейді деген пікір айтылуда. Егер олай болса акселерация құбылысы неге терістік аудандарда байқалады? Не себепті күн астында көп жүретін село балалары қала балаларына құарағанда баяу өсіп жетіледі? Кейбіреулер акселерация құбылысын мал майлары мен белоктағы тағамдар арқылы көбірек пайдаланудан деп түсіндірелі. Олай болса, мал майлары мен белоктары бірнеше рет аз мөлшерде пайдаланатын Жапония балаларының тез өсіп жетілуін қалай түсіндіруге болады.Акселерация космос және радио тербеліс толқыны дәрежесімен, ақпарат тасқынымен байланысты деушілерде бар.
Әрине акселерация құбылысы жайлы түпкілікті қорытынды шығару ертерек. Өйткені бұл әлі де жан – жақты зеттеуді қажет ететін проблема. Деген мен акселерацияға байланысты кейбір мәселелердің дұрыс шешілуі ойластырылуда. Мысалы, меатеп мебельдерінің , сырт және аяқ киімдерінің үлгілері , дене шынықтыру мен жаттықтыру комплекстерінің қайта қаралуы т.б. Сонымен бірге акселерация құбылысының ақыл – ой дамуына да ықпал жасайтындығы байқалуда.