Мінсіз мұғалім және оқушылардың жеке ерекшеліктері


Мектепке дейінгі балалық шақта



бет3/5
Дата24.12.2022
өлшемі26,07 Kb.
#164300
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мінсіз м алім ж не о ушыларды жеке ерекшеліктері

Мектепке дейінгі балалық шақта Бұл жастағы балалар күнделікті тұрмысқа байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүйек, бұлшық ет жүйесі ұзақ уақытта еңбекті көтермейді. Сондықтан ата – аналар балалардың күш – қуатын еске алып, еңбек тәрбиесінің түрлеріне бірте – бірте үйрету тәсілдері арқылы жаттықтыруы қажет.
Бұл жастағы балалар ертегі немесе өлеңмен жазылған қысқа әңгімелерді тыңдауға, айтып беруге өте құштар болады. Негізгі іс — әрекеті ойын. Ойынның барысында баланың қабілеті айқын көрінеді. Бірінші сыныпқа келіп түскен балада кейбір ұнамды қасиеттердің бар екендігін мұғалімде, ата – аналардың өздері де сезе бастайды. Ол қасиеттер баланың оқуға ынталы, сөз қоры мен тіл дамуының дүниеәрежесі, табиғат және адамдар жөніндегі бірсыпыра мәліметтерді білу, дененің жетілуі т.б.
Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттері күші артады, сүйек жүйесі қалыптасу сатысында болады, мидың үлкен жарық шарының функциялары дамиды. Бұл жастығы балалардың іс — әрекеті — оқу. Осы оқу арқылы олардың таным процесі дамиды. Н.К.Крупская және А.С Макаренко 7 – 12 жастағы балалар үшін әсіресе ұжымдық ойындардың маңызын атап көрсетті. Олардың айтуы бойынша ойын балаларды ереітілікке-, ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеп қана қоймайды, ол жолдастық сезімге, ұжым мүддесіне үшін әрекет жаауға тәрбиелейді.
Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор. Тәрбие процесінде балалардың кейбір теріс қылықтарын байқауға болады. Мысалы, өзімшілдік, біреудің жақсы әдеттері мен істерін көре алмаушылық, түрлі болымсыз себептерді сылтау етіп үй тапсырмаын орындаудан қашушылық т.б. балалардың мұндай теріс қылықтарына жол бермеу, тәрбиешілердің, ата – аналардың беделіне, біліміне, өмір тәжірибесіне байланысты.
Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың мынандай ерекшеліктерін еске алған жөн: сөзбен істің сәйкесті болуын талап етеді; жөнсіз кінәлаудың жеркену сезімі туады; үлкен адапмдардың жібергшен қателерін тез байқайды; арманшыл, қиялшыл болады; ұйымшыл келеді; сенімді серік іздейді; өз мүмкіндіктерін, күшін асыра бағалайды; түрлі спорт ойындарында өте ықыласты болады т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет