Миокард инфаркті



Дата06.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#80909
Байланысты:
миокард инфарктісі

Миокард инфаркті

Миокард инфаркті орналасуы

  • Алдыңғысептальды (алдыңғыаралық);
  • - Алдыңғы ұшы;
  • - Алдыңғыбүйірлік;
  • - Алдыңғы базальды (жоғары алды);
  • - Алдыңғы жайылмалы (септальды, ұшылық жəне бүйірлік);
  • - Артқы дифрагмальды (төменгі);
  • - Артқыбүйірлік;
  • - Артқыбазальды;
  • - Артқы жайылмалы;
  • - Оң қарыншалық МИ.

Миокард инфаркті

  • Миокард инфаркті - тәж артериясы миокардтың оттегіге мұқтаждығын қамтамасыз ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы. Миокард инфарктісімен сырқаттанатын науқастардың саны 1000 адамға шаққанда 2,87 – 3,08% - ын құрайды. ЖИА –ның бұл түрі көбіне 40-тан асқан шақта дамиды және 50-56 жас аралығында бұл аурумен сырқаттану едәуір жиілейді. Ер адамдар әйелдерден 5-2 есе жиі ауырады. Соңғы кезде миокард инфарктісінің жиілігі екі есе көбеюге жақындаған.

Себептері

  • Темекі шегу
  • Артық салмақ, майбасу
  • Аз қимыл-қозғалыс (гиподинамия)
  • Жүрек қан-тамыр ауруларына генетикалық бейімділік
  • Жоғары артериалды қысым (гипертония)
  • Қант диабеті
  • Сапасыз тағамдарды пайдалану
  • Қанның құрамында холестериннің жоғары болуы
  • Қатты уайымға түсу, стресс
  • Ағзаның артық күш жұмсауы

Симптомдары

Диагностика

  • Ауырсыну синдромын анықтау
  • Электрокардиография
  • Жүректі Узд арқылы тексеру (эхокардиография)
  • Коронарлы тамырларды ангиография арқылы тексеру
  • Сцинтиграфия
  • Қанның биохимиялық талдауы

Жіктелуі

  • Жүрек бұлшықетінің тереңділігімен ауқымдылығына байланысты зақымдалуы;
  • - Ауру ағымының сипатына байланысты;
  • - МИ орналасуына байланысты;
  • - Ауру сатысына байланысты;
  • - МИ асқынуына байланысты.

Аурудың ағымына қарай сипаттамасы

  • Біріншілік анамнезінде МИ бұрын ауырған жəне аспапты тексерулерде МИ белгілерінің болмауымен анықталады.
  • 2. Қайталамалы МИ тек мына жағдайда, науқаста бұрын МИ ауырған туралы құжаттық мəлімет болса жəне айқын жаңа некроз ошақтарыны пайда болғанда анықталады.
  • 3. Рецидивті МИ клинико-зертханалық жəне аспапты зерттеу белгілердің, МИ дамығаннан кейін мерзімі 72 сағаттан (3 тəулік) 28 күнге дейін жаңа некроз ошақтарының пайда болуымен жəне оның негізгі үрдістерінің тыртықтануымен аяқталуы.

Емі

  • Инфарктінің алғашқы симптомдарын пайда болған жағдайда жылдам жедел-жәрдемді шақыру керек!
  • Жедел жәрдем келгенше науқасқа келесі көмекті жедел көрсетілуі шарт!
  • Науқасты өзіне ыңғайлы етіп жатқызу не отырғызу керек. Қысып тұрған киімінің кеуде тұсын ағытытып, бөлмеге таза ауа кіргізу керек.
  • Науқасқа келесі дәрі-дәрмектерді беру керек:
  • Нитроглицерин дәрісін тілдің астына салу, қажет болса 2 данадан.
  • «Корвалол» дәрісінен 30-40 тамшы
  • «Аспирин» дәрісін
  • Бұл дәрілер ауруды жеңілдетелі, ал аспирин қанның ұйып қалуының алдын алады.

Профилактика

  • Артериалды қысымды қадағалау
  • Қанның құрамындағы қант деңгейін қадағалау
  • Күннің астында ұзақ уақыт қалып кетпеу
  • Зиянды тағамдардан бас тарту. Дәрумендер мен микроэлементтерге бай тағамдарды пайдалану.
  • Мүмкіндігінше көп қимылдау. Жүру, билеу, велосипед тебу және т.б.
  • Темекі, ішімдік, кофеден, энергия беретін сусындардан бас тарту.
  • Бойдағы салмақты қадғалау. Артық салмақтан арылу.
  • Созылмалы жүрек қан-тамырларының ауруларын қадағалау, уақыты ем-дом қабылдау.
  • Жылына бір рет теңізде немесе тауда демалу.

Реабилитациялау

  • Инфарктіден соң тез оңалу үшін келесі міндеттемелерді жасау керек:
  • Ауыр нәрсе көтермеу
  • Емдік дене шынықтырумен айналысу. Мысалы, жүру.
  • Зиянды әдеттерден арылу (темекі, ішімдік, кофе)
  • Арнайы диета ұстау. Тұзды, майлы тағамдарды рационнан алып тастау.
  • Төсек қатынасына тек дәрігермен кеңесіп барып түсу.

Асқынулар

  • Уақытылы көрсетілмеген медициналық көмекте инфаркт салдары төмендегі ауруға әкеледі:
  • Аритмия (жүрек соғысының бұзылуы)
  • Өткір жүрек жетіспеушілігі
  • Ішкі ағзаларда қанның ұйып қалуы (бұл инсультке, өкпенің қабынуына, ішек некрозына және т.б. әкеп соғады)
  • Кардиогенді шок
  • Жүрек аневризмі (қан тамырларының кеңеюі)
  • Инфарктан кейінгі синдром (буын аурулары, перикардит, өкпе қабынуы)
  • Өлім


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет