5 Табиғи негативті факторлардың көздері
Органикалық әлемнің толық құбылысынан Күн белсенділігінің тәуелділігі туралы куәландыратын 20 ғасырдың ортасына мәліметтер жиналды: астықтың өнімі, өсімдіктердің өсуі және ауруы, жануарлар және балықтар аулаудың көбеюі, адамдағы инфекционды науқастардың және келеңсіз жағдайлардың көп болуы.
Жер өміріне күн радиациясы үлкен әсер етеді. Күн айналымы кезінде белсенді аудандар Жерде көрінеді де жоғалады, ол жер айналасындағы кеңістікте магнитті дауылды туғызады.
Осы кезендерге жер айналадағы кеңістіктің магнитті дауылдың саны тәуелді болады. Дауылдың максималды саны наурыз-сәуір және қыркүйек-қазан айларында болады.
Магнитті дауыл кезінде жүрек-тамырлы және жүйке-психикалық науқастар жоғарлайды, көлік апаттардың саны 30 % өседі, сонымен қатар эпедемияның жоғарлауы көрінеді.
Өзгеретін магнитті дауылдар қосымша токтың өткізгіштерде пайда болуына жол береді. Магнитті дауыл кезінде артық ток мүмкін деңгейін жоғарлатады, ол энергожүйелер мен байланыстың кабелдік желілерді тепе-теңдіктен шығарады.
Тәжірибеге геофизикалық жағдайлар бойынша жағымсыз күндер туралы халыққа хабар береді.
Ауа райының өзгеруі атмосфералық қысым, температура және ылғалдылықпен қоса болады. Климаттың қалыптасуында желдер басты рөл атқарады. Атмосферадағы ауа қозғалысы құйынды сипаттамасы бар ағыстың бір біріне қосыла келгендімен жинақталады.[3, с. 140-145]
ҚР Қазгидромет халыққа осындай қауіп-қатер кезінде хабар береді:
Достарыңызбен бөлісу: |