«Ґмір тіршілік ќауіпсіздігініѕ негіздері» пјні бойынша дјрістіѕ конспекті пјнніѕ аќпараттыќ мјліметінен ќўрылады жјне адам аєзасына негативті факторлардыѕ јсерін алдын-ала ескеруден, бейбітшілік жјне тґтенше жаєдай пайда болу кезіндегі


Төтенше жағдай кезінде шұғыл-қалпына келтіру мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру



бет49/71
Дата07.02.2022
өлшемі390 Kb.
#95999
түріКонспект
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71
Байланысты:
80994 (1)

12.5 Төтенше жағдай кезінде шұғыл-қалпына келтіру мен құтқару жұмыстарын ұйымдастыру
Стихиялық апаттар, ірі апаттар мен катастрофалардың салдарын жою кезіндегі құрылымдардың негізгі міндеті – адамдар мен материалдық құндылықтарды құтқару болып табылады. Құрылымдардың қызметінің сәтті өтуі көбінесе өз уақытындағы белгілі шарттағы жағдайды есепке алуға мен барлау өткізуге мен ұйымдастыруға байланысты болып келеді.
Стихиялық апат аудандарында барлау анықтайды: апат ошағының шектерін және оның тарау бағытын, тікелей қауіп төніп тұрған объектілер мен елді мекендерді, адамдар жинақталған орындарды, жұмыс орнына техниканың жету амалын, ғимараттар мен құрылыстардың зақымдану жағдайын, сонымен бірге оның ішіндегі зақымданған адамдардың болуын, коммуналды-энергетикалық желілердің апаттанған жерлерін, шұғыл апатты-қалпына келтіру мен құтқару жұмыстарының көлемін анықтайды.
Барлауды барлаушы топтар мен бөлімдері өткізеді. Барлаушы құрылымдарға объектінінің орналасуы мен өндірістің ерекшелігін білетін мамандарды қосу ұсынылады.
Бірінші эшелон күш топтауына негізінен апат болған объект құрамдары енеді, ал екіншісіне – көрші объектілердің (аудан) құрылымдары енеді.
Құтқару жұмыстары стихиялық апат аудандары мен ірі апат орындарында бірінші кезекті катастрофалық салдардың, апаттардың болуын, адам өлімі мен материалдық құндылықтардың шығынына әкелетін екінші реттік себептердің болуын болдырмаудың алдын-ала ескерту болып табылады.
Құрылымдардың командирлері аудандағы жағдайды үнемі біліп отыруы керек, оның өзгеруіне сәйкес анықтап немесе бөлімшелерге жаңа міндет қойып отыруы қажет.
Құтқару мен шұғыл жұмыстарды өткізу үшін техникалық құралдар қажет болады:
- жертөлелерді, қорғаныс құрылыстарды бұзуға машиналар (экскаваторлар, бульдозерлер, крандар, домкраттар, лебедкалар);
- ауа жіберу үшін және тесік жасайтын пневматикалық құралдар (әмбебап құралдар, бұрғы қондырғылары, кен балғалары);
- металлды кесуге арналған құралдар (керосинкескіштер, автогенді аппараттар, сеперқайшылары және т.б.);
- жолсыздықтан техниканы өткізуді қамтамасыз етуге арналған құралдар (механизацияланған көпір, тартым-трейлерлер, өздік жүретін шынжыр табанды паромдар, понтондар және т.б.);
- сумен қамтамасыз ету құралдары (бұрғы қондырғылары, фильтрлеу станциялары және т.б.);
- адамдарды іздеу құралдары (иттері бар кинологтер, теплопеленгаторлар). [1, с. 237-248; 2, с.406- 409].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет