«Ґмір тіршілік ќауіпсіздігініѕ негіздері» пјні бойынша дјрістіѕ конспекті пјнніѕ аќпараттыќ мјліметінен ќўрылады жјне адам аєзасына негативті факторлардыѕ јсерін алдын-ала ескеруден, бейбітшілік жјне тґтенше жаєдай пайда болу кезіндегі


Төтенше жағдайларда әрекет жасау және алдын-ала ескерту бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйесі



бет46/71
Дата07.02.2022
өлшемі390 Kb.
#95999
түріКонспект
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71
Байланысты:
80994 (1)

12.3 Төтенше жағдайларда әрекет жасау және алдын-ала ескерту бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жүйесі
Табиғи, антропогенды, техногенды сипаттамасы бар төтенше жағдайы және зардап шегетін қазіргі заттарды қолдануы кезінде Қазақстан Республикасында территорияны, экономика объектілерді, халықты қорғау үшін төтенше жағдайды жою мен алдын-ала ескерту бойынша мемлекеттік жүйесі (Азаматтық қорғау жүйесі) жұмыс жасайды.
Мемлекеттегі азаматтық қорғанысты жүргізу мен ұйымдастыру бойынша бүкіл қызметі «Азаматтық қорғаныс туралы» 7.05.1997 жылынан ҚР Ережесімен анықталған. Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныстың жалпы басқармасы премьер-министрге жүктелген (ол – Қазақстан Республикасының азаматтық қорғаныстың бастығы). Азаматтық қорғаныспен тікелей басқару үшін ортаңғы атқарушы органы – Төтенше жағдай бойынша Қазақстан Республикасының агенттігі құрылған. Агентігінің ортанғы аппараты құрылымдық бөлімшелерден және департаментінен тұрады. Департамент құрамы Республика үкіметінде тағайындалады. Агенттігімен тағайындалған Департамет басымдылығы болады. Агенттігінің төрағасы лауазымы бойынша ҚР азаматтық қорғаныс бастығының орынбасары және бір мезгілде жол жүрудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Ведомствоаралық комиссиясының, Республикалық төтенше эпидемиялық қарсы комиссиясының және Жарылыс жұмыстары бойынша Ведомствоаралық комиссиясының төрағасы болу керек.
Агенттігінің территориады (ТЖ бойынша областы, регионалды, қалалы, ауданды басқармалар) органдарының жетекшісі, олардың төрағалары Әкімшілік- территориалды бірлігіне тиісті әкімімен келісу нәтижесінде Агенттігінің төрағасымен тағайындалады.
Агенттігінің тәжірибе қызметі ҚР қабылданған келесі заңдарымен тағайындалады:
5.07.1996 жылынан «Табиғи және техногенды төтенше жағдайлары туралы», .05.1997 жылынан «Азаматтық қорғаныс туралы», 31.03.1997 жылынан «Апатты-қорғаушы қызметі және құтқарушы мәртебесі туралы», 15.10.1993 жылынан «Төтенше ереженің құқықтық режимі туралы», 22.11.1996 жылынан «Өрт қауіпсіздігі туралы», 23.04.1998 жылынан «Халықтың радиационды қауіпсіздігі туралы». Осы заңдар төтенше жағдайларды жою және алдын-ала ескерту кезінде ҚР территориясында қоғамдық қатынастарды реттейді, төтенше жағдай облысында ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтарын, ұйымдар, өкілді, ортаңғы жергілікті және атқарушы органдарының негізгі міндеттерін және өкілдерін анықтайды.
ҚР Заңына сәйкес «Азаматтық қорғаныс туралы» төтенше жағдайлардың зардаптарын жою мен алдын-ала ескерту үшін азаматтық қорғаныс күштері, оның құрамы, тағайындалуы және қолдану тәртібі анықталған. Олар ҚА АҚ әскери бөлімшелерден, АҚ территориалды құрылуынан, АҚ объектілі құрылуынан, АҚ және ТЖ қызметтерінің құрылуынан, жедел құтқару отрядтарынан тұрады. Үкіметтің шешімі бойынша құтқару жұмыстарды өткізу мезгіліне ҚР ІІМ және Минқорғаныстың әскери бөлімшелері тағайындалады.
Меншік формасына тәуелді болмайтын ҚР қазіргі заңнамасына сәйкес областарда, қалаларда, райондарда және ұйымдарда АҚ құрылуы әкімнің шешімімен территориалды-өндірістік принципы бойынша құрылады, ал меншік формасына тәуелді болмайтын ұйымдарда және өндірістерде жергілікті құрылуы – ұйымның басқармасының бұйрығымен құрылады.
АҚ құрылуының саны, жалпы мөлшері, структурасы мамандықтар, техника және жергілікті жағдайларының қажеттілігіне, адам ресурстарының болуына, жасалынған жұмыстардың көлеміне және сипаттамасына сәйкес халықтың сенімді қорғауын қамтамасыз ететін қажеттілігімен анықталады.
Төтенше жағдайлар зардаптарын жою үшін АҚ және мамандандырылған штаттық бар құрылуының санынан тұрақты даярлықта тұратын шұғыл әрекет ету отрядтары құрылады.
- облыста – 150 адамнан кем емес;
- қалада – 100 адамнан кем емес;
- ауданда – 50 адамнан кем емес.
Құрылымдарды дайындыққа келтіруге мүмкін максималды уақыты қойылады:
- шұғыл әрекет ету отрядына – 2 сағаттан аспайды;
- негізгі қорғау құрылымдарына – 4 сағаттан аспайды;
- барлық қалған құрылымдарға – 6 сағаттан аспайды.
Табиғи және техногенді төтенше жағдайларды жою кезінде апатты-қорғау құрылымдарынан басқа дереу түрде дереу медициналық көмек қызметі іске қосылады. Бұл қызметке тұрақты дайындықтағы мобильді құрылымдар, мамандандырылған дружиналар, алғашқы дәрігерлік жәрдем отрядтары кіреді.
Төтенше жағдай кезінде маңыздысы байланыс мен хабарландырудың құралдарының тұрақтылығы мен тоқаусыздығы болып табылады. Сенімді болу үшін байланыстың барлық түрі қолданылады: желілік, теле-, радио-, компьютерлік, ғарыштық және тағы басқалары. Сонымен қатар азаматтық қорғаныс штабы ретрансляциялық радиожеліге тікелей шыға ала алады. Сонымен бірге қала сыртына шығатын байланыс пунктілері мен резервті құралдар қарастырылған.
Төтенше жағдайдың масштабына тәуелді оны халыққа хабарландыру тәртібі мен ақпараттандыру құқығы Үкіметке, ТЖ жөніндегі ҚР Агентігіне, жергілікті өкілетті органдар мен ТЖ облысындағы атқарушы органдарға жүктелген. ҚР мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамту үшін республикалық автоматтандырылған төтенше жағдайлар жөніндегі ақпараттық-басқарушы жүйе құрылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет