Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашидиі» әдеби жәдігер



бет15/32
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#37058
түріАвтореферат
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
«Рубаи» тарауында аталған өлең жанрының Мырза Хайдар шығармасында атқаратын әдеби қызметі талданған.
Рубаидың басты ерекшелігі – төрт «мысрадан» тұрады. Бірінші, екінші, төртінші мысралары ұйқас келеді. Рубаидың үшінші мысрасы да басқа мысралармен ұйқасса, әрине, рубаидың әуенділігі арта түседі. Төрт мысраның ұйқасы бірдей келетін рубаилар да парсы поэзиясында жеткілікті түрде жырланған. Оны сопы ақындар Әбдолла Әнсари және Фәрид-ед-дин Шейх Аттар Нишабуридың шығармаларынан көре аламыз [4, 40 б.]. Төрт мисрасы, яғни шұбыртпалы ұйқас (аааа) рубаи «тұйық» деп аталады [30, 435 б.].
Рубаи мазмұндық тұрғыдан, көбінесе, философиялық, сопылық және лирикалық тақырыптарын қамтиды. Философиялық үлгілерін Омар Хәйямның рубаиларынан, сопылық сарынын Әбусаид Әбу-л-Хайыр, Фәрид-ед-дин Шейх Аттар Нишабури, Абдолла Әнсари және Маулана Руми сынды сопы ақындардың рубаиларынан, лирикалық рубаиды Рудаки сынды шығыс шайырларынан таба аламыз [26, 288 б.]. Омар Хәйямның рубаилары философиялық түріне жатады. Бірақ та философ, ұлы хаким, математик, данышпан Хәйямның ел ішінде, әсіресе, Еуропа мен Ресейге тараған рубаиларының көбісі өмірдің мағынасыздығын дәріптейді.
Парсы ақындары рубаиды аруз ережесі бойынша жырлайды. Бұл негізінен: «мәфуло, мәфаило, мәфаилон, фә» уәзініне сәйкес келеді. «Уәзін» деген сөз өлең ырғағының үйлесімін реттейтін өлшемге айтылады. Парсы поэзиясының уәзіндік өлшемі дыбыстың созыңқы және қысқа болуына байланысты. Мәселен, рубаидың жоғарыда айтылған уәзіні былай жіктеледі:
Созыңқы (-), қысқа (ү) дыбыстарды мына шартты белгілермен көрсеттік.
Мәфуло: - , - , ү.
Мәфаило: ү - - ү
Мәфаилон: ү - - -
Фә: -
Пішін (форма) жағынан рубаиға ұқсас екі бәйіттік өлең түрі бар. Бұл парсы әдебиетіне тән өлеңді арабтар «әдду бәйіт» деп өздерінің поэзиясына енгізген. Оның рубаидан айырмасы «мәфаилон, мәфаилон, фәулон» уәзінімен жырлануында:
Мәфаилон: ү - - -
Мәфаилон: ү - - -
Фәулон: ү - -
Парсы әдебиетінде рубаимен қатар төрт жолдан тұратын бір шумақ өлең түрі бар. Оны «добәйти» (екі бәйіттік) деп атайды. Кейде оны да рубаи деп атай береді. Мәселен, Баба Тәһирдың мына «добәйтиі»:
Көктем еді жастық та, өтті де кетті,
Бедел бізде болған-ды, өтті де кетті.
Достық болған арада біз бен сіздің,
Ол да жаңа көктемдей, өтті де кетті [26, 289 б.].
«Добәйтидің» авторы белгісіз. Ел арасына, әсіресе, ауылдықтар мен шопандар арасына кеңінен тараған түрлері бар.
Жалпы алғанда рубаи өзіндік ерекшелікке ие. Онда рубаидың бастапқы үш мысрасы алғы сөз іспеттес те, төртіншісі, яғни соңғы «соққы мысра» айтар ойдың нәтижесі болып шығады. Мәселен, Шейх Аттардың сопылық сарынындағы рубаиы:
Шарықтап құпия әлеміне ұшқан құс едім мен,
Төмендесе кей құсың биіктетіп беремін мен.
Жан таппадым сырласуға көп кірген есігімнен
Жанымды жеп мұң-қайғы қайта сыртқа шығамын мен [26, 289 б.].
Төрт мысрасы да ұйқасқан бұл рубаи сопылық дүниенің сырына қанық Аттар сынды шығыс жұлдызының поэзиясы. Мұнда Жаратушының сырлы әлемінен пыр етіп келген жан, пәни өмірінің еңісінен қаншалықты биіктегенімен, жүрген жолының құпиясын ешкіммен бөлісе алмайтынын жырлай келе, қайта шыққан тегіне жол тартқанын айтып түйіндейді.
Түйіндеп айтқанда, парсы әдебиетінде төрт жолдық шумақ «мәфуло, мәфаило, мәфаилон, фә» өлшемімен жырланса «рубаи» аталады. Рубаи жанры Мырза Хайдардың шығармасына да өзек болған.
Мырза Хайдар еңбегінің «Әкем Мұхаммед Хұсейін Гургеннің <Алла тозақ отынан құтқарғай> Шаһибек ханнан Хорасанға қашып баруы және оған қатысты бірнеше әңгіме» [10, 210 б.] атты тарауында сопылардың пәк иманын сөз етеді. Сонымен қатар Қожа Абдолла Әнсаридың гауһардай сопылық өсиетін тілге тиек етеді. Әрі өзінің ұлық сопыларды қалай сыйлай алатынын өлең жолдарымен өрнектейді.
Рубаи:
Жаным, сенің есімің мәңгі өшпесін есімнен,
Жүрек сорлы: "Сүйгенім – жалғыз өзің" десін де.
Менің бүкіл тірлігім өзің болып көктесін,
Әрбір сөзің, лебізің құлағымнан кетпесін! [10, 213 б.] –
деп таза сопылардың мәңгі құрметке лайық екендігін жырлайды.
Мырза Хайдар өмір тәжірибесіндегі оқыған-тоқығандарының арқасында адамнан, жалған дүниеден опа көре алмайтынын сезіп, Аллаға сиынады.
Рубаи:
Алғыс айта алмадым – тұрса да ол миымда,
Кешір дер ем сол үшін, ол бәрінен қиын да.
Алғыс айтпай өзіңе үнсіз қалсам, қиналам
Сол қиналу мазамды ап, ауыр тиді шынында [18, 321а]!
Мырза Хайдар еңбегіндегі рубаилардың мазмұны да жанрына сәйкес автордың дүниетанымын әрі философиялық ойларын жыр етеді.
«Рубаи» жанрының үлгілері түркілердің арасында кеңінен тараған. Түркінің төрттағаны - пішіні шағын да сұлу, мазмұны терең де асау, әрі қарапайым сөздермен өрнектелген тартымды өлең түрі. Оны біз Махмұт Қашғаридің «Түрік сөздігі» кітабындағы «Алып Ер тоңаны» жоқтау шумағынан анық көре аламыз.
- Алып Ер Тоңа өлді ме?
Жалған дүние қалды ма?
Заман өшін алды ма?
Енді жүрек жыртылар [31, 70 б.]
Немесе:
Көркем тоңды өзіңе,
Тәтті асыңды өзгеге.
Қонағыңды құрметте,
Даңқың жайсын еліңе [31, 74 б.]
Тіпті, Қожа Ахмет Йасауи хикметтерінің бір сыпырасы түркілік төрттаған негізінде жырланғанын айтуға болады. Намық Кемал Зейбек «Қожа Ахмет жолы және таңдамалы хикметтер» атты кітабында Йасауидың «төрттаған» және «қосарланған төрттаған» түрлерін көп пайдаланғанын көрсетеді. Мысалы:
Рахметіңнен мақрұм қылма мендей ғаріпті,
Тынбай, жылап дұға қылайын таң сәріде.
Түн болғанда безер болып таң атқанша,
Ілмей көзді, жылап дұға қылайын саған [32, 245 б.].
Тұрмағамбет Ізтілеуұлы (1882-1939) өмір туралы бірқатар төрттаған [33, Б.453-454] өлеңдерін рубаи пішінінде жырлады. «Оқ» атты төрттағанда:
Жасыңда жаңа соққан пышақтайсың,
Қаржалып, қартайған соң, ұсақтайсың.
Өкпеңнен өлім оғы өткен күні –
Көз жұмып, қара жерді құшақтайсың, –
деп өмірдің философиялық ой-түсінігін аңғартады. Расында, рубаи деп аталып кеткен бұл өлеңдер қазаққа ежелден мұра болып қалған төрттағандар десек жөн болар. Өйткені, Тұрмағамбет төрттағандарды ежелгі түркілік жәдігер ретінде жатсындырмай, әдебиетімізге қайтарып алып келген ұлы ақындарымыздың бірі екені мәлім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет