М.Х. Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты классикалық тарихы шығармасы мен «Жаһаннаме» дастаны дүниежүзілік əдеби мұраға енді. Шығыс тарихшыларының дүлдүлі, текті атаның ұрпағы М.Х. Дулатидің өмір жолынан бір үзік сыр Тарихшы, ақын, көркем сөз шебері, майталман шешен, этнограф, философ, географ, оң саусағынан өнер тамған шебер, мəлімгер дипломат, əскери қолбасшы Мұхаммед Хайдар Дулати 1499 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген. Оның ата-бабалары Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағыңда, Моғолстан мемлекетінің құрамындағы Қырғызстан мен Шығыс Түркістан жеріңде беделді саяси кайраткерлер болған. Олар ұлұсбектер, тархандар бола отырып, өздерінің мұрагерлік иелігі Маңғлай-Сүбенге билік жүргізген. Əмір Болатшы (Пуладчи) XV ғасырдың орта шенінде Шағатай мемлекетінің күйреу кезеңіңде Тұғылық-Темірді осы мемлекеттің шығыс бөлігінің ханы етіп тағайыңдаған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің тағы бір атасы — Əмір Хұдайдат ұлұсбек болған кезде Моголстан тағында алты ханды ауыстырған. Мұхаммед Хайдар Дулатидің арғы атасы Мұхаммед Хайдар мырза 1480 жылға дейін Қашғарияда билік жүргізген Мұхаммед Хайдардың шешесімен туысқан, Жүністің бірнеше парасатты қыздары болған. Оның бірі Құтлығ Нигар ханым — Үндістанды билеген Ұлы Моғолдар əулетінің негізін қалаушы Захир-ад- дин Мұхаммед Бабырдың шешесі. Тағы бір қызы Сұлтан Нигар ханым — қазақ ханы Əдіктің бəйбішесі. Демек, бұл қарым-қатынастың барлығы Мұхаммед Хайдарға бала күнінен таныс болмаса, ол «Тарих-и Рашиди» кітабында мұның барлығын сондай жылы, сондай ашық жаза алмас та еді. Мұхаммед Хайдар халық ортасында көбінесе Мырза Хайдар деген атпен даңқы шығады. Оған қосымша лақап аты Көреген, Мырза Хайдар болған. «Көреген» ескі моңғол-түрік тілдерінде күйеу деген сөз. Орта ғасырларда хан қызын алып, ел басқарған би-батырларға «көреген» деген лақап ат берілетін болған. Мағынасы ел басқаратын ханның күйеуі, бірақ ханның өзі емес. Бұл лақап атты Хайдардың əкесі — Құсайын да, Əмір Темір де жəне тағы басқалар да таққан. Сонымен қатар ол жазған кітаптарында өзінің қай рудан шыққанын білдіру үшін ресми атын Мұхаммед Хайдар Дұғлати (Дулати, Доғлати) деп қолданған [4; 92]. Хайдар Мырза шыр етіп дүниеге келгеннен-ақ тағдыр тауқыметін көп тартқан. 1501 жылы ол екі жасқа толғанда анасы қайтыс болады. Жəне оның балалық шағы Мұхаммед Шайбанидің Орта Азияның қалалары мен қоныстарын, елді мекендерін басып алып, Əмір Темір ұрпақтарын қуа бастаған кезге тұспа тұс келді. Хайдар Дулатидің өмірі мен есею, ер жету жолында Бабырдың орны бөлек. Əсіресе Мырза Хайдарға жасаған қамқорлығы туған əкесінің қамқорлығынан кем болмады. Жетімдіктің тауқыметін Бабырдың арқасыңда мүлде ұмытты. Ол Зафар қамалына Мырза ханға хат жазып, Мырза Хайдардың қауіпсіздігін ойлап Кабулға алдыртты. Болашақ қайраткер Бабырдың Кабулдағы сарайында үш-төрт жыл тұрып, сол замандағы ең үздік ұстаздардан білім алды. Бабыр тіпті мұғалімдердің қалай оқытып, білімді игертіп жатқанын назардан тыс қалдырмай, арнайы тексеріп, біліп, көз жеткізіп отырады. Өміріне өзек, ғұмырына азық, болашағына берік негіз қалаған білім негіздерін болашақ ғалым, міне, осы Бабырдың тікелей қамқорлығының арқасында алды Мырза Хайдар Кабулде, патшаның қасында жүргеніне үш-төрт жылдай болғанда, Жүніс ханның немересі Саид хан Бабырдан оны қайта-қайта өзіне сұрайды. Мырза Хайдардың да ханға ықыласы ауады. Ал Бабыр болса бөлесінің бұл əрекетіне ренжиді. Ренжіп тұрып рұқсатын береді. Бұл жайында Мырза Хайдардың өзі: «Саид хан бірнеше мəрте мені сұрап, патшаға адам жіберді. Ақырында патша қамығып, ренжіп тұрып, маған рұқсатын берді. Патшаның көңіліне қарауға тиіс болсам да балалық жасап оны аяқ асты еттім» — деп жазады. Сұлтан Саид хан Қашқар елінің билік тағына отырған кезде, дəлірек айтсақ, 1514 жылы Хайдар Дулати осында келіп Қашқар билеушілерінің бірі болады. Сондай-ақ ол ханның мұрагері Əбу ар- Рашидтің ұстаз-тəрбиешісі болып тағайындалады. Хайдар Мырзаның жасы отызға келгенде Саид хан оған орда мəжілісінде ұсыныс – пікір айтуына рұқсат етеді. Оның əр реткі мəжілістерде алға қойған ұсыныс əдіс-амалдарының ойламды, орынды əрі сенімді екеніне көзі жеткен хан бұйрық беріп, Мұхаммед Хайдарды бүкіл əскерлердің маңызды жұмыстарын басқаруға тағайындайды. Осы заман атауымен атағанда М.Х. Дулати қорғаныс министрі болады «Тарих-и Рашидиде»: «Осылайша біршама уақыт өткен соң хан: «Сенің пікіріңе менде толық сенім пайда болды», — деді. Содан кейін барлық əскери істер мен мемлекет істерін маған сеніп тапсырды һəм бүкіл істерде менің қолыма шексіз билік, еркіндік берді жəне ханның жарлықтары мен үкімдері (пəрмендері) менің атыма жіберіліп отыратын. Сондай-ақ менің өз атыма ханның жеке хаты да келіп тұратын. Кашмир жорығынан қайта оралғанымда Тибетте ханның құзырына бардым. Мені ол оңашада да, көпшіліктің көзінше де «бауырым» деп атайтын» [ — дейді». «Тарих-и Рашиди» деректері бойынша Ш.Уəлиханов «Тоғылық-Темір хан, Жүніс хан шежірелерін жасаумен қатар аса құнды XVI ғасыр карталарын жасапты. М.Хайдар кітабының материалдары Ш.Уəлиханов жасаған «Моғолстан картасы» жəне Моғолстанның батыс бөлігінің картасы аса бағалы дүниелер болғандықтан, Санкт-Петербор ғалымдары, соның ішінде Орыс Географиялық Қоғамы жəне өзі қызмет атқарған Азия Департаментінде жоғары дəрежеде бағаланған Ш.Уəлиханов «Тарих-и Рашиди»-ден туралы зерттеуін 1860 жылы жазған. Сол Шоқан жазған қолжазба 1860 жылдан бері талай ғалымдардың қолынан өткен екен. Бірақ дəл осы күйінде жарыққа шықпай қалған. Оған негізгі себеп ғұлама ғалымның қатты ауырып 1865 жылы қайтыс болуы. Сонымен, қалай айтсақ та, М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты классикалық шығармасын алғаш зерттеп, ғылыми айналымға кіргізген қазақтың кемеңгер ғалымы Шоқан Уəлиханов екені бұл күнде баршаға аян.