Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет37/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Кетпе дедім, кекеді де жөнеді,
Жетіліп тұр, айтқаныңмен босай ма?19
деп қамығады бәйбіше.
Кешегі бірауыз сөз айта алмайтын сорлы жалшы енді кекететінді шығарды. Бұл заман лебі, заман күші.
Қазақ совет поэзиясы бұл жылдары осындай таптың сызатты сездіріп отырғанмен әлі тап тартысын, оның психологиялық өзгерісін терең жеткізіп бере алған жоқ. Бұл I.Жансүгіров поэзиясына да тән жәй.
Ақынның «Жүдеу жүрек» атты өлеңінде де кешегі «ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс» болған шүй желкенің енді бүк түсіп, көрдей қараңғы үңгірге тығылып, кір көрпе жамылып жатқанын көреміз:


Кеше ғана үйге енген,
Кеткен тоқал сүйгенмен.
Жүрегі сыздап,
Бой мұздап,
Уһ, – деді
Іші күйгеннен20.

Бұл өлеңдерден қанаушы таптың мына заманға деген ызасы ғана сезіледі. Ал, құрып бара жатқан таптың соңғы аяқ серпінісі, қанды кегі, зиянкестігі көбіне ашылмай қалады.


Революцияға қатысқан, халықтың бостандығы үшін күрескен ерлердің ісін, революцияның мұрат-мақсатын еңбекші бұқараға түсіндіру поэзияда алдымен лириканың міндетіне тиді.
Революция және оның көсемі В.И.Ленин бейнесі, ел ішіндегі тап тартысы, совет адамдарының таптық санасының оянуы – көркемдік шындықпен ақын қаламынан ұлттық образ нақыштары, өрнектері арқылы жинақталып беріледі. Сонымен бірге өмір өзі тудырған жаңа бейнелер жасау проблемасы да күн тәртібінде тұрды. Бұл жолдағы ізденістер де нәтижесіз болған жоқ.

* * *
1931 жылы жазған бір мақаласында I.Жансүгіров: «Біз әлі ауылдың айналасынан шыға алмай жүрміз, жазушылар әлі соны тақырыптарға өрістеген жоқ. Сондықтан менде, бізде тың жатқан интернационалдық тәрбие тақырыпқа, бүтін дүние пролетариаты төңкерісіне жазу талабы бар еді»21.


ІІІынында да қазақ әдебиетіндегі революциялық тақырып көбіне ауылдағы күрес, еңбекші елдің алған бостандығы жайында болып келді де, ақындарымыздың, «отбасы, ошақ қасы» дегендей, ауыл айналасынан онша ұзай алмай жүрген жайы бар-ды. Азаттық таңы атып, бар билік өз қолдарына көше бастаған соң қазақ еңбекшілері, оның ақындары осы қуаныш пен жақсылықты ойдағыдай, жеріне жеткізе жырлап үлгіре алған жоқ-ты.
Тарихи теңдесі жоқ бұл жәй кең де мол тақырып еді. Оның үстіне революциядан бұрын көбіне өз халқының тағдырын жырлаған, оның өмірін сөз етуден әрі аса алмаған қазақ ақындарында дүниежүзілік жайларды сөз етуге өрелері де жете бермеген, ондай дәстүр жоққа тән болатын.
Бұрын-соңды дәстүрінде болмаса да қазақ жазушылары тақырыптың ұлттық тар шеңберінен 20-жылдардың бас кезінде-ақ шыға бастаған-ды. Айналада не болып, не қойып жатыр, капиталистік елдердегі пролетариаттардың халі не күйде? Олар қашан өз бостандығын алар екен? деген мәселе әр ақындардың көкей кесті тақырыптарының бірі бола бастады. Биік гуманизм, шынайы патриотизм, интернационалдық рух совет әдебиетінің етене бір қасиеті болып саналады. Міне, осы халықаралық тақырыпты қазақ әдебиетінде алғашқы көтерушілердің бірі С.Сейфуллин мен I.Жансүгіров болды.
20-жылдары Германияның атақты Рур көмір кеніне капиталистік елдер қызығып, көздерін алартып, оны өз билігіне алуға айла-амал жасап бақты. Осы жайды I.Жансүгіров «Саясат қошқарлары» (1922) деген өлеңінде әжуа, мысқылға айналдырып жазады.
Ақынның «Қойшы ойы» (1923) өлеңіндегі лирикалық герой кешегі бай малын бағып, тек күнін ғана кешірген қойшы емес, ол енді «отын жастық, құм құндақта» өскенін, теңсіздігін жақсы біледі. «Жер теуіп, темір өкшесі балға болған» малшыны революция өз тезіне салып, әбден шынықтырған. Оның таптық санасы оянған.
Қазақ әдебиетінің лирикалық геройы енді адам баласына бақыт тілеуші, сол үшін еңбек етуші күрескер ретінде көрінеді. Октябрь революциясының тоғыз жылдығына арнап жазған «Октябрь елесі» атты өлеңінде I.Жансүгіров социалистік революцияның СССР халықтарына әперген теңдігін айта келіп, басқа да езілген халықтарға бақыт тілейді.
Шығыс пен батыстағы езілген халықтар совет өкіметінен үміт етіп, жәрдем сұрайды, қолдарын созады. Сондықтан да ақын:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет