Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет34/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Ақ дидарың тотығып,
Ақша бетің солыпты.
Жігерің жасып от құрып,
Жанбастай болып сөніпті14.

Мынау жаңа заманда Күләнданың мұндай күйге түсуіне себеп не?


Ұлы Октябрь социалистік революциясы жеңгеннен кейін Совет үкіметі халықтың мүддесіне сай декреттер қабылдап, жүзеге асыра бастады. Халық жаппай сауаттануы шарт, социализмді саналы түрде құру керек. Жер-жерде мектептер салынып, балалар оқуға бара бастады. Ақындар бұл жаңалықты да қуана қарсы алып, жырларына арқау етті.
Ал, I.Жансүгіровтің «Жас жалшыға» деген өлеңіндегі қой соңында таяқ ұстап жүрген баланың аянышты халін:


Үміті біткен тірліктің,
Жас басыңнан шалдайсың.
Қызығу, талап, ерліктің
Біреуін де ойға алмайсың15

Алдында ғана революция, социализм деп, халыққа бақыт келді, қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заман туды деп жалайырға жар сала отырып, енді мынау: жігері жасып, оты сөнген Күләнда мен жас басынан шалдай болған, тірліктің үміті жоқ жалшы баланың мүсәпір сыйқына қалай тура қараймыз? Мұны көріп отырған халық алдыңғы айтқанға нана ма? Мұның қайсысы шындық?


Біз мұның екеуі де шындық дейміз. Бір ғана ескеретін жәй, әділетсіздік, қанаушылық жойылды, енді келмеске кетті дегенде, ол шынымен түк қалмай құрыды деген пікір емес. Ескіліктің санадағы сарқыншағы оңайлықпен және өздігімен жойылмайтыны белгілі. Олай болса, ақындар әділетсіздік құрыды дегенде, әділетсіздік, қанаушылықтың өмір сүруіне әлеуметтік негіз жоқ, теңсіздікті тудырған қоғам құлады, ал ескіліктің сарқыншағына қарсы күресу керек дегенді айтады. Сол күресу керек деген идеяны әлгі өлеңдердегі Күләнда мен жас жалшының жадау жүзін көрсету арқылы айтып отыр. Өмір диалектикасы осындай.
Ақын халықты ескілікке қарсы күреске жалаң үгіт, құрғақ сөзбен емес, нақтылы адам бейнесін жырлау арқылы шақырады. Ендеше, ақынға Күләнданың көз жасы, тайған ажары, солған жағы факті үшін керек. Күләнда мен жалшы баланың бұл халіне ақын неге күйінеді, лирикалық кейіпкердің, әрбір жеке адамның тағдырына араласып, қамқорлық жасауының өзі ең алдымен ақынның гуманизмін танытады. Сонымен бірге жаңа заманның рухын да сездіреді.
Революциядан бұрын мұндай үйреншікті жайға ақын да, лирикалық герой да таңданбас та, ашынбас та еді.
Ақын Күләнда мен жас жалшының қайғы-қасіретіне күйінгенде оның уақытша нәрсе екенін ескертеді. Болашақтан, ертеңгі күннен үміті, сенімі зор. Сондықтан да жас жалшыны:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет