Бұлттанып, құрсанып.
Бірде жылы – нұрланып.
Бірде ашулы – томсарып26, –
тұратын Гималай бейнесі қазақтың ауыз әдебиетінде атса оқ жетпейтін, шапса қылыш өтпейтін, отқа күймей, суға батпайтын Алпамыс берен сияқты елестейді.
Енді бірде Гималайдағы «ұлы оттар» оқушының көз алдына атылған вулканды елестетеді. Мұның қай-қайсысы болса да айтайын деген ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізуге қызмет атқарып, мазмұнымен жымдаса қабысып тұр.
Осы өлеңде реалистік бейнелеулермен қатар революциялық романтиканың күшті пафосы іштей астасып, бірін-бірі толықтырып отыр. Таудың «сорлы Гималай» аталатын кезінің өзінен осынша сипат табу, оның бойындағы алып күшін тізіп айтпай, әлдеқандай, аңыздай суретке айналдыру – ақынның шабыт қуатынан ғана емес, сенім қуатынан, партиялық қуатынан туған»27, – деген Ә. Тәжібав тұжырымы пернені дәл басқан дұрыс байлам. «Гималай» I.Жансүгіров творчествосындағы интернационализм рухы молынан өрістегендігінің айнымас айғағы бола алатын шығармалардың қатарына қосылады.
Ілгеріде сөз еткен «Бұлақ бойында» өлеңіндегі жүрегіне тірі өлім ұялаған жас әйел – Жамалдың бойына күш, қуат тауып бере алмаған кемістігінің өтеуін I.Жансүгіров осы «Гималай» атты өлеңінде толтырады. Тағдыр салған іске мойынсұну емес, оған қарсы ашыну, күресу, болашаққа сену, міне, ақынның таңдаған жолы осы болады.
* * *
Революция, ауылдағы тап тартысы, халықаралың тақырыптарға жыр, толғау жазған I.Жансүгіровтің өзекті бір тақырыбы – замана туралы болып келеді. Замана туралы деп шартты түрде ғана бөлеміз, әйтпесе бұған дейінгі сөз болған тақырыптардың барлығы да бүгінгі заман туралы сөз болатын. Жаңа заман туралы жырлағанда I.Жансүгіров көбіне оны көшу-қону үлгісінде алып отырады. Өйткені қазақ халқы бұрын негізінен көшпелі тұрмыс құрды. Сондықтан да ескі жұрт пен жаңа жұрттың қандай болатынын олар жақсы түсінеді. Халықтың өз тіршілігінде бар, белгілі жайды I.Жансүгіров жаңа мағына, әлеуметтік астар бере жырлайды. Мысалы, «Көш жөнекей» өлеңінде: «Қызыл ту, қызыл жайнақ көшті бастап» келе жатқан көшбасшы «Болжал жер социалдық таудың төсі» болған соң, ескі жұртта қоныс аудара алмай отырғандарды да өздерімен бірге жаңа социалды қонысқа алып кетеді. «Мінекей жылдан жылға көшіп өстік»28, - дейді лирикалық герой. Бұл айтып отырғаны жаңа социалды қоныстар, жаңа өмірдің жаңа асулары. Сондай-ақ «Заман» деген өлеңінде де лирикалық герой:
Ұмтылып өрге басып оң,
Ауылым, елім көшкен соң
Күлмес пе, көңіл өспес пе,
Ауылың болса көші-қон,
Көш жөнекей күлемін,
Күлетін күнің, күл елім!29 –
дейді.
Бұл да жаңа, соны қонысқа қонғандай, жаңа заманға ауысқан геройдың қуанышы.
Өмір бір орында тұрмайды, даму, өсу бар. Өсу, жаңару – жаңа қонысқа көшу деп түйеді ақын.
Ілияс жаңа заман ерекшелігін бүгінгі күннің жетістігімен ғана емес, кешегі күннің ауыртпалығын айтып, содан аман-есен құтылғанына қуану арқылы көрсететін тәсілі де бар.
Майтабанды кә-калап,
Қоймен еріп кеткенім.
Көзім-күзгі шұқанақ,
Жүрегім – жұлма шекпенім30.
Күзгі шұқанақтай шүңірейген ұсқынсыз көздің ұясы да, жұлма жыртық шекпендей жаралы, қайғылы жүрек те ауыр тұрмыс, сор бейнеттің айғағы. Бұл өзі бір тарих. Осыларды еске ала отырып ақын:
Өткен өмірім сол күндер,
Арылдым ғой аулақ кет!..
...Мінген жастай ершіктеп
Күнді көңілім ұмытсын!31 –
деп ойын түйеді. Ақын мұнда бүгінгі заманның адамға берген бақытын тікелей айтып отырған жоқ. Бірақ, біз оны іштей сезініп отырамыз. Өйткені біз өткен күннің ауыртпалығын сезіндік, лирикалық кейіпкер енді оған лағнет айтса, біз ойша сол қара түнектің контрастын еске түсіреміз. Міне, жаңа дәуірді жырлаудың бір тәсілі осылай болып келді.
Ілияс жаңа заманды жырлауда халық өмірінің кешегісі мен бүгінгісін қатар алып, салыстыра толғау тәсіліне дейін барды. Бірақ кеше қандай еді, бүгін мынадай болды деген схема тәсіл өмір дамуының диалектикасын ашып беруде онша жарамды болып шықпайды да, әсіресе замана туралы сөз еткенде ақын үнемі жаңа образ іздестіру жолында болады. Ол образды Ілияс тапты да. Ол дала образы. «Дала» образына ақын бірден келген жоқ, іздену арқылы жетті.
«Өмір және поэзия» атты кітабында I.Жансүгіровтің лирикасына талдау жасай келіп Ә. Тәжібаев: «Дала» образы арқылы халық образын жасап, ауыл өмірін сипаттауда Ілияс лирикаларының ішінде мәңгі ескірмес, тарихтың өзі ақын тілімен сөйлеп бергендей, бояуы бұзылмастай, үні қарлықпастай шығармалар бар. Солардың бірі ақынның 1928 жылы жазған «Бүгінгі даласы»32, – дейді. Небәрі 66-ақ жол өлеңге I.Жансүгіров халық өмірінің үш кезеңін түгел қамтып, оқушы алдына көлденең тартады.
I. Жансүгіровтің бұл жерде халықтың әлеуметтік өмірін жете білген, қоғам даму процесінің ерекшелігін дәл аңғарған ойшыл да білімді ақын екенін танимыз.
Ертедегі қаһарлы хан, шенді чиновниктердің өмір сүрген даласын оқушы әлгінде ғана көз алдынан елестетіп, бар шындығына қанып өтті. Бүгінгі даланы сол ертедегі даламен салыстырған ақын: «Көктем күні сәуле шашқан, Тауы қазынасын ашып, Қыры кілемін сілкіп салып, Жаңа қоныс тапқан, Неткен бақытты дала! Мұндай ма еді бұрын дала?!» – деп ақын масаттана сұрақ қоюы арқылы өзінің ішкі қуаныш сезімін білдіреді.
I.Жансүгіров жаңа өмірді, жаңа дәуірді жырлағанда кейде ескіні, өткенді мансұқ ету, кейде ескі мен жаңаны контраст арқылы бейнелеу тәсілдерін жиі қолданып, терең ой, жаңа образды таңдап, саралап, даралап алады. Бұл тек ақындық дарынның ғана қуаты емес, жаңа заманның ұлы қарқынының шабыт беру куәсі.
* * *
Социалистік реализм әдісін басшылыққа алған совет әдебиетінде адамдардың характерін айқындайтын фактор алдымен еңбек болып отыр. Совет дәуірінде әрбір қоғам мүшесі, жеке адамдарға деген баға, оның еңбекке деген көзқарасы мен ісіне, қоғамның ілгері дамуына өзінің қосқан үлесіне қарай беріледі.
Орыстың ұлы революцияшыл-демократ жазушысы Чернышевский XIX ғасырда-ақ өмірдегі әдемілік, сұлулық критериясын адамның еңбегімен байланысты қараған. Совет әдебиетінің атасы М. Горький де еңбекті: «Болашақтың этика – эстетикасы. Барлық қоғам мүшесін, жаңа, еркін өмірді жасап жатқан адамдардың барлығының да еңбек пен творчествоның ері болғанын көргім келеді. Бұл тек социализм тұсында ғана мүмкін нәрсе»33, – деп айтқан болатын. Оның себебі, социализм дәуірінде адам еңбекке баяғыдағыдай күн көріс үшін деп қарамайды, еңбек коммунистік қоғам құрудың негізгі кілті, адам тәрбиелеуші құрал деп қарайды.
Социалистік еңбек совет әдебиетінің басты тақырыптарының бірі. Совет адамдарының еңбегін, оның социалистік сипатын ашуға өмірдің өзі жазушыларға, ақындарға көптеген материалдар берді.
Совет үкіметі еңбекшілердің оқып білім алуына, белгілі бір мамандықтың иесі болуына бар мүмкіндік жасады. Кешегі кісі есігінде жүрген қойшы, жалшы жастар енді шофер, тракторист, паровоз машинисі, комбайнер т. б. мамандыққа ие болды. Бұлардың ой- санасы да, мінез-құлқы да өзгерген, жүзі жарқын, болашаққа сенімі мол. Жасы жағынан жас болмаса да, көңілі жасарған жаңа адамдар. Міне, М. Горький айтқандай, өнердің бүкіл саласында биік дәрежесіне шейін көтерілген еңбекші адамдар қазақ совет поэзиясының жаңа кейіпкерлері бола бастады.
Еңбек тақырыбы, еңбек адамдарының бейнесі қазақ әдебиетінде совет дәуірінде ғана жасалды. Революцияға дейінгі қазақ әдебиетінде бұл тақырып көбіне тиіп-қашты, жол-жөнекей сөз болып, белгілі тенденцияға айналмаған-ды. Еңбек басты тақырып дәрежесіне жетпегендіктен еңбек адамдарының жан-жақты образы жасалған жоқ-ты.
С.Мұқанов 1918 жылы жазған «Жалшының зары» деген өлеңінде революциядан бұрынғы қазақ жалшысының сор еңбегін жырлайды. С.Торайғыров 1919 жылы жазған «Кедей» атты поэмасында «итпен бірге қой күзетіп» отырған жалшының ауыр бейнетін сөз етеді.
Адал еңбек еткен адамдардың қаналуы, әділетсіздікті құрту т.б. шығармалардың негізгі өзегі болады да, ақын тек кейіпкерінің ауыр күнін, сор еңбегін айтумен ғана шектеледі. Кейіпкерде зарлану, назалану, кейде күйіну бар да, басқа әрекет жоқ. Еңбекке кейіпкер қандай самарқау қараса, ақын да солай қарайды. Өйткені еңбек әлі қанаудың құралы.
Еңбекке деген жаңа көзқарас қазақ совет әдебиетінде 1919-20-21-жылдары көріне бастады. Еңбек тақырыбын, еңбек адамын жырлаушы С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Б.Майлиндердің қатарында I.Жансүгіров те болды.
С.Мұқанов «Бостандық» (1919) деген өлеңінде қазақ жалшыларының бұрынғы ауыр тұрмысын айта келіп, социалистік революция әперген бостандықты:
Достарыңызбен бөлісу: |