Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет53/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Шыққанынша жел қалай66.
Ақын осындай ұтымды да соны образдар табуға шебер-ақ. Бұл Ілияс лирикасының өнімді бір арнасы тәрізді, осы сияқты әдемі табиғатқа сұлу сурет тауып, бояуын жеткізе береді. Өлең жазуды біржола машық еткен жас ақынға бұл үлкен олжа, мол табыс болатын. Ойдың анықтығы, бояудың ашықтығымен ұштаса қабысып, ақынның жарқын болашағын анық танытқандай болады.
Ілияс мектепте мұғалім болып жүріп, балаларға арнап жылдың төрт мезгілі туралы «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Күз», «Қыс» деген циклді өлеңдерін жазады. Табиғаттың әр алуан мезгілдеріне арналған бұл өлеңдері тек мезгілдің жалаң суреттері ғана емес, жыл мезгілдеріне байланысты қазақ ауылының тіршілігі, өмірі бейнеленеді. Өмір тіршілігі баланың қабылдау мүмкіндігіне байланыстырыла беріледі де, мұның өзі негізінде ел өмірі туралы жазылған шығармаға айналады. Шағын-шағын төрт өлеңге ақын мол көріністерді сыйғыза білген. Ілиястың осы өлеңдеріне талдау бере келіп Ә.Тәжібаев: «Жаңағы аталған өлеңдер жеті буынды егіз ұйқаспен шапшаң да шымыр жазылған. Әрбір қос жолда тұжырымды ойлар мығым айтылады да, сол қалпында суретке айналады»67, деп жазады. Осы дәл тапқан, әділ айтылған пікірді біз де қолдаймыз. Мысалы, «Жазғытұрым» атты не бәрі 18-ақ жол өлеңде көктемнің жылы лебін сезініп, жылғаларды қуалай аққан суларды, қаңқылдаған қаздың дауысын, жер қарайып жаздың келгенін, көк майсаның желкілдеп, жайылған малдың желіндері тырсиып, бауырына сыймай дертіп тұрғанын да көреміз. Қыстаудан көшіп жайлауға қонған ауыл, қосақталған қойды сауып жатқан балалардың анасы да көз алдымызға көлденеңдей береді. Құстар да өз тіршілігіне кірісіп, балапанын басып шығаратын ұясын жөндеп, әрекет етуде. Жыртылған жер, қырқылған ешкі, күзелген тай, баршасын да ақын осы өлеңге сыйғыза білген.
Ілияс 1923 жылы жазған «Көктемде» атты өлеңінде көктемнің суретін жасауға талаптанады. Алайда, ақын мұнда көктемдегі табиғат бейнесін суреттеп қана қоймай, ауыл жаңалықтарын да жырына қосады. Бұл кезде ауылда ашылған кооператив, одан бұйым алған шаруалар, көктем гүліндей жайнап, құлпырған жастар суреттеледі. Байдан бостандығын алған диханшы, малшылар осы көктемде қосшы ұйымын құрып, жаңа бір әрекет, жақсы бастамаға бастайды. Сондықтан да ақын жыл мезгілін жазғанда оны құр қызықтамай, мезгіл тудырған жаңалықты жыл мезгіліне байланыстыра жырлайды. «Жазғы шілде» де, «Күзде» де, «Жазғытұрымда» да әр мезгілдің өзіне тән көрінісі, сол мезгілге орай шаруалардың еңбегі, тірлігі бейнеленеді.
Бұл өлеңдердің атына қарап табиғат туралы жазыпты десек те, ақын мұнда табиғатқа қоса еңбекті жырлайды. Егін, мал қырқу, қой сауу, қой тоғыту, күзем алу, құрт, ірімшік қайнату, қыстың қамы, баршасы да сөз болады. Әсіресе «Қыс» өлеңінде ақын қазақ ауылының тіршілігін реалистік бейнеде суреттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет