Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет52/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

деп береді
Күн бейнебір көктің көзі тәрізді. Оның батуын көктің көз жұмуы деп алады ақын. Кеш батқан соң күні бойы еңбек етіп, белі ауырып, аяғы талған адам көсіліп бір жатпай ма? Олай болса жер де сол адам бейнесінде.
Ақын жері «ұйқыға кетті», я «құлады» десе, осы екі сөздің онша әсері болмас та еді. Аяқ-қолының қайда кеткенін білмей «тыраюының» өзінде мән бар. «Құлаған» жерден гөрі «тырайған» жер оқушыға әсерлірек.
Ілияс табиғатты суреттеуге келгенде Абайша аршындайды. Бірақ, Абайды қайталамайды, өзінше өрнек жасайды, табиғатына өзінше тыныс береді. Ілияс табиғат бейнесін үнемі жанды бейнеде жырлап отырады. Мысалы: «Ағынды менің Ақсуым» өлеңінде:

Таймаңдаған тайпақ ай.


Желегі ме, туы ма?
ІІІүйке шарбы бұлытты,
Қалқалай қалды қылмия65, –
деп айды қылмыңдаған қызға теңесе, енді бірде айдың сәулесі мен қайыңды сүйістіреді, «құдиған қоңыр құрақтың» судағы «саусағын» саудыратады.
Бұл Ілиястың табиғатты суреттеуінде басқаға ұқсамайтын, өзіне ғана тән айнымас бір тәсілі тәрізді.
Ал, «Бұлт» деген лирикасында таудың биік шыңы түнде «қабағы мұз, суық шал» бейнесінде тас жастанып жатады. Бұлтты ақын жолаушылап келген керуен бейнесінде алады. Енді бірде мынадай теңеу жасайды:


Бұлт бөбек, тау ана,
Ана төсін аймалай,
Ұйықтай тұрсын ол бала,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет