Сабақтың максаты: Білімділік: Оқушыларды Тұрсын Жұртбайдың «Қоңыр қозы» ә ңгімесімен таныстыру



Дата26.06.2018
өлшемі16,88 Kb.
#44810
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Қоңыр қозы. Тұрсын Жұртбай

Сабақтың максаты:

Білімділік: Оқушыларды Тұрсын Жұртбайдың «Қоңыр қозы» әңгімесімен таныстыру.

Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Балаларға Мұхтардың балалық шағы туралы



мәліметпен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушыларды сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен

жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.



Тәрбиелік: Оқушылардың өнерге, білімге деген сүйіспеншілігін арттыру, тәрбиелеу.

Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Топтасып жұмыс жасауға баулу.

Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, мәтінге байланысты суреттер,

сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

I. Үйымдастыру кезеңі

Ғылым таппай мақтанба

Орын таппай баптанба

Құмарланып шаттанба



Ойнап босқа күлуге

Бес нәрседен қашық бол, 0

Бес нәрсеге асық бол

Адам болам десеңіз

Тілеуің өмірің алдыңда



Оған қайғы жесеңіз

Өсек, өтірік, мақтаншақ

Еріншек бекер мал шашпақ -

Бес дұшпанын білсеңіз.

Талап, еңбек терең ой

Қанағат, рақым ойлап қой -



Бес асыл іс көнсеңіз.

Өлең жолдарын оқып, кімнің өлеңі екені сұралады



-Абай

  • Осы ұлағатты ой айтып, жастарды өнерге, оқу білімге шақырған Абайды элемге танытқан кім деп ойлайсыңдар?

  • Мұхтар Әуезов ІІ.Жаңа сабақ

  • Олай болса, бүгінгі сабағымыз қоғам қайраткері Мұхтар Әуезов туралы болмақ. Тұрсын Жұртбай ағаларыңның «Қоңыр қозы» әңгімесімен танысамыз. (Интерактивті тақтадан автордың портреті көрсетіледі)

Тұрсын Жұртбай


Ақын

Семей облысында туылған

Абай мен Мұхтар өмірлеріне қалам тартқан



Отырар кітапханасының ғылыми орталығының директоры Филология ғылымының докторы, профессор Ш.Оқулықпен жұмыс.

- Балалар, оқулығымызды ашып, «Қоңыр қозы» мәтінін оқимыз.



  1. Мәтін оқылады.

  2. Әр бөлікке талдау жасаймын.

  3. Мәтін астындағы сұраққа жауап беріледі. 4.Суретпен жұмыс

ІҮ. Сергіту сәті.

Ү. Дәптермен жұмыс.

Дәптерге бүгінгі күннің ретін, өтілген тақырыптың атын жазу.



Мәтінде кездескен сөз тіркестерін жазып алу.

Сөз тіркестері: күн шуағы, түкті кілем, жасыл кұрақ, мөлдір аспан, көгілдір толқынды.

«Тез ойлан» ойыны

Қосымша мұғалімнің мәліметі.

- Сонымен, біз кімнің балалық шағымен таныстық.
(Тақтадан Әуезов портреті көрсетіледі.)

Мұхтардың анасы да әкесі де Абай ауылымен іргелес араласып тұратын, көңілі жақын адамдар екен. Ал Мұхтар әжесі мен атасының бауырында өскен. Атасы Әуез үлкен ұлы Омархан мен келіні Нұржамалдан туған тұңғыш немересіне Мұхтар деп ат қойған. Себебі «Мұхтар» деген сөздің «азат», «білімді», «таңдаулы» деген мағынаны білдіретінін көкірегіне түйген. Әуез қарт өзінің немересіне Абайдың өлеңдерін оқытып, жаттататын болған. Мұхтар сауатын әліппемен емес, Абай өлеңдерімен ашты. Осының арқасында: Мұхтар Омарханұлы Әуезов - ғұлама ғалым, ірі қоғам қайраткері, филология ғылымының докторы, профессор. Алматы қаласында Қазақ академиялық драма театры, әдебиет және өнер институты М. Әуезов атында. Оның атында көшелер бар. Алматыда туған ауылы Бөрліде, Ыстықкөлде мұражайы бар.



ҮІ. Сабақты қорыту.

Сөзжұмбақ арқылы сабақ қорытылады.

Сұрақтары:

1. Мәтінде жылдың мезгілі әңгімеленген?



  1. Қоңыр қозыны жазған кісінің аты.

  2. Қоңыр қозының өз аты?

  3. Абай ауылына келген мезгіл

  4. Абай аулының балалары не ойнап жатты?

  5. Мұхтардың назары неге ауды? ҮІІ. Үйге тапсырма.




  1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалу

  2. Үнаған көріністің суретін салу Бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет