Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М


Бақ емес – байымдасаң, бай табиғат



бет80/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

...Бақ емес – байымдасаң, бай табиғат,
Бәрі сол – шерлі жанның күйін тартқан.


Асқары – асырмайтын бөгеудейін,
Шалғыны – жан жаралап егеудейін.
Самалы – жүрегіңді жұла жаздап,
Су сөзі – «кел қосыла бебеулейін»!


Қалың жау қарағайы найза асынған,
Қайыңы, арашашы – майдасынған.
Тастары – оқ, тауы – тұман сықылданып,
Шақсиса асқар көзі, ай басынан86.

Сорлы жанның қорғаны болатын асқар енді неге бөгет жасайды? Етігіңді сыйпап, етегіңмен ойнайтын, қисайсаң жастық, жатсақ төсек, үйқтасақ көрпе болатын шалғын неге жас арудың жанын жаралайды. Жаныңды аялап, ішіңдегі шер-шеменіңе ем болатын салқын самал неге жүрегін жұлып әкете жаздайды? Қарағайы – найза, тасы - оқ болатындай не болып еді? Мұның бәрі Мақпалдың ауыр халімен байланысты.


Міне, осы жәй «Күйші», «Құлагерде» де мол көрінеді. Табиғат көрінісі үнемі адамның көңіл-күйі, жүрек тебіренісіне байланысты қабылданатын болғандықтан да ол лирикалық планда беріледі.
I.Жансүгіров «Құлагерде» кейіпкерлерінің жан толғанысын суреттеу арқылы оқушының да жүрек сезімдерін тербеп отыруға ақындық құдіреті жеткен. Құлагердің өліміне назаланған Ақанның көңіл-күйі оның өз өлеңімен де, ақынның баяндауымен де оқушысын еріксіз егілтеді. Оқушы сүйікті геройы Ақан қайғысына ортақтасып отырады. Сүйенері, сүйсінері болған Құлагерден айрылған Ақан қасіреті - ауыр қасірет. Осы бір қаралы кезеңді суреттегенде Ілияс табиғатқа да жан бітіре, сезім бітіре жырлайды. Жер мен көк, аспандағы күн, тау мен тас, бұлақ пен көл - баршасы да Ақан көңіл-күйіне байланысты суреттеледі:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет