Әңгүдік әкірең қаққан, албыт сөзді ...
Көк ешкінің жыртық көзді.
Алтайдың кәр жынындай бақылдаған,
Көк сақал, азбансыған, бұл кім өзі?82
Осы портреттік мінездеуден Батыраштың арам пиғылды, ұр кеуде, пасық жан екендігі өзінен өзі көрініп тұр.
I.Жансүгіров портреттік мінездеулерін бергенде шу дегеннен ашып айтпай, оны басты кейіпкердің көзқарасы арқылы түрліше бейнелеп отырады. «Күйші» поэмасындағы Қарашаштың портретін ақын тұтқын жігіт арқылы былай суреттейді:
Қара қас, қылаң қабақ, керқұба қыз,
Қара шаш, алма сағақ, құралай көз.
Сырықтай ордадағы, сымдай бойы,
Тал шыбық, қыпша белдің өзі нағыз.
Түлкі қыз, қызыл алтай, кер марал қыз,
Ақ қоян, бозша байтал, ақша нар қыз.
Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға,
Жігіттер бәріңіз де сұқтанарсыз83.
Қарашаш портреті бұл жерде онша айқын болмаса да, ол жағымды бейнеде көрінеді. Ал, Қарашаштың сұмдығын кейіннен сезген, оның қиянатын көрген күйші жігіттің көңілі қыздан суи бастағандағы Қарашаш портреті тіпті өзгеріп сала береді:
Қылғынып қызға ұмтылған қызу да жоқ,
Достарыңызбен бөлісу: |