Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М


Қыз күйіп, күй сарынын бұзу да жоқ



бет78/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ

Қыз күйіп, күй сарынын бұзу да жоқ.
Қарсылап алдында отыр сұр мегежін,
Бетінде Қарашаштың қызыл да жоқ.


Шөп желке, шолақ бұрым, қотыр-қотыр,
Қыз емес, қарсы алдында албасты отыр.
Жыландай жиырылған кесерткі қыз,
Осыны байқамаған неткен соқыр84.

Міне, I.Жансүгіров адамның портретті мінездемелерін бергенде әртүрлі тәсілді пайдаланып, оны сол кейіпкердің характерін ашуға құрал ете білген.


Фольклорлық шығармаларда адамның сырт мүсінін, бет-пішін, жалпы келбетін суреттеуде оны сюжеттің шиыршық атуы үшін әдейі қолданылатыны бар. «Қыз Жібек» жырындағы Жібекті іздеп шыққан Төлеген мен Қаршығаның көш жөнекей бірнеше қызға кездесіп, ол қыздардың келбеттері мен сәулеттері бірінен бірі асып түсіп жатады. Осы сұлулардың мол жиынтығының жырда сөз болуы тегін емес. Бірінен бірі асқан сұлу қыздардың тобы айналып келгенде Қыз Жібектің сұлулығын ерекше даралау үшін алынған. Жақсының жақсылығы жаманмен салыстырылғанда емес, керісінше, жақсымен салыстырғанда көрініп, бағаланады. Міне, осы тәсіл эпостарда батырлар күшінің сыналар кездерінде де қолданылады. Эпостың негізгі кейіпкері оқиғаға араласқанға дейін басқа батырлардың дене бітімі, күші, қимыл-әрекеттері ерекше суреттеліп отырады да, басты кейіпкер көрінгенде олардың бәрінен де асып түседі.
Осындағы портреттік бейнелеу тәсілін I.Жансүгіров те өте орынды пайдаланып отырғаны «Құлагер» поэмасындағы балуандардың күресінен анық байқалады. Түрлі эпитеттер тауып: «өгіз қара», «дәу қара» деп күшейте, әсерлей суреттеп отырған қара балуанды «шегіртке сарының» жығып кетуі де сол фольклорлық шығармадағы сыналған, шыңдалған тәсілдерді пайдаланғанын көрсетеді.
Фольклорлық шығармаларда кейіпкерлердің портреті әртүрлі жағдайларда беріледі. Бірде ол сюжеттің шиыршық атуы үшін күшейте беру ретінде келсе, енді бірде жалпылама беріледі. Халықтың ауыз әдебиетіндегі кейіпкерлердің мүсіндері кейде нақтылықтан көрі жалпылау келетін «алма мойын», «қиғаш қас», «қара шаш» т. б. сияқты тұрақты суреттеулер арқылы жиі ұшырасады. Мұндай жалпылай суреттеуден соңғы кезге дейін жазба әдебиетіміз де арыла алған жоқ. Ауыз әдебиетімен соңғы кезге дейін қатар дамып келген қазақ әдебиетінің өкілі I.Жансүгіров те жалпылай бейнелеуге соқпай кете алмады. Осы барша жұртқа белгілі болған «Күйші», «Құлагер» поэмаларында да портреттік бейнелеудің жалпылау түрі кездесіп отырады. Алайда, I.Жансүгіров бейнелеудің бұл дайын, арзан жолы екенін түсінеді. Мүмкіндігінше ол адам портретін жасағанда нақтылауға, даралауға зейін салады. Сөйтіп, белгілі бір типтік жағдайда өмір сүрген типтік бейнелер жасады.
Адам характерін ашуда, табиғат бейнесін геройдың көңіл-күйімен қабыстыра беруде немесе ән, күй туралы лирикалық жылылық табуда ақын құдіреті толық көрінеді. Осы жерде айта кететін бір жай эпостық шығармаларда лирикалық элементтің жүретіндігі. Әрбір әдеби жанрлардың, әдеби түрлерінің өздеріне ғана тән, айнымас шарттары бола тұра, олардың ішін-ара байланысып, араласып та кететін жайлары әдебиет жанрларының табиғатына тән құбылыс.
Повесть, романдарда драманың қанқұйлы тартыстары жатса, драмада лирикалық нәзіктік жүруі әбден мүмкін. Мұндай араластар сол жанрларға әр беріп, нәр беріп тұрмаса, оның жалпы жанрлық сипатын бұзбайды. Сондай-ақ лирикада эпостық элементтердің жүргені сияқты, эпоста лирикалық элементтер де жиі ұшырайды. Өскен әдебиетте, жетілген поэзияда бұл әсіресе молырақ ұшырасуы мүмкін. Бұл заңды құбылыс та түптеп келгенде ақыннан шеберлікті талап етеді. Эпикалық поэмада тек кейіпкерлер характерін белгілі бір қақтығыстар арқылы ғана ашып отырмайды, сонымен бірге кейіпкер кейде лирикалық планда өзінің ішкі дүниесін өзі ашып отырады. Енді бірде кейіпкерлеріне берген мінездемелері арқылы ақынның өз дүние тануы да белгілі болып отырады. Міне, осы мүмкіндіктерді ақын өзінің шығармасында толық пайдалана алса, оның шығармасының ауқымы мол, өресі биік бола береді. Бұл тек эпикалық шығарманың ғана мүмкіншілігінен келетін жайлар.
«Күйші», «Құлагер» поэмаларына I.Жансүгіров негізінде белгілі бір оқиға тартысы, адам мінездерінің қақтығысы арқылы олардың бейнесін жасайды. Ақын сол оқиғадан, оқиғаға қатысты адамдардан өзін аулақ ұстамаумен бірге, оқиға мен адамдарға өзі өмір сүріп отырған дәуірдің, ортаның, халықтың көзқарасы тұрғысынан қарайды. Бұл да эпикалық поэманың В.Г. Белинский айтқан негізгі белгілерінің бірі.
Ірі полотно көлемінде суреттелген өмір көріністерін тек эпосқа тән ерекшеліктермен беру керек десек, поэманың көркемдік сапасына нұқсан келтірген болар едік. «Күйші» поэмасындағы қолға түскен тұтқын мен хан тұқымынан шыққан Қарашаш сұлу арасындағы махаббат сезімі арқылы халықтың феодалдық дәуірдегі әдет-ғұрпының, салт-санасының әлі де беріктігін әшкерелейтін жәйді ақын негізінен эпикалық формада көрсеткенмен, Қарашаш пен күйші жігіттің жүрек сезімін берудегі лирикалық толғаныстар поэмаға түр, әр беріп, оны толықтырып тұрады.
«Құлагер» поэмасындағы Ақан туралы ақынның өз түсінігі мен толғанысы, Құлагердің өліміне байланысты Ақанның жан күйзелісі, осы кездегі табиғат бейнесін лирикалық нәзіктілікпен беруі де эпостық поэманың сиқын бұзып тұрған жоқ, қайта түр, әр беріп тұр. Лирикасына эпикалық сарын мен серпінді фон етуде ұсталық көрсеткен I.Жансүгіров эпикалық шығармаларында да лирикалық нәзіктілікті керекті-керекті жерінде шебер пайдалана біледі. I.Жансүгіровтің поэмаларында бұл сипат ерте кезден-ақ орын ала бастаған-ды. «Мақпал» поэмасындағы өз теңін таппай, ескі әдеттің шырмауына оралып, сүймеген біреуге еріксіз кетіп бара жатқан Мақпал қыздың мынадай жүрек зарын естиміз:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет