Мыс және оның қорытпалары Дайындаған: Турлыгазин Мадияр


Жалпы мыс туралы түсініктеме



бет2/4
Дата11.04.2022
өлшемі5,85 Mb.
#138801
1   2   3   4
Байланысты:
Тмо 20-15 Бекен Арсен Турлыгазин Мадияр

Жалпы мыс туралы түсініктеме

  • Дүние жүзінде 70-тен астам түсті металл балқытылады. Оларды 14 сала өндіреді. Олардың барлығы қосылып түсті металлургияны құрайды. Түсті металдардың көп бөлігі аз уақыттан бері ғана пайдаланыла бастады. Ғылыми-техникалық революцияның нәтижесінде олар кеңінен қолданысқа түсті. Реактивті ұшақтар, ғарыш кемелерін, атом реакторларын жасау үшін ерекше қасиеттері бар, мүлдем жаңа конструкциялық мателиалдарды қажет етті. Ондай қасиеттер тек түсті металдарда ғана бар. Қорғасын, никель және қалайы жемірілуге (коррозия), титан ыстыққа төзімді келеді, ал күміс, мыс және алюминий жоғары электр өткзгіштігімен ерекшелінеді. Сондықтан, олардың қолдану аясы өте ауқымды: медициналық аспаптар мен материалдардан бастап күрделі электроника мен ядролық техника осы металдардан жасалады және әр металл «өз кәсібін тапқан». Адамдар металдардың ішінде алғашқы болып мысты рудадан тез еритін, оңай бөлінетін болғандықтан ерте кезден қолдана бастаған. Ескі замандарда негізінен қалайы мен мыс қосындысы нәтижесінде қола алынып, қару-жарақ дайындалған. Бұл адамзат тарихында қола дәуірі ретінде белгілі. Мыстың латынша Cuprum атауы Кипр аралына байланысты онда біздің заманымызға дейінгі ІІ мыңжылдықта мыс рудниктері қолданылып балқытылған. Страбон жазбаларында мыс Эбвей жеріндегі Халкида қаласының атымен Халкос деп аталған. Осы сөзден ескі грек тілінде мыстан және қоладан жасалған заттар, ұсталық өндіріс, ұсталық заттар мен құймалар атаулары шыққан. Мыстың екінші латыншы атауы AES (санскр, ayas, гот тілінде air, неміс тілінде err, ағылшынша ore) руда немесе рудник дегенді білдіреді. Еуропа тілдерінің үнді-герман теориясында қолданылып, орыстың «медь»(полякша miedr, чех тілінде – med) ескі немісше smida (металл) және shmied (ұста, ағылшынша smith) сөздерінен шығарады.Әрине, бұл сөздердің түбірлерінің туыстығына дау жоқ, бірақ та бұл екі сөзде гректің рудник, копь деген сөзінен бір-біріне байланыссыз түрде шыққан. Осы сөздерден басқада туыс атаулар шыққан – медаль-медальон(французша medaile). Орыстың ескі жазбаларында мыс және мыстан жасалған деген сөздер кездеседі. Алхимиктар мысты Венера (Venus) деп атаған. Қазақстанда да мұндай атаулар ерте заманннан бар. Олардың атауларын ерте кезде өмір сүрген ата-бабаларымыз қойған, және де осы күнге дейін сол аттарын сақтап қалған. Мысалы: Мыстау, Мыстөбе, Жезді тағы басқа сол сияқтылар. Көптеген түсті металдардан сапасы жөнінен бастапқы материалдардан да асып түсетін қорытпалар жасалады. Мыстың қалайымен (қола), мырышпен (жез), никельмен (мельхиор), алюминиймен (дюралюминий) қорытпалары бұрыннан қолданылып келсе, ал берилий қоласы ҒТР дәуірінде пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет