Мыс және оның қорытпалары


Мыс өндіру және мыстың адам өміріне зияндылығы



бет2/4
Дата28.05.2020
өлшемі1,33 Mb.
#71492
1   2   3   4
Байланысты:
слайд

Мыс өндіру және мыстың адам өміріне зияндылығы

Мыс табиғатта таза және қосылыс түрінде кездеседі. Мыстың өндірісте қажеттілігі халькопирит ЦұФеС2 немесе мыс колчеданы халькозин Цұ2С және борнит Цұ5ФеС4 сияқты түрінде қолданылады. Сонымен бірге мыстың басқа да минералдары ковеллин ЦұС, куприт Цұ2О, азурит Цұ3(ЦО3)2(ОҺ)2, малахит Цұ2ЦО3(ОҺ)2 түрінде кездеседі. Мыс кейде таза түрінде де кездеседі. Кейбір жерлерде 400 тоннаға дейін анықталған. Мыс сульфиттері негізінен орташа температураны гидротермальды жерлерде пайда болады. Мыстың кейбір бөліктері құмтөбелермен шөлдерде кездеседі. Бұндай жерлер Ресейде Чита облысында – Удокан кен орнында, Қазақстанның Жезқазғанында, Орталық Африканың мыс белдеуінде, Германияның Мансфельд кен орнында бар.Бұдан басқа мысқа бай ккен орындары Чилиде (Эскондида және Кольяуси) және АҚШ(Моренси). Мыс рудасы көбіне ашық әдіспен өндіріледі. Ал рудадағы мыстың мөлшері 0,3-1% ға дейін құрайды.

  • Мыстың кейбір қоспалары ас пен суда ШРК-сы көп болған жағдайда өте зиянды. Ішетін суда мыс 2 мгс/л-ден аспауға тиіс (14 күннің ішіндегі орташа өлшемі), бірақ мыстың судағы жетіспеушілігі де болмағаны дұрыс. Осыған байланысты ДСҰ 1998 жылы былай деп хабарлама жасады: «Адам ағзасына келтіретін кауіпі бойынша мыстың көптігінен аздығы асып түседі». 2003 жылғы ДСҰ-ның интенсивті тексеруі нәтижесінде мыстың зияндылығы туралы көзқарастарын өзгертті. Осыған байланысты асқазан жолдары қызметінің бұзылуына мыс әсер етпейді деп есептелінді. Гепатоцеребральды дистрофия (Вильсон-Коновалов ауруы) ағзада мыстың көптеп жиналуымен байланыстыпайда болатындықтан қорқыныш болатын. Өйткені оны бауыр өтке бөліп шығармайтын. Бұл ауру ми мен бауырдың зақымдануына әкеліп соғады. Бірақ та аурудың пайда болуына мыстың ағзаға қабылдануы туралы себеп-салдар қолдау таппады. Тек қана бұл аурумен ауырған адамдардың ас пен су құрамындағы мыстың көптігіне өте сезімталдығы ғана анықталды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет