Мысықтар туралы: Үй мысығы



Дата12.03.2018
өлшемі223,98 Kb.
#39340
Жоспар
І. Кіріспе


Мысықтар туралы: Үй мысығы


ІІ. Негізгі бөлім


1.Фелинотерапия

2. Мысықтың тілегі – денсаулық



3. Мысықтар туралы ғалымдар не дейді.....

4. Жануарлардың қайсысы ақылдырақ?

5. Естідіңіз бе...       

6. Фелинолог мамандығы
7. Мысықтардың тұқымына (порода)қарай емдеу тәсілдері

ІІІ. Қорытынды



Қазір медицинада жаңалық көп. Алайда, табиғаттың өзі емші емес пе?!

Аннотация


Зерттеу жұмысында орындаушы Оқушы өзінің ғылыми зерттеу жұмысында өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізген. Ол бұл ғылыми жұмысында мысықтың емдік қасиеті, оның өз иесіне жасайтын шипагерлік құпиясын жақсы түсінікті тілде жазған.Үй мысығының күтімі, тамақтануы, мысықтардың қазақша атауларына тоқталған. Анимал терапиясы жайлы соның ішінде фелинотерапия яғни мысықтерапиясы туралы толыққанды тоқталған. Мысық түрлеріне қарай адам бойындағы түрлі ауруларға түрліше әсер ететіндігі жайлы әлем ғалымдарының зерттеулері жайында жазған мақалаларды көп іздегені жұмыста көрініп тұр. Қазіргі медицинада болып жатқан жаңалықтарды ұтымды көрсете білген.

Аннотация

Ученик, в ходе научно – исследовательской работы, вкладывая свои способности и поиски, доступно написал о лечебных свойствах кошки в отношении своего хозяина. В ходе работы остановился: на питании и уходе домашних кошек, на отзыв животных хозяину на казахском языке.

Особенное внимание уделил на фелинотерапию – кошачью терапию. В работе видно, что ученик опирался на работы и исследования мировых ученых о том, что разные породы кошек излечивают разные болезни в организме человека.

Новости, происходящие в области медицины сумел обоснованно доказать.

Кіріспе


Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с. жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді.

Сондай елеулі өзгерістердің бірі – Қазіргі таңда анималды терапияның күштілігі дамыған елдерде дәлелденген. Сондай-ақ оларда хайуанаттардың адамға әсерін бақылап, зерттейтін арнайы ғылыми-зерттеу институттары құрылған. АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция елдерінде физикалық немесе психикалық проблемалары бар адамдарға көмек беру үшін анималды терапиямен айналысатын ұйымдар жұмыс істейді. Анималды терапияны ең алғаш 1792 жылы Ұлыбританияның Йорк қаласында жаны ауыратындарға арналған ауруханада ресми түрде қолданған. Негізі, хайуанаттармен емдеудің тарихы тым тереңде, адамзат дәуірі пайда болғаннан бері белгілі болған. Қазіргі уақытта африкалық тайпалар пілдер және қолтырауындармен емдеуді қолданса, Австралияның жергілікті халқы кенгуруды пайдаланып, сеанс жүргізеді. Сондай-ақ дельфинмен емдеу және мысықпен емделу әсіресе апатты жағдайларды: мәселен, дауыл, жер сілкінісі, жол-көлік апатын бастан кешірген адамдарды психологиялық оңалту кезінде таптырмас терапия екен. «Дельфин-терапевтің» пациенттері көбінесе кәсіпкерлер мен шығармашылық кәсіп иелері, жүйке жүйесі ауыратын балалар болып келеді екен.


Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға табиғаттың өзі емші екндігіне көзін жеткізу. Ғалымдар көне замандағы ескі әдістерді жаңғыртуды қолға алған. Оның ішінде, ұмыт болған жануарлармен емдеу әдісін қолданысқа енгізіп отыр. Адамға табиғаттың өзі берген құндылығын ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздеу, оны тәжірибелік-экспериментте тексеріп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің міндеттері:

  • Болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасу

  • Көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдыққа ынталандыру

  • Шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа бейімдеу, медицинаның қолжетімді жаңалығымен танысу.

  • Оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру.

Мысықтар туралы: Үй мысығы


Ауылда да, қалада да үйлерінде мысық ұстайтындар көп. Олардың кейбіріне мысық үйіне тышқан жоламауы үшін қажет болса, екіншілері мысықты өзіне серік етеді, үшіншілеріне асыл тұқымды, ерекше түр-сипаттағы мысық үйіне көрік, тұрмысына сән беруі үшін керек. Тіпті, мысықты қан қысымын басу тәрізді емдік шаралар, түрлі апат, тылсым күштерден хабар алып, сақтану үшін де ұстайтындар көп. Сонда кәдімгі үй мысықтарының таңғажайып қасиеттерге ие болғаны ғой.

Үй мысығы — арғы тегі жабайы мысық тұқымдас жануар болып табылатын үй жануары. Үй мысығының арғы тегі мысық тәрізділер отрядына жататын ливиялық жабайы мысық екен. Оны солтүстік африкалық дала мысығы деп немесе жай Дала мысығы деп те атайды. Дала мысығы Таяу Шығыс жерінде осыдан 130 мың жылдай бұрын пайда болған.

Дала мысығын, яғни, жабайы мысықтарды қолға үйретіп, үй жануарларына айналдыру осыдан 9 500 жылдай бұрын (кейбір деректерде 10-12 мың жыл) сол кездің адамзат өркениетінің дамыған ошағы болған Таяу Шығыс аймағынан бастау алады. Бұл отырықшылыққа үйреніп, жер өңдеу (егіншілік) шаруашылығының басталған кезеңімен тұспа-тұс келген болатын.

Археологиялық зерттеулер нақты әрі көп нәтижеге жете қоймаған. 2001 жылы ғана Кипр аралынан табылған, 9500 жылдай бұрынғы уақытта иесімен бірге жерленген мысықтың қаңқасы нақтырақ дерек болады. Ал үй мысықтарының отаны Кипр аралы аймағы екендігін Калифорния Университетінің зерттеушілері анықтаған. Мысықтың орташа жасы 10-12 жас, көбінесе 20-25 жыл. Соңғы деректер бойынша, мысықты қолға үйрету мұнан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Үй мысықтарының арғы тегі Либия мысығы болып саналады. Ертедегі Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептелген, өлгенде бальзамдалып, саркафагтарда жерленген.

Қазір кең тараған мысықтың 80 түрі бар. Олар: басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді парсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы, Мая аралының шолақ құйрық мысығы, Сібір мысығы, тықыр жүнді еуропа мысығы, түрік және сиам тобына жататын – сиам, бирман, абиссин мысықтары және т.б. Мұның сыртында мысықтарды түр-түсіне, мінез-қылығына, көз жанарының түсіне, басқа да белгілеріне қарап ажыратып, атайды. Әлемнің бірқатар елдерінде мысыққұмарлар клубтары жұмыс істеп әртүрлі көрмелер ұйымдастырылады.

Мысықты бағып, күту 7-8 айында жыныстық жағынан жетілетін мысық балаларда оны бөлменің оңаша, таза, жұмсақ төсеніші бар жерінде: себетте, жәшікте ұстаған жөн.



Бір мысық 1-ден 7-ге дейін балалап, балалары көзін 7-10 күн толғанда барып ашады, есейгенше енесінің сүтімен қоректенеді. Үй мысықтары жылына
2 рет, жекелеген түрлері 4 рет балалайды. Үй мысығы таза хайуан болғандықтан, оның табиғи қажеттілігі үшін пәтерде ішіне құм, топырақ салынған жәшік қою қажет, оны уақытылы ауыстырып, мысықтың балаларын серуенге енесімен бірге алып шығып, оның мойнына жіп тағып, ұстап жүреді.
Мысықты тамақтандыру Ересек мысықтарды тәулігіне 1-2 рет тамақтандырса, осы тамақтың мөлшері 150-200 грамм болуға тиіс. Үй мысығының негізгі тамағы: ет (мүмкіндігінше шикілей), балық (буға пісіріп, не жеңіл қуырып), сүт. Ет тағамдарының ішінде мысыққа пайдалысы: ішек-қарын, бауыр, жүрек. Мысықты нанға, сорпаға, ботқаға, шикі көкөніске, жеміске жастай үйретсе, оңай болады. Мысықтың балалары енесінің сүтімен қоректеніп жүргенінде 20 күннен кейін оған сиырдың сүтін жылытып беруге рұхсат етіледі. Мысыққа етті тамақты ірімшікпен де ауыстырып береді. Көкөністерді берерде ет турағыштан өткізеді. Қазір дүкендерде мысықтарға арнап жасалған тағам түрлері бар. Мысықты тамақтандырарда мамандардың ақыл-кеңесін тыңдаған орынды.
Мысық балалары жұқпалы ау рулармен жиі ауырады. Мысықтар ауырғанда, көздері жасаурайды, ыстығы көтеріледі, лоқсып құсады, тышқақтайды. Оның ауыр түрлері мысықтың өліп қалуына әкеліп соқтырады. Мысықтан адамға жұғатын қауіпті аурулар: құтыру, қотыр жара, қышыма. Сол себепті жыл сайын құтыруға қарсы мысыққа вакцина еккізіп тұрады. Мысықты дұрыс асырамай, далаға өз бетінше қоя беру оның түрлі ауруларды жұқтыруына, оның адам ағзасына берілуіне жол ашады.

Мысықтарды қалай атаған дұрыс?

Мәулен – ұрғашы мысық

Соқыр – мысықтың әлі көзін ашпаған баласы.



Марғау – мысықтың есейген баласы




1.ФЕЛИНОТЕРАПИЯ


Қазіргі үлкен жылдамдық пен жоғарғы ритм ғасырында біз өзімізді кейде бос сезінеміз, дұрыс өмір сүру үшін күшіміздің жоқтығын, әлсіздікті сезінеміз. Күнделікті жұмыстағы стресс пен көп ой еңбегі біздің жүйкемізді тоздырып, «ескі» ауруларымызды қоздырып, көптеген «жаңа» аурулар туғызады. Мықты денсаулық пен дұрыс өмір сүру үшін осының бәрінен қалай құтылуға болады? Жауап өте оңай: сізге фелинотерапия көмектеседі (мысықтерапиясы).

Бірқатар халық емшілерінің баяндауынша, мысық иесінің қай жері ауырса, сол жерге барып жататын көрінеді. Және де мысықтардың кейбірі иесінің ауырған жерін ақырын тырналап емдесе, екіншілері олай массаж жасамай-ақ, сол жерде жатқан күйі оған бойындағы қуатымен әсер етіп, шипасын силайды екен. Сенеріңді де, сенбесіңді де білмейсің. Тек біздің бір білетініміз, бұрындары халық емшілерінің мысық бойындағы шипагерлік қасиетті жақсы біліп, оны іс-тәжірибеде пайдаланғаны. Қазіргі медицинада «анималтерапияның» бар екені, бұл саланың жылдан-жылға дамып келе жатқаны мысықтың емдік қасиетіне басты дәлелдердің бірі. Бұл жөніндегі ой-пікірлерге назар аударсақ, «мысық иесінің ауырған жерін дәл табатын энергетикалық-ақпараттық құрал іспеттес. Өйткені, адамның ауырған жерінің энергетикасы өзгереді де, осы өзгерісті мысық бірден сезеді».

Тағы бір таңғаларлық ой-пікір: «мысықтың биоөрісі жүректің жұмысын қалпына келтіреді, қан қысымын реттейді, бас ауруын жазады, ол үшін мысыққа жақын болып, оны бір мезет сипап қою қажет». Ол адам бойындағы теріс қуаттарды да сүзіп алады. Аниматерапевтердің дәлелдеуінше, мысықтың пыр-пыр еткен үнінің өзі адамдарға шипалы. Мысықтың мияулаған дауысы – 20-25 герцке дейін жететін дыбыс толқындары болғандықтан, бұл мөлшердегі дыбыс диапазоны адам жарақатының тез жазылып кетуіне, сынған сүйектің тез бітуіне өте жақсы әсер етеді. Ол тіпті, ағзаның иммунитеттік жүйесін күшейтіп, адам өмірін ұзартатын болып шықты. Сондай-ақ, мысықтың мамық терісін бірнеше минут сипасаң, инфаркт, инсульт алу қаупі азаятын көрінеді. Себебі, мысықты сипау - әлсіз ток арқылы электростатистикалық әсер ету деген сөз. Бұл нағыз физиотерапия!

Жануарлардың көмегімен емделу (аниматерапия) ХХ ғасырдың 50-жылдары жақсы жолға қойылды. Жануарлардың емдік қасиетін, соның ішінде мысықтың емдік қасиетін пайдалану тек қана жүйке жүйесі ауруларына ғана емес басқа да көптеген күрделі ауруларға дапайдалана бастады. Бұл емнің ешқандай кері әсері жоқ. Мысықпен емдеу тәсілі «фелинотерапия» (Латынның felis – мысық) деп аталады. Ал мысықтың жүніне деген аллергия ше? – деп сұрауыңыз мүмкін. Бұл жағдайда қысқа жүнді, мамық жүнді, тықыр жүнді мысық түрлері бар. Мысық терапиясының жүйкені тынышталдырып, энергияны реттеп, денсаулығыңа жақсы әсер беретіндігі соншалық мысалы, АҚШ-та дәрігерлердің 48%-ы өз ауруларына фелинотерапияны пайдаланып көруді ұсынады. Англияда «шипагер» мысықтар дәріханада дәрігердің рецептінсіз сатылады. Мысық адамның биоөрісіне жақсы әсер етеді. Адамға жақындау арқылы мысық өзінің емдік қасиетін береді. Бұл «мамық шипагер» иесінің алдына отырып немесе кеудесіне жатып аяқтарымен «мысық массажын» жасағанын тек рефлексотерапевтің1 инесімен салыстыруға болады. Ғалымдар әсіресе қара түсті мысықтың емдік қасиетінің жоғары екенін айтады, себебі қара түс жаман энергияны өзіне жақсы сіңіреді. Қара мысық адам бойындағы жаман энергияны өзіне жұтып, иесінің биоөрісіне жақсы әсер етеді.



Сонымен мысық қалай емдейді? Бұл мысықтың өзіне қатты ұнайды. Мысық бізді жақсы емдеу үшін оған жақсы қарым-қатынас жасаса жеткілікті. Мысалы сипалап жақсы көру, тамағын дұрыстау, жақсы сөздер айту т.б. сонда ол сізге өзінің дәрігерлік жұмысын жақсы атқарады. Мысық адамның ішкі суық тиген ағзаларын, сынған сүйекті, соғылған жерлерін жақсы сезеді, сол жерге жатып «грелка» қызметін атқарады. Мысықты сипалап отырған адам жүрек инфарктіне ұрынбайды және қан қысымын реттеуге септігі тиеді. Мысық арқасын қолмен сипағанда одан дельта толқын бөлінеді, бұл сол күнгі көңіл-күйге жақсы әсер ететіндігі ғылыми дәлелденіп отыр. Мысық асыраған адам 10-15 жыл ұзақ өмір сүретіндігін ағылшын ғалымдары дәлелдеп отыр. Иесінің ұйқысыздығына және салмақ қоспай салауатты өмір сүруіне «мамық шипагердің» әсері көп. Мысық өз денесін тілімен жалап массаж жасайды, осы кезде ол жағымды пырыл шығарады. Міне осы пырыл 4 – 16 Гц. жиілікпен шығады – осы пырыл мысықтың ең бірінші адамға қолданатын құралы. Солтүстік Каролинадағы ғылыми зерттеу институты осы жиіліктегі тербелісте адам ағзасындағы бүлінген жасушалар қалпына келетіндігін дәлелдеген. Егер мысықтар өз денесін жарақаттап алса, ең бірінші пырылдауды бастайды. Мысықтың пырылы адамды әлдилеп отырғандай әсер етеді де, оның ағзасы тынышталады, рахат әсерге бөленеді. Мысықтың өз иесінің ауыратын жерлерін табу қабілеті бар екендігі ұлттық медицинаға бұрыннан белгілі. Олар сол

Оқушы ғылыми жобасы туралы
Заман талабына сай оқушылардың өзіндік ізденімпаздық қырларын дамыта түсетін нәрсе – ғылыми жобалар. Осы мақсатта сараланып, жүйеленген ғылыми жобалар топтамасы оқушылардың тереңірек ізденуіне бағыт-бағдар береді.

Ғылыми жоба жалпы қойылатын талапқа сай дайындалған.

Уорд нұсқасы, аңдатпалар, пікірлері, күнделігі және көрнекі жасалынған тұсаукесері (презентация) ғылыми жобаның құрылымы жүйеленген толық нұсқасын құрайды.

Ғылыми жобаның толқы нұсқасын жүктеу ақылы.



Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына (ЖСН 750115401055) немесе

Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне 2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті ғылыми жобаңызды айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті ғылыми жоба тақырыбын жазып жібересіз.

Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған ғылыми жобаңыздың толық нұсқасы салынады.



Сондай-ақ, өзіңізде бар ғылыми жобаның толық нұсқасымен айырбас жасауға болады, сіз онымен сайтымыздың толыға түсуіне көмектесесіз!!!

Ғылыми жобаның толық нұсқасын talshin.ukoz.net сайты

арқылы да ала аласыз!

Осы сайттан басқа да сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет