«Екібастұз қаласы әкімдігінің №5 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Оспанова Гүлден
4 «ә» сынып
Тақырыбы:
Мысықтың емдік қасиеттері
Бағыты: Жаратылыстану
Секция: Қоршаған орта және адам денсаулығы
Ғылыми жетекші: Мусина Акмарал Маратовна, бастауыш сынып мұғалімі
Екібастұз қаласы
2015-2016 оқу жылы
Мазмұны
Кіріспе …………………...................................................................................3
I .Бөлім. Мысық қасиетті жануар.................................................................4
1.1 Үй жануарлары ................................................................ 9
1.2. Мысықтар сиқырлы жануар ма?.................................................................11
1.3. Ғылым мен медицинада мысықты пайдалану...........................................12
II Бөлім. Мысықтың адам ортасындағы орны...............................................13
2.1. Таңғажайып оқиғалар..................................................................................18
2.2. Мысықтың сиқыры мен емдiк қасиетi.......................................................13
2.3. Өз үйіңдегі қазына......................................................................................19
Қорытынды........................................................................................................21
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................22
Кіріспе
Бұл жоба хайуанаттар әлемін,соның ішінде тылым күш иесі мысық жануарының бойындағы емдік қасиетін зерттеуге арналған.Осы зерттеу арқылы оқушыларға жануарлардың пайдасынан басқа емдік қасиеттері болатындығы жайында ақпарат беру, оқушыларға айналамыздағы жануарларың ерекше қасиеттерін ескеріп,қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Зерттеу гипотезасы:сипалап жақсы көрсек, тамағын дұрыстап, жақсы сөздер айтсақ, сонда ол сізге өзінің дәрігерлік жұмысын жақсы атқарады.
Жұмыстың мақсаты: мысық жануарының пайда болуы,оның емдік қасиетінің анықталуы және өмірде пайдалана білуге үйрету,осы жануарды аялап, қамқорлыққа алу болып табылады.
Зерттеу міндеттері :
Жануардың шығу тарихын анықтау
Мысық жануарының пайда болуын оқып білу
Мысық жануарының емдік қасиетін анықтау
Мысық жануарының медицинадағы анықтаулары
Зерттеу әдіс-тәсілері:
1.Теоиялық материалды жинақтау
2.Тақырып бойынша материалды іріктеу
3.Мысықтың емдік қасиетіне презентация дайындау
4.Ақпарат көздері арқылы мәлімет беру
Теориялық маңыздылығы: мысық –иесінің ауырған мүшесін дөп басып білетін энергетикалық ақпараттық құрал
Құндылығы: мысықтың кез келген ауруға таптырмайтын емдік қасиеті .
Жұмыстың құрылымы: Жоба кіріспеден, екі бөлімнен,қорытындыдан тұрады.
Аннотация
Зерттеу жұмысында орындаушы Оқушы өзінің ғылыми зерттеу жұмысында өз бойындағы дарындылықты жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізген. Ол бұл ғылыми жұмысында мысықтың емдік қасиеті, оның өз иесіне жасайтын шипагерлік құпиясын жақсы түсінікті тілде жазған.Үй мысығының күтімі, тамақтануы, мысықтардың қазақша атауларына тоқталған. Анимал терапиясы жайлы соның ішінде фелинотерапия яғни мысық терапиясы туралы толыққанды тоқталған. Мысық түрлеріне қарай адам бойындағы түрлі ауруларға түрліше әсер ететіндігі жайлы әлем ғалымдарының зерттеулері жайында жазған мақалаларды көп іздегені жұмыста көрініп тұр. Қазіргі медицинада болып жатқан жаңалықтарды ұтымды көрсете білген.
Аннотация
Ученик, в ходе научно – исследовательской работы, вкладывая свои способности и поиски, доступно написал о лечебных свойствах кошки в отношении своего хозяина. В ходе работы остановился: на питании и уходе домашних кошек, на отзыв животных хозяину на казахском языке.
Особенное внимание уделил на фелинотерапию – кошачью терапию. В работе видно, что ученик опирался на работы и исследования мировых ученых о том, что разные породы кошек излечивают разные болезни в организме человека.
Новости, происходящие в области медицины сумел обоснованно доказать.
The summary
The pupil, in a course scientifically – research work, putting the abilities and searches, has well written about medical properties of a cat concerning the owner. During work has stopped: on a food and leaving of house cats, on a response of animals to the owner in the Kazakh language.
Especial attention has given on felinoterapija - the cat's therapy. In work it is visible that the pupil leaned against works and researches of world scientists that different cat breeds cure different illnesses in a human body.
The news occurring in the field of medicine has managed to prove soundly.
I Бөлім. Мысық қасиетті жануар.
1.1.Үй жануары
Жалпы мысық жануары қандай жануар екен? Зерттеушілердің болжамы бойынша жабайы мысықтарды қолға үйрету осыдан кемінде 5 мың жыл бұрын басталған. Негізінен, үй мысықтарының арғы тегі Либия мысығы болып саналады. Ең қызығы, ертедегі Египетте мысық қасиетті хайуан деп есептеліп, бальзамдалып, саркофагтарда жерленген. Мысықтарға ұқсас жыртқыш аңдарды мысық тәрізділер деп атайды. Олар жыртқыштар отрядының бір тұқымдасына жатады. Қазба қалдықтары жоғары олигоценнен белгілі бұл мысықтәрізділер жер бетінде кеңінен таралған. Тек Австралияда, Антарктидада, Жаңа Гвинеяда, Мадагаскарда, Сулавесиде, Гренландияда, тағы да басқа бірнеше аралдарда кездеспейді.Жер бетінде тек қана мысықтардың сексенге жуық түрлері тіршілік етеді. Олар: басы үлкендеу біткен, кержік танау, барақ жүнді парсы мысығы, дене тұрқы сыптығыр, түгі тарғыл жолақтанып келген король мысығы, Ман аралының шолақ құйрық мысығы, сібір мысығы, тықыр жүнді еуропа мысығы, түрік және сиам тобына жататын – сиам, бирман, абиссин мысықтары. Мұның сыртында мысықтар түр-түсі, мінез-дағдысы, көз жанарының түсі және басқа да белгілері бойынша ажыратылып, аталады.
Көптеген елдерде мысыққұмарлар клубтары жұмыс істейді. Мұнда мысықтар тегі, түр-түсі бойынша арнайы кітаптарға тіркеліп, олардың көрмесі ұйымдастырылып отырады.Ал енді, жалпы мысықтәрізділердің 4 туысы, 36 түрі бар. Қазақ жерінде 3 туысының (мысық, барыс, қабылан) 8 түрі мекендейді. Мысық туысына 6 түр жататын болса, бұлардың дене бітімі ықшам, алдыңғы аяқтары 5, артқы аяқтары 4 саусақты, тырнақтары жиырлатын болып келеді. Дене тұрқы 40-105 сантиметрдей, салмағы 2,5-24 келідей. Құйрығы көпшілік түрінде ұзын, түгі тықыр, қалың әрі жұмсақ, көпшілігі теңбіл де жолақ. Олар тек қана етпенен қоректеніп, ұсақ түрлері жыл сайын 5-6 (тек үй мысығы мұнан жиі), ірілері 2-4 ұрпақ (жылда емес) әкеледі. Мысық туысының 3 түрі (қарақал, сабаншы, шағыл мысығы) бар. Бір түр тармағы қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Мысық тәрізділер бағалы терісі үшін ауланады.
1.2.Мысықтар сиқырлы жануар ма?
Халқымыз мысықты сиқырлы жануар деп қадірлеп,қастерлеп жатады. Сіздер соған сенесіздер ме? Осы сұрақ мені де толғандырып, осы ғылыми жобаны жазуға түрткі болды. Сондай-ақ адамзат баласы бағзы заманнан-ақ мысықты сиқырлы жануар деп ойлаған. Ежелгі мысырлықтар мысықты фәни мен бақиды жалғастырушы деп есептеді. Сол кездегі сиқыршылар «мысықтың көзі басқа әлемнің көрінісі, өзге дүниеге апаратын жол», - деп сенді. Әлемнің әр еліндегі халықтар мысыққа байланысты сан алуан салт-дәстүрлерді өмірге енгізіп, бұжытпай орындайтын болды: орыс халқы жаңа үйге, пәтерге қоныстанар алдында сол баспанасына әуелі мысықты кіргізеді. Мұндағы наным-сенім: мысық үйді тылсым күштерден тазартады. Көп халық «қара мысық алдыңды кесіп өтсе, жолың болмайды», - дейді. Қазіргі қазақтар да оған иланады.
Бірқатар халық емшілерінің баяндауынша, мысық иесінің қай жері ауырса, сол жерге барып жататын көрінеді. Және де мысықтардың кейбірі иесінің ауырған жерін ақырын тырналап емдесе, екіншілері олай массаж жасамай-ақ, сол жерде жатқан күйі оған бойындағы қуатымен әсер етіп, шипасын силайды екен. Сенеріңді де, сенбесіңді де білмейсің. Тек біздің бір білетініміз, бұрындары халық емшілерінің мысық бойындағы шипагерлік қасиетті жақсы біліп, оны іс-тәжірибеде пайдаланғаны. Қазіргі медицинада «анималтерапияның» бар екені, бұл саланың жылдан-жылға дамып келе жатқаны мысықтың емдік қасиетіне басты дәлелдердің бірі. Бұл жөніндегі ой-пікірлерге назар аударсақ, «мысық иесінің ауырған жерін дәл табатын энергетикалық – ақпараттық құрал іспеттес. Өйткені, адамның ауырған жерінің энергетикасы өзгереді де, осы өзгерісті мысық бірден сезеді».[15]
Мысықтың биоөрісі жүректің жұмысын қалпына келтіреді, қан қысым реттейді, бас ауруын жазады, ол үшін мысыққа жақын болып, оны бір мезет сипап қою қажет». Ол адам бойындағы теріс қуаттарды да сүзіп алады. Аниматерапевтердің дәлелдеуінше, мысықтың пыр-пыр еткен үнінің өзі адамдарға шипалы. Мысықтың мияулаған дауысы – 20-25 герцке дейін жететін дыбыс толқындары болғандықтан, бұл мөлшердегі дыбыс диапазоны адам жарақатының тез жазылып кетуіне, сынған сүйектің тез бітуіне өте жақсы әсер етеді. Ол тіпті, ағзаның иммунитеттік жүйесін күшейтіп, адам өмірін ұзартатын болып шықты. Сондай-ақ, мысықтың мамық терісін бірнеше минут сипасаң, инфаркт, инсульт алу қаупі азаятын көрінеді. Себебі, мысықты сипау - әлсіз ток арқылы электростатистикалық әсер ету деген сөз. Бұл нағыз физиотерапия!
Ғылыми зерттеулерге қарағанда мысық жүйкені тыныштандырады, қан қысымын қалыпты жағдайда ұстайды, бас және буын ауруларын болдырмайды, жүректің жұмысын реттейді, жарақаттың тез жазылуына септігі тиеді, іштегі қабынуды емдейді. Оны сипалағанда, сөйлескенде жүні адамға қуат береді, белсенді нүктелердің жұмысын жақсартады да ауырсынуды болдырмайды.
1.3. Ғылым мен медицинада мысықты пайдалану
Мысықтардың да адам ауыратын сырқаттарға шалдығатыны анықталып отыр. Соның бірі мысықтардың СПИД-пен ауыратыны. Бұл бағытта зерттеу жүргізген топтың жетекшісі биолог Эрик Пейшл былай дейді: «Мысықтар мен адамдар бір-біріне генетикалық жағынан өте ұқсас. Homo gapiens u Felis арасындағы ұқсастық тоқсан пайызға дейін жетеді». Яғни, адам да, мысық та СПИД-пен ауырады, жер бетіндегі мысықтардың 4,5 пайызы осы ғасыр дертін жұқтырғандар. Тек, таңқаларлығы, мысықтар СПИД-тен өлмейді. Және де мысықтардың СПИД-ке қарсы иммунитеті бар. Ең бастысы, мысықтардың СПИД-і адамдарға жұқпайды. Ғалымдар гендік инженерия арқылы иммундық жетіспеушілік вирусына қарсы ген ендірілген мысықтар әлемді бұл қатерлі дерттен құтқара алады дейді. Осы орайда айта кететін мәселе, маймылдарда да ғасыр дертіне қарсы қорғаныс гені – TRIMCур-дың бар екендігі анықталды. Мамандар оны жасыл ақуыз генімен белгілеп, мысықтардың жұмыртқа жасушасына енгізген. Модификациядан өткен вирус әлгі жұмыртқа жасушасына ауру жұқтырғанда бұл жасушаны көбейтіп, 22 мысыққа ендіріп, тәжірибе жасайды. Сонда бұлардың бесеуі артынша буаз болады. Он бір шарананың онында жасыл ақуыз бен TRIMCур гені анықталады. [127]
Сөйтіп, осы тәжірибе барысында бір шарана іште өлсе, бірі туылған соң өледі. Қалған дүниеге келген мәулендердің (мысық баласының атауы, М.С.) жасушаларынан жасыл ақуыз бен TRIMCур гені табылады. Бұл трасгенді мәулендерге ғалымдар ультракүлгін сәулесін түсіріп көреді, сол кезде олар жасыл түсті болып көрінеді де, зерттеушілер «енді трансгенді мысықтар арқылы СПИД-ке қарсы қорғаныш қабілеті бар кез келген гендердің әсерін тексеріп білуге болады» деген қорытынды жасайды. Ғалымдардың айтуынша, осы зерттеу бойынша келешекте ғасыр дертіне қарсы дәрінің ойлап табылуы әбден мүмкін.
Ғылым мен медицинада мысықты пайдаланудағы жаңа бағыт-батыс дәрігерлерінің оларды есірткі мен ішімдіктен адамдарды емдеуде тәжірибе құралына айналдыруы, ағылшындардың мысықтардың қандай ауруды емдей алатынына зерттеу жүргізіп, оны түр-түсі мен терісіне қарай ажыратуды анықтағаны. Ағылшын зерттеушілерінің ой-пікірі бойынша, ақ түсті мысық бүкіл ауруларды жаза алады. Сол себепті Ұлыбританиядағы кейбір дәріханалар ақ мысықты дәрі-дәрмек ретінде сатуға көшіп отыр. Ал, енді Берлиндегі геронтология институтының ғалымдары мысық иелеріне мынандай зерттеу жүргізген: үйінде мысық асырайтын 3 мың адамды бес жыл бақылауға алады, өмір бойы мысық асыраған адам үйінде мысық ұстамайтын адамға қарағанда 10,3 жыл артық өмір сүретіні анықталады. Және де осы бақылауда мысық асырайтын адамдардың қан қысымының көрсеткіштері де жақсы болып шығады...
II Бөлім. Мысықтың адам ортасындағы орны
2.1 Таңғажайып оқиғалар.
Мысық ит тәрізді өз иесіне адал серік бола алмайды. Өйткені мысықтың о бастағы жаратылысы мүлде бөлек, ол басқа мақсат үшін жаратылған. Бұрындары адам мысықты тышқан аулау үшін асырады. Алайда, шын мәнінде, мысықтың жер бетіндегі негізгі қызметі тышқан аулау да емес. Оның негізгі миссиясы – өзі тұратын үйді аластау, ондағы тыныштық пен үйлесімділікті сақтау. Кейде мысық өзінің сиқырлы қызметін қажет ететін үйді өзі іздеп тауып алады деген сөз бар. Ондай жағдайда үй иесі мысықты қумай, оны паналатып, «сиқырын» іске асыруға мүмкіндік беру керек екен.
«Қара мысық алдынды кесіп жүгіріп өтсе, жолың болмайды» деген ырым бар. Алайда, бұл қара мысықтың кесірі тиеді деген сөз емес. Қайта керісінше, мысық жолды кесіп кету арқылы сізге белгілі бір қауіп-қатер төнгенін сездіреді, сөйтіп, теріс нәрседен арашалап қалғысы келеді. Сондықтан қара мысықты ұнатпайтын адамдарға құлаққағыс: қара түсті мысықтың өзге түсті мысықтарға қарағанда тылсымға қарсы қорғаныш қабілеті әлде қайда мықты, әрі ол теріс энергияның түгін қалдырмай жұтып алатын көрінеді. Кейбір экстрасенстердің үйлерінде қара мысықты ұстайтыны да сол. Ол көз тию мен бәле-жаладан корғап, үйді аластап береді.
Хайуанаттардың адамның досы ғана емес, сырқаттанып қалғанда жанынан табылатын «емшісі» екені сан ғасырдан бері белгілі. ХХ ғасырдың аяғында ғалымдар олардың осындай қасиеті бар екенін ғылыми түрде дәлелдеген. Жануарлар адам ағзасы мен жүйкесіне жағымды әсер беретін электрмагнитті сәуле шаша алады. Бал арасын баптаушы мен қысы-жазы төрт түліктің бабын күйттеген қарапайым шопанның өмірін бақылаған ғалымдар олардың өзгелерден әлдеқайда тың әрі ауруға бой бермейтінін байқаған.
Қорыта келгенде,бүгінгі таңда көптеген елде төртаяқтылар мен құстардың көмегімен ем жасайтын (анималотерапевт) емдеу орталықтары мен клиникалар да бар. Ал Англияның дәріханаларында емдік ақ мысық та сатылады .
Таңертеңгі сағат алтыларда қарға біздің сая бақтың алдына келіп қонады да, ерсілі-қарсылы жүріп, мысықты күтеді. Сол сәтте, жирен мысық та далаға шығып, екеуі біздің аулада серуендейді немесе көрші қораға кетеді. Бұлардың алғаш ұшырасқан жері – жөке ағашының маңында жүргенін талай адам көріпті; мұнда мысық өзінің өрмелегіштік өнерін көрсетеді. Бұл кезде қарға үнсіз отырып, оның акробатикалық жаттығуларын тамашалайды. Бұдан соң мысық бұтақтардың үстінде отырады, ал қарға үздіксіз қарқылдай бастайды. Сырттан қарағанда, бұл мысықтың гимнастикасын талқылағанға немесе оған көрген-білгендерін айтқанға ұқсайтын еді; мұндайда мысық үнсіз отырып, мұқият тыңдайтын. Екеуі өстіп көп отырады да, қайтадан серуенге шығады. Бұл оқиға жұрттың аузынан түспейтін болды. Кей адамдар мысық пен қарғаны көру үшін әдейілеп келіп жүрді. Екеуі кісіден қорықпайтын-ды, жақындап барсаң да тұра қашу дегенді білмейтін. Біраздан соң қарға ұшып кететін де, ертеңіне таңертең қайта келетін. Алайда бұл оқиға қайғылы аяқталды. Қарға кенеттен жоғалып кетті. Ол дуал іргесінде өліп жатқан жерінен табылды. Көрші ауланың балалары үрлеме мылтық атуға жаттығып жүргенде қарға біздің қораға келіп қону үшін көршілердің жерін айналады, тым төмен ұшып келе жатқанда байғұсқа оқ тиіп кетеді...Жирен мысық біршама уақытқа дейін ертемен далаға шығып, досын күтіп жүрді. Оның қаншама қайғы шеккенінен ешбір хабарымыз болмады. [6,145].Алайда,біз хайуандардың сезім дүниесін тым аз білеміз ғой..
2.2. Мысықтың сиқыры мен емдiк қасиетi
Адамзат мысықты бағзы заманнан берi сиқырлы жануар деп есептеген. Ежелгi мысырлықтар мысық жануарын қатты қастерлеп, оны бұл дүние мен о дүниенi жалғастырушы деп қадiр тұтқан. Расында да, мысықтың көзiне бiр рет үңiлген адам ондағы терең тұңғиық¬ты байқай алады. Бағзы заманның сиқыршылары мысықтың көзiн басқа әлемнiң көрiнiсi, өзге дүниеге апарар жол деп сенген.
Мұндай наным сенiмдер тектен текке шықпаған. Мысық адам көзiне көрiнбес тылсым дүниенi көре алады. Тiптi онымен байланыс орнатады. Кейбiр халықтардың ескi аңыздарында мысық үйдегi тылсым күштермен, үй иесiмен сөйлеседi деп жазылған. Мысық үйдегi терiс энергиясы көп жердi әдейi таңдап алып жатады. Бұл да мысықтың сиқырлығымен байланысты. Мысықтар бiз өмiр сүретiн әлем мен жұлдызды әлемнiң шекарасын жалғастырушы ғана емес, олар адамды өзге әлемнен енетiн тылсым күштерден қорғай алады.
Мысық ит тәрiздi өз иесiне адал серiк бола алмайды. Өйткенi мысықтың о бастағы жаратылысы мүлде бөлек, ол басқа мақсат үшiн жаратылған. Бұрындары адам мысықты тышқан аулау үшiн асырады. Алайда, шын мәнiнде, мысықтың Жер бетiндегi негiзгi қызметi тышқан аулау да емес. Оның негiзгi миссиясы – өзi тұратын үйдi аластау, ондағы тыныштық пен үйлесiмдiлiктi сақтау. Кейде мысық өзiнiң сиқырлы қызметiн қажет ететiн үйдi өзi iздеп тауып алады деген сөз бар. Ондай жағдайда үй иесi мысықты қумай, оны паналатып, “сиқырын” iске асыруға мүмкiндiк беру керек екен.
“Қара мысық алдыңды кесiп жүгiрiп өтсе, жолың болмайды” деген ырым бар. Алайда бұл қара мысықтың кесiрi тиедi деген сөз емес. Қайта керiсiнше, мысық жолды кесiп кету арқылы сiзге белгiлi бiр қауiп қатер төнгенiн сездiртедi, сөйтiп, терiс нәрседен арашалап қалғысы келедi. Сондық¬тан қара мысықты ұнатпайтын адамдарға құлаққағыс: қара түстi мысықтың өзге түстi мысықтарға қарағанда тылсымға қарсы қорғаныш қабiлетi әлдеқайда мықты, әрi ол терiс энергияның түгiн қалдырмай жұтып алатын көрiнедi. Кейбiр экстрасенстердiң үйлерiнде қара мысықты ұстайтыны да сол. Ол көз тию мен бәле жаладан қорғап, үйдi аластап бередi.
Ал ендi мысықтың емдiк қасиетi өз алдына. Бiр жерiңiз ауыра қалса, мысықтың дәл сол жерге барып жатуы бекер емес. Мысықтың емдiк қасиетiн бұрынғы емшiлер де жақсы бiлген. Қазiр де медицинада “анималтерапия” атты сала бар. Мысық иесiнiң ауыратын жерiн әртүрлi жолмен емдейдi. Бiр мысықтар дененiң сол бөлгiн ақырын тырналап массаж жасаса, бiреулерi жай ғана сол жерге жатып ақ әсер ете алатын көрiнедi.
Қысқасы, мысық – иесiнiң ауырған мүшесiн дөп басып бiлетiн энергетикалық ақпараттық құрал. Себебi адамның ауыратын дене бөлiгiнiң энергетикасы өзгередi, осы өзгерiстi мысық қатты сезедi екен. Осылайша, мысықтың биоөрiсi жүрек жұмысын қалыпқа келтiредi, қан тамыр мен бас ауруын жазады. Әрi анималтерапевтердiң айтуынша, мысықтың пыр пыр еткен даусының өзi адамды емдей алады. Оның мияулаған даусы 20-50 герцке дейiн жететiн дыбыс толқындары. Осы шамадағы дыбыс диапазоны адам жарақатының тезiрек жазылуына, сынған сүйектiң тез бiтiп кетуiне септiгiн тигiзедi. Мысықтың осы мияулағаны ағзаның иммундық жүйесiн күшейтіп, тiптi өмiрдi ұзартады екен.
Мысықтың мамық терiсiн бiрнеше минут сипаған адамның инфаркт, инсульт алу қаупi азаяды. Себебi жануарды сипаған кезде саусақ терiсi арқылы миға белгi берiледi. Ит немесе мысықты сипалау – әлсiз тоқ арқылы электростатикалық әсер ету деген сөз. Осының өзi физиотерапия емей не?
Батыс дәрiгерлерi мысықты есiрткi мен iшiмдiктен емдеу үшiн медицинада қолдана бастаған. Ал ағылшындар мысықтар қандай ауруды емдей алатынын оның түр түсi мен терiсiне қарап ажыратады. Мәселен, ағылшындарға сенсек, ақ түстi мысық бүкiл ауруларды жаза алады екен. Сондықтан Ұлыбританиядағы кейбiр дәрiханаларда ақ мысықты дәрi дәрмек тәрiздi сатады.
Қазақ халқы мысықты жақтыра бермейді. “Оның тілеуі жаман” деп қарайтындар да бар. Бірақ “мысықтың қарғысы жаман болады” дегенді де бала күнімізді жиі еститінбіз. Қазақ Мысықтан гөрі ит пен жылқыға жақындау, әрі оларды жеті қазынаға жатқызады.
Дәрігерлер стресс күйін ағзаны мүжіп-құртатын ең жаман күш деп бағалайды. Оның алдын алмаса немесе тоқтатпаса күре тамырлық қысымды жоғарылатып, ішек-асқазан құрылысын таптап өтіп, иммуналды жүйені жеп тауысып, мезгілсіз қартаюға соқтырады. Ал, мұндай тығырыққа үйінде мысығы бар адамдар ұшырамайды екен. Жалпы, сүйікті асыранды мысығы бар үйдегі тұрғындарда буын шораяқ, радикулит, остеохандроз секілді аурулар кем ұшырасады. Өйткені, мысық қылшығынан шығатын әр түрлі ток қабынуға қарсы емдік шара жүргізеді. Үй мысығынан тарайтын табиғи аура асқазан жарасы мен ұйқысыздықтың емдеп жазуға қабілетті. Оның адам денесінің қандай да бір бөлігіне келіп жатуы сол жерді кәдімгі укол салған немесе алтын ине шаншыған дәрежеде емдейді екен.
Мұрттыларға қатысты тағы қызықты дерекке тоқталайық, ем-дом үшін асырауға ақ мысық жарамды ма, әлде қара мысық па, мүмкін сары мысық дұрысырақ шығар деген сауалдар да туындауда. Ағылшын дәрігерлері салалы ұзын жүнді мысық – жүйке ауруларын емдейді, тықыр жүнді қасқабас мысық – бауыр, асқазан ауруларын емдеуге қабілетті, сиам мысығы денедегі суықты шығаруда таптырмас «дәрі», қара мысық жағымсыз энергияларды қуалаушы, жирен түстілер жақсы энергияларды шақырушы-мыс,-деген халық арасындағы алып-қашпа әңгімеге барлық мысықтың емшілік тұрғыдағы қабілет-қарымы бірдей деген зерттеулері арқылы нүкте қойды.
Фелинотерапияны қолданудың жөні осы екен деп кез-келген мысықтан шипа күтуге болмайды, мұндай шараны қожайынның сүйікті де, күтімді мысығы ғана атқара алады екен.
2.3. Өз үйіңдегі қазына
Жеті қазынаның бірі саналатын төрт аяқтының бірі – ит. Ол ұмытшақтық, жүрек ауруы, соның ішінде ишемия, стенокардия, инфаркт, аритмия, қант диабеті, құяң, асқазан, бүйрек, тұмау, қолқа ісік ауруы кезінде жаныңнан табылатын нағыз емші. Ньюфаундленд, сенбернар, дог, қара терьер сияқты атына заты сай төрт аяқтылар баспа, созылмалы гастрит, отит, тонзиллит, геморрой, гепатит, эндемикалық без, остеохондроз, жүрек, бауыр ауыратындарға кәдімгідей күш береді.
Ем болуы үшін не істеу керек? Мысалы, жүрегі сырқат адамдар бір ай бойы күн сайын өзінің сүйікті итінің жүрек тұсына қолын қойып, жарты сағаттай ұстап отыруы тиіс. Ғалымдар ірі иттің жүрек бұлшық етінің соғысы ешқандай кардиостимулятордан кем еместігін айтады. Бір ескеретін жайт – мұның бәрін итіңіздің «келісімімен» жасау керек. Оның көңіл күйі келіспей отырса, сізге ем емес, қауіп әкелуі де мүмкін.
Жарақат алып немесе күйіп қалған кезде ит - алғашқы жәрдем беруші. Оның сілекейінің өзі лизоцим антибиотигі, оның залалсыздандыру және жарақаттың тез жазылуына септігі бар.
Миыңыз бен жүрегіңіз сыздап маза бермесе, төрт аяқты досыңызды жаныңызға алып, бес минуттай сипап отырыңыз. Сонда ешқандай ношпаның қажеті болмайды. Радикулит немесе остеохондроз кезінде олардан асқан жылытқыш таба алмайсыз. Иттің жүнін кенеп қапқа салып, сақтап қойсаңыз, ол құяң, буын ауырғанда, дем жетпегенде өте пайдалы. Ол үшін әлгі қапты үтіктеп, жылы күйінде ауырған жерге басу керек.
Статистикаға сүйенсек, мысықты жақсы көретіндер өз қатарластарынан он жылдай ұзақ өмір сүреді екен. Ғалымдар мысықтың көптеген ауруды жеңілдетуге сеп болатынын, тіпті жазылып кетуіне әсері барын айтады. Мысалы, ағылшын ғалымдары үйде мысық ұстау арқылы миокард инфарктінің қайталап соғуын алты пайызға дейін төмендетуге болатынын айтқан. Науқас қожайынының жанынан тәулік бойы кетпей, ас-суға қараудан да бас тартып, тіпті оның ауруын өзіне қабылдап, шейіт болып кеткен мысықтар да болған.
Мысықты тізеңізге қойып немесе құшақтап, сипап отыру арқылы бойыңыздың біраз сергіп қалғанын байқайсыз. Желкеңіз құрысса, оны 3-5 минутқа мойын орағыш ретінде ұстай тұрыңыз.
Түн ұйқыңыз бұзылса, мысықты жастыққа жатқызып, маңдайыңызды түйістіріп жата қойсаңыз, қалай ұйықтап кеткеніңізді де байқамай қаласыз. Мысықтың тырнақ ізі де ем, кәдімгі инемен емдеудің бір түрі.
Жалпы, мысық деген мақұлықтың жүрек қысылғанда, іш құрылысы ауырғанда, буын сырқырағанда, қатты шаршағанда, тұмауратқанда, басқа да көп жағдайда пайдасы көп. Ол ауырған жеріңізді өзі тауып, жақындай түседі.
Ұрғашы мысық іш құрылысы мен жүйкені «емдесе», еркек мысық остеохондроз, радикулит және артроздың «маманы». Парсы, ангор, бирмандық, рэгдол, сібірлік атауға ие мысықтар – жүйке ауруының «білгірлері». Сиам, ориенталь, сфинкс бауыр, бүйрек, асқазанды «емдейді». Жүрегінде кілтипаны барларға британдық, экзотикалық қысқа талшықты мысықтарды серік еткен жақсы.
Италиядағы Верона университетінің ғалымдары жас кезінен мысықты үйлерінде өсірген адамдарға қарағанда егде жасқа келгенде мысық ұстауға бейімделгендердің үй жануарына аллергиясы көбірек пайда болады екен.
Ұзақ уақыт бойы мысық жанында болып, мамық майда жүнінен сипап қойып, оның мияулағанын есту – иммундық жүйеңізді күшейтеді. Сондай-ақ, денсаулығыңыз жақсарып, ұзақ өмір сүруге де ықпал етеді.[68]
Мысықтың мияулаған даусы – 20-дан 50 герцке дейінгі белгілі дыбыс толқындары. Оның осы мияуы организмнің қорғаныш күшін арттырады, жараның жазылуын тездетеді. Мұндай жиіліктегі дыбыс толқындарының әсері нәтижесінде сүйек тығыздығы артып, қол-аяқтың морт сынуы азаятын көрінеді екен.
Қорытынды
Ғалымдар көне замандағы ескі әдістерді жаңғыртуды қолға алған. Оның ішінде, ұмыт болған жануарлармен емдеу әдісін қолданысқа енгізіп отыр. Жоғарыда жүргізілген түрлі тәжірибелер хайуанаттардың науқас адамдарға жағымды әсер еткенін дәлелдеп отыр. Үй хайуанаттарын асырайтын адамдардың да аз ауырып, ұзақ өмір сүретіні ғылыми тұрғыда анықталған. Сондай-ақ, ондай адамдардың жүйке жүйесі де үй жануары жоқ адамнан гөрі күштірек болады екен. Қазіргі таңда анималды терапия дамыған елдерде дәлелденген. Сондай-ақ, хайуанаттардың адамға әсерін бақылап, зерттейтін арнайы ғылыми-зерттеу институттары құрылған. Осыған сай халықаралық конференциялар мен семинарлар өткізіліп отырады. АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Франция елдерінде физикалық немесе психикалық проблемалары бар адамдарға көмек беру үшін анималды терапиямен айналысатын ұйымдар жұмыс істейді. Ал мақсатты түрде арнайы үйретілген, сондай-ақ, белгілі тренинг жаттығулар жасауға қабілетті хайуанат «емдеуші терапевтке» айналады.Жануарлар адам ағзасы мен жүйкесіне жағымды әсер беретін электрмагнитті сәуле шаша алады. Бал арасын баптаушы мен қысы-жазы төрт түліктің бабын күйттеген қарапайым шопанның өмірін бақылаған ғалымдар олардың өзгелерден әлдеқайда тың әрі ауруға бой бермейтінін байқаған.
Бүгінгі таңда көптеген елде төртаяқтылар мен құстардың көмегімен ем жасайтын (анималотерапевт) емдеу орталықтары мен клиникалар да бар. Адамзат баласына берік та сенімді достығы мен қызметін білдіретін үй жануарларына тағы да бір рет құрмет білдіруді ескертеміз.
Фелинологтардың айтуынша мысықтар өте ақылды жануарлар. Сондықтан да ол жануар өзіне құрметтпен қарауды талап етеді, ол бұйрықты ұнатпайды, оның орнына сыйпалап мақтағанды жақсы көреді.
Әрине мысықтар туралы көп айтуға болады. мысықтарға өз мекен - жайлары мен қожайындары табуына, оларға айнымас адал серік болуыларына тілектеспін.
П І К І Р
№5 Жалпы орта білім беретін мектептің 4 «ә» сынып оқушысы Оспанова Гүлденнің «Мысықтың емдік қасиеті» - тақырыбында жазған ғылыми жобасы қазіргі таңда күнделікті өмірде қолдана бермейтін тың тақырыпқа жазылған жұмыстардың бірі.
Ол бұл ғылыми жұмысында мысықтың емдік қасиеті, оның өз иесіне жасайтын шипагерлік құпиясын жақсы түсінікті тілде жазған.Үй мысығының күтімі, тамақтануы, мысықтардың қазақша атауларына тоқталған. Анимал терапиясы жайлы соның ішінде фелинотерапия яғни мысықтерапиясы туралы толыққанды тоқталған. Мысық түрлеріне қарай адам бойындағы түрлі ауруларға түрліше әсер ететіндігі жайлы әлем ғалымдарының зерттеулері жайында жазған мақалаларды көп іздегені жұмыста көрініп тұр. «Естідіңіз бе?...» - бөлімінде, мысықтар жайлы таңқаларлықтай оқиғаларды жақсы іріктеген.Жұмысын қазіргі таңда жануарлармен емдеу әдісін Қазақстанда дұрыс жолға қою керектігі, ит, мысықтарды қорғауға алу керектігі жайлы ойымен қорытындаған.
Бұл «Мысықтың емдік қасиеті» тақырыбында жазған ғылыми жобасы қалалық ғылыми жобалар байқауына ұсынуға болады.
Жетекшісі: Мусина Акмарал Маратовна
Қолданылған әдебиеттер:
Мақсұтбек Сүлеймен «Тылсым күштерді сезіп, адамға ем сыйлайды» мақала
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б.
Ақерке Әбілхан «Мысықтар туралы қызықты мәліметтер» интернеттегі мақала
«Жануарлар туралы қызықты мәліметтер» Білім беру арнасы
Котова А. Л., Құдайбергенұлы Қ., Дерябина Л. В. СПИД – ғасыр індеті/ Алматы: Ғалым, 2000
Өмешұлы Ә. Салауатты өмір – ден саулық кепілі. Алматы: Білім – 1999 жыл.
Оразақов Е. Денсаулық туралы кеңес. Алматы – 1981жыл.
Бірқатар халық емшілерінің баяндауынша, мысық иесінің қай жері ауырса, сол жерге барып жататын көрінеді. Және де мысықтардың кейбірі иесінің ауырған жерін ақырын тырналап емдесе, екіншілері олай массаж жасамай-ақ, сол жерде жатқан күйі оған бойындағы қуатымен әсер етіп, шипасын силайды екен. Сенеріңді де, сенбесіңді де білмейсің. Тек біздің бір білетініміз, бұрындары халық емшілерінің мысық бойындағы шипагерлік қасиетті жақсы біліп, оны іс-тәжірибеде пайдаланғаны.
Мысықтың биоөрісі жүректің жұмысын қалпына келтіреді, қан қысым реттейді, бас ауруын жазады, ол үшін мысыққа жақын болып, оны бір мезет сипап қою қажет». Ол адам бойындағы теріс қуаттарды да сүзіп алады.
Ғылым мен медицинада мысықты пайдаланудағы жаңа бағыт-батыс дәрігерлерінің оларды есірткі мен ішімдіктен адамдарды емдеуде тәжірибе құралына айналдыруы, ағылшындардың мысықтардың қандай ауруды емдей алатынына зерттеу жүргізіп, оны түр-түсі мен терісіне қарай ажыратуды анықтағаны. Ағылшын зерттеушілерінің ой-пікірі бойынша, ақ түсті мысық бүкіл ауруларды жаза алады
Хайуанаттардың адамның досы ғана емес, сырқаттанып қалғанда жанынан табылатын «емшісі» екені сан ғасырдан бері белгілі. ХХ ғасырдың аяғында ғалымдар олардың осындай қасиеті бар екенін ғылыми түрде дәлелдеген. Жануарлар адам ағзасы мен жүйкесіне жағымды әсер беретін электрмагнитті сәуле шаша алады
“Қара мысық алдыңды кесiп жүгiрiп өтсе, жолың болмайды” деген ырым бар. Алайда бұл қара мысықтың кесiрi тиедi деген сөз емес. Қайта керiсiнше, мысық жолды кесiп кету арқылы сiзге белгiлi бiр қауiп қатер төнгенiн сездiртедi, сөйтiп, терiс нәрседен арашалап қалғысы келедi.
Дәрігерлер стресс күйін ағзаны мүжіп-құртатын ең жаман күш деп бағалайды. Оның алдын алмаса немесе тоқтатпаса күре тамырлық қысымды жоғарылатып, ішек-асқазан құрылысын таптап өтіп, иммуналды жүйені жеп тауысып, мезгілсіз қартаюға соқтырады. Ал, мұндай тығырыққа үйінде мысығы бар адамдар ұшырамайды екен.
Қорыта келе үй жануарларының ішінде науқасқа көмек қолын созатын дәрігер мысықты айтуға болады. Мысық адамдағы дерт көзін өзі тауып алады да өзінше емдеуге тырысады. Кейбір адамға жол бермейтін мысықтың өзі науқасты көрсе жақындай бастайды екен. Мұны зерттеушілер адамдар мен жануарлар арасындағы құпия биологиялық байланыс бар екенін түсіндіреді. Жоғарыда жүргізілген түрлі тәжірибелер хайуанаттардың науқас адамдарға жағымды әсер еткенін дәлелдеп отыр. Үй хайуанаттарын асырайтын адамдардың да аз ауырып, ұзақ өмір сүретіні ғылыми тұрғыда анықталған.
Әрине мысықтар туралы көп айтуға болады. мысықтарға өз мекен - жайлары мен қожайындары табуына, оларға айнымас адал серік болуыларына тілектеспін.
Достарыңызбен бөлісу: |