Ұмытылмаған отан, Ұмытылмайтын отандастар


Осы пікірім үшін екі айдай түрмеде жаттым. Түрме жазасы жаныма батқандықтан, төңкеріс істеуге мақұл болдым. Совет өкіметі мен Монғолия үкіметі



бет2/51
Дата05.02.2022
өлшемі13,87 Mb.
#22958
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Осы пікірім үшін екі айдай түрмеде жаттым. Түрме жазасы жаныма батқандықтан, төңкеріс істеуге мақұл болдым. Совет өкіметі мен Монғолия үкіметі:
Шынайы көмек қыламыз. Жаң жие шы (Чан кай шы – Т.Ж.) көп ұзамай жеңіледі. Қытайдағы ішкі соғыстар өте көп. Олар осындай әлсіз болып тұрған кезінде қозғалыс бастап, Шығыс Түркістан да Монғолия сияқты ел болып кетіңдер», – деп үгіттеді. – Ішкі-сыртқы саясаттарыңды Монғолия сияқты өздерің біліңдер» – деген пікір айтылып еді.
Ақыры мен де мақұл болдым. 1942 жылы 20-қарашада, яғни, мен барғаннан кейін 71 күннен кейін: «Шығыс Түркістан – тәуелсіз ел» – деп жарияланған «Интернациональдың» жарнамасын (бағдарлама – Т.Ж.) алып келіп, мені бірнеше күн оқытты. Сонымен қатар 1943 жылы 2-қаңтардан бастап Шығыс Түркістан азат болғанша жүргізілетін (жұмсалатын – Т.Ж.) шикізат, товар, мал саудасының тармақтарын орыстар қздері түзіп әкеп оқып берді. Бұл тармақтарды мен табандап екі ай оқыдым. Бұдан басқа Шығыс Түркістанды ел етіп құрудың бір қанша саяси дәрістерін оқытты. Сонымен Оспан жайындағы болып жатқан қозғалыстардың ахуалын айтып тұрды. Халықаралық жағдайды әрдайым айтып, одан дәріс беріп отырды. Алтайдағы қозғалыстарды ұғып жатсам да, оған: тәуелсіз ел болуды жүзеге асыра алмайды – деп қарап келдім. Өйткені оның халықаралық жақта белгілі иесі жоқ. Орыстар 1932 жылы Шығыс Түркістан жарнамасын (бағдарлама – Т.Ж.) жариялап, Қожаниязды қолдаған болса да, соңғы кезде алдап кеткен еді. Сонымен бірге: Алтайдағы көп ел – жәнтекей. Оларға Көкен мен Тұпанның билігінен басқа орындар билік айтса, жәнтекейлер тоқтамайды. Сондықтан менің мұндай қиын жерде жұмыс істеуім қиынға түседі деп ойлап келдім. Қазір де мен сол ойымнан арылып кеткемін жоқ. Ең ақырда жарнама (бағдарлама – Т.Ж.) мен жазба тоқтамдарды оқып, Оспанның жетістіктерінің біраз ілгерілеп жатқандығын көріп, істесем – істейі деп келіп отырмын. Ендігі істерді сіздерге сүйеніп істеп көрелік, – деуші еді. Бірақ кейіннен Дәлелхан алғашқы мінез-құлқынан барған сайын алшақтап, Оспанды надан деп қарап, басқа билікті ж.ргізетін әдетке көше бастады. Міне, тағдыр – Оспан мен Дәлелхан арасына бқл мінезді әдейі алып келді» (сонда, 153-154-беттер), – деген сөзінде тарихи шындықтың шыжымы жатыр.
Жалпы алғанда, мұнда айтылған толық тәуелсіздік мәселесі түсінікті. Бірақ та СССР, Англия, АҚШ, Жапония және Чан кай шы мен Мао бастаған қытай үкіметтерінің әскери, саяси, экономикалық үстемдік пен қысым жағдайында, солардың империялық мүддесіне орай шайқалып саяси сақнаға шыққан Шығыс Түркістан республикасының өмір сүруі мүмкін бе еді? Егерде: 1945 жылғы 14 тамыздағы Сталин мен Чан кай шының келісіміне дейін және одан кейінгі екі жылғы өліарада Оспанның қосыны мен Шығыс Түркістан армиясы өзара үш жыл қатарынан қақтығыспай, бір майданды бетке алғанда, мейлі социалистік жолға түссін, бәрі бір, Шығыс Түркістан тәуелсіз де тиянақты мемлекет құрып үлгерер ме еді? «Біріккен ұлттар ұйымының қарарына сәйкес Ресей, Америка, Англия, Қытай мемлекеттерінің сыртқы істер өкілдері 1945 жылы 3 қарашада Манас өзеніне кеп ту тікпесе» (сонда, 131-бет), шарасыз күй кешкен саяси тосқауыл қойылмаса, мүмкін еді ғой?, – деген дәмелі ой мені қатты мазалап, соған жауап іздедім.
Шет елде ағылшын тілінде жарияланған еңбектерде де бір жақты қамтылыпты. Ал Хасен Оралтай ағамыз «Елім-айлап» өткен өміріндегі» пайымдауларында:
«1945 жылдың жазында Оспан батыр қосындары Алтайды қытайдан түгел құтқарып, азат етті. Өзі Алтайдың уәлиі болып тағайындалды. Оспан батыр алғашында Әлихан төре басқарған Шығыс Түркістан жұмхұриетінің үкіметін толық қостады. Бірақ қытайға шабуылдау ісі кенет доғарылып, Үрімжіде келіссөз өткізіле бастасымен, әсіресе, "Шығыс Түркістан жұмхұриеті" деген атауға тиым салынып, «Үш Аймақ төңкерісі», «Үш Аймақ үкіметі» деген атау шығып, Әлихан төре де сахнадан тайдырылуымен Оспан батыр өзі «орыстың ойыншығы», «қуыршақ» деп атаған бұрынғы Шығыс Түркістан жұмхұриетінен іргені аулақ сала бастады. Бұл Оспан батырдың және дәл соған мезгілдес Қалибек хакімнің тәуелсіз Шығыс Түркістан үкіметінен емес ... «Үш Аймақ үкіметінен» іргені аулақ салып, коммунизмге қарсы күрес бастауы еді. Сонымен, Оспан батыр «орыстың қуыршағы» «Үш аймақ» үкіметіне қарсы қарулы күреске кірісті. Бұл арада ол бұрынғы жауы гоминдаң үкіметімен ымырласуға да мәжбүр болды. Оспанның, сондай-ақ, Қалибектің олай ығысуына коммунизмнің ызғары әсер етті. Өйткені, Оспан батыр да, Қалибек хакім де коммунизмнің Қазақстанда салған жауыздық ойранын жақсы білетін-ді. Сол үшін де олар «суға кеткен тал қармайды» деп, гоминдаңдық қытай үкіметімен ымырласудан басқа шара таба алмаған-ды», – деп мәселеге басқаша баға береді.
Тарихтың өзі берген мүмкіндікті пайдалана алмаған республиканың тұйыққа тірелу мәселесінің ашық қойылуы – «ұмытылған мелекеттің» тағдырына қатысы бар алпауыт мемлекеттер мен ұлттардың көңіліне келмейді, бүгінгі саясатына іріткі салмайды, – деп ойлаймын. Өз тарихындағы 400-ге тарта көтерілістен сабақ алмаған бұл қандай ұлт-азаттық қозғалысы? Мен түгілі сол оқиғалардың тікелей ұйымдастырушыларының бірі болған Пәтхан Дәлелханұлы Сүгірбаевтің естелігіндегі:
«Есте қалғандардың» екінші бөлімінде Оспанның әрбір тарихи кезеңдегі саяси тұрғысы жөніндегі көзқарастарымды баяндадым. Бұлай жазуыма біз өмір сүрген қоғамдағы кейбіреулер Оспанды: «Тума банды», – дейтін; енді біреулер: «Оспан әуел бастан бастап ақыр соңына дейін дұрыс істеген адам», – дейтін; ал көп сандылар: «Оспанның іс-әрекеті түрліше дәуірде түрліше сипат алды», – дейтін идеялық аңыстардың (мұндай аңыстағылардың арасында – түсінбейтіндер де, сезіміне бой алдыратындар да, бұрмалайтындар да бар) белең беріп келе жатқаны себепші болды. Оспанның 1946-жылдан кейінгі гоминдаң керітартпашыларымен қарым-қатынасындағы жәйіттерде: сол кездегі объективтік себептердің салдарынан қазірге дейін мен біле алмаған, біле алуым мүмкін де болмаған жайлардың аз еместігінде дау жоқ. Сондықтан да, кезінде басы-қасында болған немесе басы-қасында болғандармен жанай жүрген, хабары бар жолдастардың толықтыру пікірін күтемін. Мен ортаға жайып салған фактілер мен көзқарастар жөнінде түрліше пікірде, көзқараста болушылар болса, олардың да шындық тұрғысынан негізделген өз пікірлері мен көзқарастарын айтуын шын ниеттен тілеймін», – деген сөздердің астарында үлкен мән және айтылмаған, ашылмаған шындықтардың емеуіріні жатыр.
Ақыры осы сұрақ маған тыныштық бермей, өзіме сыралғы, тоқсан екі жасқа келіп, «бетін теріс бұрып отырған» (өз сөзі) Жағда Бабалықұлының шаңырағының табалдырығын аттатты. Мүбәрәк тәтеміздің қолынан дәм татқан отаудың ыдыс-аяқтары да иесін сағынып қалғандай екен. Қайран, қарттық! Бәрі де түсінікті. Орынсыздау болса да әзіл айтып бастадым сөзімді. Оның алдында Іле қазақ автономиялы облысының сол тұстағы бас прокуроры Қалдыбай Қанафиннен де «саяси кеңес» алғам. Ұзақ үнсіздіктен соң танысып, тез түсінісіп, сенісе араласқан Хасен Қалибекұлы Оралтаймен естеліктерінде қамтылмаған, әдібі ашылмаған емеуіріндер туралы сырласа пікір алысудың реті келмеді. Әсіресе, шет елдегі құжаттар туралы «бұйымтайларым» көп еді. Осы әңгімеде қозғалуға тиісті, бірақ дегбірсіз уақыт пен дегбірлі сырқат айтқызуға мүмкіндік бермеген жайларды осынау дегдардың ғұмыр жолын қосымша деректермен салыстыра отырып Жағда Бабалықұлына берілген өмірбаяндық мінездемені келтіру арқылы толықтыруды жөн көрдім.

ІІ.



Ақылы сергек, ойы тың, қимылы ширақ, әлі де елім деп жанып-күйіп отырған осынау дегдар тұлғамен ұзақ, бірақ толық мағлұмат алу үшін өте қысқа уақыт әңгімелестім. Жаңа ғана ауруханадан шығып, жазылмас дерттің тырнағына ілінген аяулы азаматты ойының ұшығынан жаңылдырмас үшін балалығынан бастап жәй әңгіме ретінде баяндап беруді өтіндім.
«Жағда Бабалықұлы 1922 жылы 21-ші желтоқсанда қазіргі Іле қазақ автономиялы облысы, Тарбағатай аймағы, Толы ауданы, Жайыр тауы, Құжыртай (Ұты) жерінде дүниеге келген. Қазақ, найман, қаракерей ішінде семізнайман елі, руы – қасқа. Бастауыш, орта (гимназия) мектепті Шәуешек қаласында оқыған. Үрімжі қаласындағы Шыңжаң институтында педагогикалық білім алған».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет