Ұмытылмаған отан, Ұмытылмайтын отандастар



бет23/51
Дата05.02.2022
өлшемі13,87 Mb.
#22958
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
Хасен Оралтай: « <...> Тәкіман батыр бастаған сол елдің «Үш Аймақ» әскерлерімен қарсыласқан соғысы өте қанды қырғын болған. Қорқыс өзенін өрлей қашқанда, оларды қуған «Үш Аймақ» әскерлері Қайыңды сайының басындағы асуда Тәкіман батыр сарбаздарының батыл қарсылық көрсетуіне тап болады. Сол жерде «Үш Аймақ» жағынан көп әскер қырылады. Өкінішке орай, олардың бәрі дерлік жас қазақ жігіттері еді. Яғни қашқан да, қуған да қазақ-ты. Орыс қолбасылар Алтайда Оспан батырға қарсы қазақ әскерлерін апарып арандатып, кейін «Оспан батыр наймандарды қырды» деп жалған пропаганда жасағанындай, Еренқабырға төсіндегі Қызылөзен мен Ұлужан-Бортынкедегі Қалибек – Тәкімандарға да қазақтарды айдап салған-ды.
Қайыңдыдағы соғыста Тәкіман батырдың жақын серіктерінен Бәйзек бар бір қатар кісі оққа ұшқан. Бірақ, «Үш Аймақ» жағының шығыны мол болған. Оны олар кейін шегінгенде соғыс майданында қалған оққа ұшқан әскер сүйегі аңғартқан. Сол өңірді ел:«Тәкіман әскері қырған» – деп те атайтын және Қайындыда өздері соғыс кезінде өлтіруге мәжбүр болған «Үш Аймақ» әскерлерінің жаназасын оқып, жерлеу де Нұрмұхаммет Атамбайұлы және Тәкімандарға нәсіп болған-ды (Тәкіманның молдалығы да бар-ды)...» («Елім-айлар өткен өмір», А. Білім. 2005, 46, 60-бет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет