Құмжарған орта мектебі Тақырыбы: «Ежелгі Қытай мәдениеті» ( ашық сабақ) 6-сынып Өткізген: А. А. Бисеналина


Қытай иероглифтері арқылы топқа бөлу



бет2/2
Дата08.07.2017
өлшемі10,71 Mb.
#20770
1   2

Қытай иероглифтері арқылы топқа бөлу. (жел, қар, жаңбыр; алтын, күміс, қола, темір; ай, күн, жұлдыз)

І топ: Әдебиетшілер

ІІ топ: Данышпандар

ІІІ топ: Жылнамашылар ( 1 -минут)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

«Өткенді қайталай отырып, жаңаны білуге ұмтылған адам көшбасшы бола алады»

Конфуций

Алдыңғы саяхат сабағымызда біз қай мемлекетке келіп тоқтадық? Картадан көрсету.

Сұрақ-жауап:

1. Қытай қай құрлықта орналасқан? Азия

2. Қытай мемлекетінің ірі өзендері: Хуанхэ, Янцзы

3. Қытай жерінде алғашқы мемлекеттер қашан пайда болды?б.з.б. ІІ мыңжылдықта

4. Б.з.б. ІІ мыңжылдықтың ортасында Хуанхэ өзенінің төменгі ағысында қандай мемлекет пайда болды? Шан-Инь мемлекеті

5. Ежелгі Қытайдағы ең алғашқы патшалық қалай аталды? Цинь

6. Цинь патшалығы неше әкімшілікке бөлінді?36

7. Ежелгі Қытайдың ең негізгі шаруашылығы:егіншілік



ІІІ. Жаңа сабақ. Жаңа тақырыпты «4 сурет, 1 сөз» арқылы ашу.

Саяхатымызды әрі қарай жалғастырмас бұрын, «мәдениет» дегеніміз не екенін есімізге түсірейік.

Мәдениет дегеніміз-

Мәдениеттің қандай түрлері бар?

Материалдық мәдениет дегеніміз не?

Рухани мәдениет дегеніміз не?

Ендеше бүгінгі біздің жаңа сабағымызда Ежелгі Қытайға саяхатымызды жалғастырып, «Ежелгі Қытай мәдениеті» тақырыбын өтеміз. Саяхатымыздың барысында «Ежелгі Қытай мәдениетінің жетістіктері қазіргі таңға дейін неге маңыздылығын сақтап тұр?» деген сұраққа жауап іздестіреміз. Бір сәт өздеріңді саяхатшы ретінде әлемдегі ең жұмбақ елдердің бірінде жүрміз деп сезініп көріңдер. (қытай халқыныңмузыкасы ойнап тұрады)

Мұғалім:

Қытай-Азия құрлығында орналасқан, әлемдегі ең халқы көп және жер көлемі бойынша 3-ші орындағы мемлекет.

Жазуы мен әдебиеті. Қытайда өте ертеде иероглифтік жазу пайда болды. Қытай иероглифтері тігінен, жоғарыдан төмен қарай жазылады. Қытай жазуы әлемдегі ең қиын да күрделі жазу. Соған қарамастан Қытайда б.з.б І мыңжылдықтың бірінші жартысында-ақ кітаптар жазылған.

Ежелгі Қытайдың ән-өлеңдері де, ақындары да көп болған. Солардың бірі б.з.б. ІІ ғасырда өмір сүрген Сыма Сянжу атты ақын.Ол өлеңдерінде өз өмірін көбірек баяндаған.



Қытай данышпандары.

Кун-фуцзы (Конфуций) – Ежелгі Қытай данышпаны

Б.з.б 551 ж – туылған жылы дүниеге келген.

525 ж.-музыканы меңгерді

523 ж. – ұстаздық жолы    басталды

481 ж -Өсиет кітабы дүниеге келді

Б.з.б. 479ж. –72 жасында қайтыс боды.



Сыма Цянь – қытай тарихының атасы

Сыма Цянь Б.з.б. 151 жылы дүниеге келген.Ол кітабын «Тарихи жазбалар» деп атады. Сыма Цянның еңбегі кейінгі дәуірлердегі көптеген тарихшылар үшін үлгі болды.



Ғылыми білімі мен өнер табыстары.

Қытайда әлемдегі ең алғашқы құбылнама ойлап табылды. «Шай»сөзі қытайлықтардан шықты. Мылтықатуға арналған оқ дәрісін алғаш ойлап тапқан да қытайлықтар. Бұлармен бірге жібек матаны, жұлдыздар картасын, сейсмографты, қағазды да ойлап тапқан осы қытайлықтар.



Тәрбие негіздері

Ежелгі қытайдағы тәрбиелі адамның қылықтары:

-Тек қана тізесін бүгіп отыру

-Аяғының ұшымен жалаң аяқ жүру;

-Екі таяқшамен тамақтану:

-Үнемі шашы түйілген. Шашты жаюға болмайды.

-Үнемі таза киіммен жүру;

-Жаман сөз айтуға мүлдем тыйым салынған және т.б.



Топпен жұмыс. Жаңа тақырып бойынша постер қорғау. Мен әр топқа тақырып пен зерттейтін тапсырмаларыңды айтамын. Тапсырмамен бірге қосымша ақпарат пен көрнекі құралдар беріледі. Тапсырманы орындауға 10 минут беріледі. Уақыт біткен соң әрқайсысың өз жұмыстарыңды қорғайсыңдар.

І топ тапсырмасы: «Ежелгі Қытайдың жазуы мен әдебиеті»

Сұрақ: Қытай жазуының басқа елдердің жазуынан айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

ІІ топ тапсырмасы: «Қытай данышпандары»

Сұрақ:Сыма Цянь қандай қасиеттері сендерге ұнады?

ІІІ топ тапсырмасы: «Ежелгі Қытайдың ғылыми білімі мен өнертабыстары»

Сұрақ: Қазіргі таңда Қытайда мәдениеттің қандай салалары дамуда?

Жаңа сабақты бекіту:

1-тапсырма: Өздеріңді тексеріңдер4 минут

Тест сұрақтары

1.”Ұлы Қытай  қорғаны” қай тайпалардан қорғану үшін салынған?

а) Үйсіндерден.       в)Оғыздардан       с)Қыпшақтардан        д) Ғұндардан

2.Ежелгі Қытайда қай жылдар шамасында шағын мемлекеттер пайда болған?                            



а) Б.з.б. ІІмыңжылдық      в)Б.з.б.ІІІмыңжылдық     с)Б.з.б. І мыңжылдық    д)Б.з.б. IVмыңжылдық

3.Ежелгі Қытай қай жерде орналасқан?                                                                               а)КішіАзияда     в)БатысАзияда     с)АлдыңғыАзияда     д)ШығысАзияда

4.Конфуций қашан дүниеге келді?
а)б.з.б.551 жылы в)Б.з.б.479 жылы с)Б.з.б. 221 жылы д)Б.з.б. IVғасырда

5.Ежелгі Қытайдағы ең алғашқы патшалық қалай аталды?


а)Ұжан в) Цинь с) Ле Бану д) Үжау
6.Ежелгі Қытай философиясындағы басты бағыттардың бірі не?
а) иероглиф в) сейсмология

с) конфуцизм д)даосизм                                                                                                          7. Б.з.б. ІІ ғасырда өмір сүрген қытай ақыны кім?


а) Конфуций в) Сыма Цянь

с ) Сыма Сянжу д) Цинь Ши Хуанди

8.Ең алғаш қай мемлекетте қағаз ойлап табылған?


а) ЕжелгіҮндістанда в) Ежелгі Қытайда
с) ЕжелгіПарсыларда д) ЕжелгіХеттерде
9.Сыма Цянь қашан дүниеге келді?
а) Б.з.б.151ж в) Б.з.б.155ж с) Б.з.б. 160ж д) Б.з.б. 140ж
10.Данышпан Кун неше жасында қайтыс болды?
а) 70жасында в) 73жасында с) 72 жасында д) 74жасында

Тест жауаптары

1. Д     6. Д

2. А    7. С

3. С    8. В

4. А    9. А

5. В   10. С



2-тапсырма : Менің қолымда «Қытай қобдишасы» тұр,онда ежелгі Қытайға байланысты заттар салынған. Сол сөздердің мағынасын түсіндіріп беріңдер. 5 минут

1.Құбыланама - Қытайда әлемдегі ең алғашқы құбыланама ( компас) ойлап табылды. Ол өзі қазіргі қазіргі құбыланамаға ұқсамағанымен, сол дәуірдің өзінде дүниенің төрт бұрышын дәл бағдарлауға мүмкіндік береді.Әсіресе қытай теңізшілері осы құбыланама арқылы ашық теңізге шығып,Үндістан жеріне дейін бара алатын еді.

2.Сейсмограф - Ең ежелгі сейсмографты , яғни жердің сілкінісін алдын ала болжауға, жер сілкінген кезде оның қай жерде қаншалықты дәрежеде болғанын айқындауға мүмкіндік беретін аспапты да ойлап тапқан қытайлықтар болды.

3.Конфуций- б.з.б. 551 жылы дүниеге келген қытай данышпаны.

4. Шай-алғаш сырқат адамның күш-қуатын сақтайтын дәрі ретінде қолданылды. Қытайша «Тцай-е» деп аталатын сусын.

5. Шашка-Қытайда ойлап табылған интеллектуалдық ойын.

6. Джеки Чан- қытайдың атақты кино актеры.

7. Оқ дәрі-қытайлықтар ойлап тапқан мылтық атуға арналған құрал.

8. Қағаз-б.з.б. ІІ ғасырда қытайлықтар ұсақ, жұмсартылған маталардың қалдықтарын арнайы пеште қайнатып, қоймалжың күйге келтіріп жасаған, жазуға арналған зат.

9.Оригами-Ежелден келе жатқан қағаздан әр түрлі пішіндер жасау өнері. Бұл қолөнер түрі қағаздың алғашқы отаны, қағаздың алғаш шыққан жері- Қытай мемлекетінен бастау алады.

10. «Тарихи жазбалар» кітабы- Сыма Цяньның ежелгі дүниедегі ең құнды тарихи шығармасы.

3-тапсырма :Тақырыптың түйінді сөздері    2 минут

Келтірілген сөздердің қайсысы Қытай мәдениетіне жатады ?



Сөздер банкісі.

III ғасырда қазіргі Иранның солтүстігінде Парфия мемлекеті пайда болды. Алғашқы адам пайда болды.Ол Паньгу деп аталды.Ману заңдарын оқи отырып ежелгі үнділіктердің шаруашылығы, әдет-ғұрыптары туралы мәліметтер ала аламыз.Мылтық атуға арналған оқ-дәрісін алғаш ойлап тапқан да қытайлықтар.Бұл жаңа -дін буддизм деп аталады. Бұлармен бірге жоғарыда айтылған жібек матаны,жұлдыздар картасын да алғаш қытайлықтар ойлап тапты.

 

Біздің бүгінгі тақырыптың түйінді сөздері: Алғашқы адам пайда болды.Ол Паньгу деп аталды.

Мылтық атуға арналған оқ-дәрісін алғаш ойлап тапқан да қытайлықтар. Бұлармен бірге жоғарыда айтылған жібек матаны,жұлдыздар картасын да алғаш қытайлықтар ойлап тапты.



4-тапсырма :Тарихи диктант.Сөйлемдерді толықтырыңдар. 2 минут

1.Ежелгі Қытайда ән-өлеңдері де,.................(ақындары) да көп болған.

2.Солардың бірі б.з.б. II ғасырда өмір сүрген...................(Сыма Сянжу ) атты ақын.

3.Қытайдың сонау ежелгі замандардағы..................( иероглифтік ) жазулары бүгінгі күнге дейін сақталған.

4.Сыма Цянь әкесі қайтыс болған соң, сарай................(тарихшысы ) болып тағайындалады.

5. «....................»( Тарихи жазбаларда) қытай тарихының өте үлкен кезеңіндегі-екі жарым мың жылдағы оқиғалар баяндалады.



Кері байланыс. «Ашық микрофон» арқылы оқушылардың сабақ туралы ойларын білу. (Араларыңда журналист болғыларың келетіндерің бар ма? Болса,журналисттер әр елді аралап жүреді го, сондықтан, Қытай еліне барып бүгінгі сабақ туралы ойларын біліп келсін.)

Қорытынды. Қытайда ең алғаш қазіргі уақытта біздің өмір сүруімізге қажетті заттар пайда болды. Сондықтан да Қытайдың мәдениеті әлі күнге дейін өзінің маңыздылығын жойған жоқ.

Бағалау. Жетондарын есептеп, тиісті бағаларын қою.

Үйге тапсырма: §19 Қытайдың қазіргі таңдағы мәдени жетістіктері туралы біліп келу.

Құмжарған орта мектебі бойынша

тарих пәнінен ашық сабақтың

өткізілуі туралы
анықтама
2016-2017 оқу жылының 16.02 күні ежелгі дүние тарихы пәнінен «Ежелгі Қытайдың мәдениеті» тақырыбында 6-сыныпта ашық сабақ өткізілді. Сабақта оқушылар 3 топқа бөлініп, белсенді қатысты. Сабақ барысында оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап берді, жаңа тақырып бойынша топтасып постер қорғады, бекітуге тест тапсырмаларын, «Қытай қобдишасы» ойынын, сөздер банкісі, тарихи диктант тапсырмаларын орындады. Сабақ соңында оқушылар «ашық микрофон» арқылы сабақ жөнінде өз ойларын еркін айтты. Оқушылар әр тапсырма сайын жетондар арқылы бағаланып, нәтижесінде ШамитоваБ., Зейнуллова А., Абаева Ж. «5» деген, Ғлажадинова Д., Әбілова Д., Қыдырбаев А., Ақбалдай Д. «4» деген, ал Сағынай Д. «3» деген баға алды. Сабақ жақсы өтті, барлық тапсырмалар уақытылы орындалды.



Пән мұғалімі: А.А.Бисеналина
Каталог: uploads -> doc -> 0a4c
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0a4c -> Сабақтың тақырыбы: Менің әжем Сабақтың мақсаты : «Атам мен әжем» мәтіннің мазмұнын айтап, талқылау
0a4c -> Шешендік сөз Жиренше шешен мен Қаракөз айым
0a4c -> Сабақтың тақырыбы : Отбасымның демалысы. Мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлай отырып, тақырыпты өз бетінше оқып үйренуге жағдай жасау
0a4c -> Ф дыбысы және әрпі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет