Мм ж кф деканы Т. Т. Тоқтағанов



бет2/2
Дата18.03.2017
өлшемі373,11 Kb.
#11713
1   2

_________ Т.Т. Тоқтағанов

___”________2013 ж.

Құрастырған: профессор _________ Б.Г. Жанахутдинов

«Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасы


5В073200 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығының студенттеріне арналған
Сызба геометрия
пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама «___» _________20__ж. бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.


20_ж. «_» ______ кафедра отырысында ұсынылған №_ хаттама.
Кафедра меңгерушісі _______ А.Х. Мустафин 20__ж. «__» ______
ММжКФ оқу-әдістемелік кеңесімен құпталған 20__ж. «__» ______ №__ хаттама
ОӘК төрағасы __________ Ж.Е. Ахметов 20__ж. «__» _________

1.Оқу пәнінің паспорты
Пәннің аты Сызба геометрия

Міндетті компанент пәні



Кредиттердің саны және оқу мерзімі

Барлығы – 3 кредит

1-ші курс

1-ші семестр

Барлық аудиториялық сабақтардың саны – 45 сағат

Дәрістер – 15 сағат

Практика сабақтары – 30 сағат

СӨЖ – 90 сағат

Оның ішінде СӨЖО -20 сағат

Барлық еңбек көлемі – 135 сағат


Бақылау формасы

Емтихан – 1 семестр


Пререквизиттер

Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет:

- сызба геметрия


  • сызу;

  • ақпараттану және бағдарламалау негіздері.


Постреквизиттер

  • Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет:

  • компьютерлік графика;

  • машина тетіктері;

  • және басқа жалпы техникалық пәндер.


2. Оқытушылар туралы мәлімет және байланысу ақпараттары:

Жанахутдинов Бари Газизович – техн.ғылым. кандаты, доцент, «Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасының профессоры

«Механика және мұнайгаз ісі» кафедрасы С.М. Торайғыров атындағы ПМУ Б1 корпуста орналасқан, қабылдау уақыты кафедрада Б1-215.

Байланысу телефондары: 67-36-33 (1203)


3. Пәннің зерттеу тақырыбы, мақсаттары және міндеттері

Пәнің зерттеу тақырыбы: Кеңістік формаларын жазықтыққа кескіндеу әдістерін зерттеу, жетілдіру, әртүрлі метрикалық және позициалық есептерді графикалық жолмен шешу.
Пәнді оқыту мақсаттары: Студенттердің кеңестік елестету қабілеттерін қалыптастыру, дамыту, оқу жоспары бойынша келесі келетін техникалық пәндерді жемісті игеру үшін керекті білім беру, кейінгі инженерлік қызметінде әр түрлі мақсатқа арналған, оның ішінде мамандығына қатысты, сызбаларды орындауына, оқуына қажетті білім, дағдыларды тудыру, өндірісте пайдаланатын құжаттамаларды мемлекеттік стандарттарына сәйкес құрастыруды үйрету.

Пәнді оқу міндеттері

Эпюрде және аксонометрияда нүктелердің, түзулердің, жазықтықтардың, беттердің проекцияларын салудың теориялық негіздерімен таныстыру;



  • геометриялық фигуралардың өз ара тиістілігін, өз ара қиылысуын анықтайтын есептерді шығару әдістерімен таныстыру;

  • қисық сызықтар мен беттердің жасалу және сызбада кескіндеу әдістерімен таныстыру;

  • сызбаны түрлендіру әдістерімен таныстыру;

  • геометриялық беттердің жаймаларын салуды үйрету;

  • ҚҚБЖ сызбаларды безендіру стандарттарымен таныстыру;

  • нәрселердің көріністерін, қималарын және тіліктерін оқуды және салуды үйрету

3. Студенттердің білімдеріне.дағдыларына,икемдіктеріне және жете білушіліктеріне қойылатын талаптар:

Осы пәнді меңгеру нәтежиесінде студенттер:

-центрлік және санды белгілі проекцияларды;

-нүктенің кеңістік ширектеріндегі және октанттарындағы ортогональ проекциялары

-параллелизм жазықтығы бар, цикликалық және топогрфиялық беттер

-бұру тәсілдерінің түрлері

туралы түсініктері болу керек


  • эпюрды проекциялау әдісінің теориялық негізін ;

  • ҚҚБЖ стандарттары тағайындаған сызбаларды безендіру ережелерін

  • әр түрлі геометриялық салуларды және проекциялық кескіндерді сызба аспаптарымен орындауды

  • геометриялық фигуралардың өз ара тиістілігін, өз ара қиылысуын анықтайтын есептерді шығаруды;

  • қисық сызықтар мен беттердің жасалуы және сызбада кескіндеу әдістерін;

  • сызбаны түрлендіру әдістерін;

  • проекция жазықтықтарын қолданып әр түрлі метрикалық есептерді шығаруды

  • геометриялық беттердің жаймаларын салуды ;

білулері керек

4.Пәнді оқудың тақырыптық жоспары

Академикалық сағаттарды сабақ түрлеріне бөлу


т/б



Тақырыптың аталуы

Аудитор. сағаттардың саны

СӨЖ

Дәр.

Тәж.

Зерт

Бардығы

Оның ішінде СӨЖО

1

2

3

4

5

6

7




Кіріспе.

0,5












1

Конструкторлық құжаттардың біркелкі жиынтығы.Сызбаларды графикалық ресімдеу стандарттары

0,5

2




6

1

2

Сызбаны салудың теориялық негізі . Нүкте және түзу проекциялары. Геометриялық денелердің проекциялары.

2

4




6

2

3

Нәрселерді проекциялау. Нәрселердің көріністері .

1

4




10

3

4

Аксонометриялық проекциялар.

0,5

2




4

1,5

5

Жазықтық.

2

2




3




6

Тіліктер және қималар.

1,5

4




6

3

7

Қисық сызықтар мен беттер.

1







3




8

Геометриялық денелердің түзулермен қиылысуы

2

2




2

3

9

Беттердің өз ара қиылысуы

1

4




10

6

10

Проекцияларды түрлендіру тәсілдері

2

3




6

3

11

Көпжақтар мен қисық беттедің жазбалары

1

2




4







Барлығы

15

30




90

20.5


6. Дәріс сабағының мазмұны
Кіріспе.

Инженерлік графика пәні туралы мәліметтер. Пәннің даму тарихының кезендері. Болашақ мамандарына кәсіби білім беруіне сай пәннің маңызы мен орны. Сызбаларды орындауға кажетті құралдар мен саймандар.



1 тақырып. Конструкторлық құжаттардың біркелкі жиынтығы (КҚБЖ). Сызбаларды графикалық ресімдеу стандарттары.

2 тақырып. Сызбаны салудың теориялық негізі. Нүкте және түзу проекциялары.

Проекциялардың жасалуы. Центрлік және параллель проекциялау әдістері. Негізгі қасиеттері. Екі және үш жазықтыққа түсірілген нүкте проекциялары. Нүктелердің координаталары. Түзу сызық проекциялары. Түзу кесінді мен проекция жазықтықтарының оз ара орналасуы.



3 тақырып. Нәрселерді проекциялау.

Геометриялық денелердің проекциялары. Нәрселерді геометриялық денелерге ажыратып проекциялау.



4 тақырып. Аксонометриялық проекциялар.

Польке теоремасы. Тік бұрышты және қиғаш бұрышты аксонометрия. Аксонометриялық проекциялардың стандарт түрлері.



5 тақырып. Жазықтық.

Жазықтықтың эпюрде берілу тәсілдері,жазықтықтың іздері. Жазықтықтың проекция жазықтықтарына қарағанда орналасу варианттары. Жазықтықта орналасқан нукте,тузу және жазық фигуралардың проекциялары. Геометриялық денелердің жазықтықпен қиылысуы



6 тақырып. Тіліктер мен қималар.

Қарапайым және күрделі тіліктер, оңашаланған және қабаттасқан қималар. Олдарды кескіндеу және белгілеу тәртіптері.



7 тақырып. Қисық сызықтар мен беттер.

. Беттердің жасалуы және олардың проекциялары . Түзу сызықты қисық беттер. Айналу беттері . Бұрында беттер. Цикликалық және топографиялық беттер туралы қысқаша мәлімет.


8 тақырып. Геометриялық денелердің түзу сызықпен қиылысуы

Көпжақтардың түзу сызықпен қиылысуы. Қисық беттердің түзу сызықпен қиылысуы.



9 тақырып. Беттердің өз ара қиылысуы.

Екі беттің өз ара қиылысу сызығын құру тәсілдері туралы жалпы түсінік. Айналу беттерінің өз ара қиылысуы. Көпжақтардың өз ара қиылысуы. Айналу беттерінің көпжақтармен қиылысуы.



10 тақырып.Эпюрді түрлендіру тәсілдері.

Проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілінің негізі.



11 тақырып. Геометриялық денелер беттерінің жазбаларын салу.

Призмалар мен пирамидалардың және цилиндрлер мен конустардың жазбаларын салу.



7. Тәжіребелік сабақтардың мазмұны
1 тақырып. Конструкторлық құжаттардың біркелкі жиынтығы. Сызбаларды графикалық рәсімдеу стандарттары: МЕСТ 2.301-68 «Форматтар», МЕСТ 2.104-68 «Негізгі жазулар», МЕСТ 2.302-68 «Масштабтар», МЕСТ 2.303-68 «Сызба сызықтары», МЕСТ 2.304-81 «Сызба шрифтері», МЕСТ 2.307-68 «Өлшемдерді қоюдың негізгі ережелері».

Кескінділерді бөлу, бұрыштарды салу. Шеңберді бірнеше тең бөліктерге бөлу. Көлбеулік және конустылық. Түйіндеструлер, Лекалалды қисық сызықтар.

2 тақырып. Сызбаларды салудың теориялық негізі. Нүктенің және түзудің проекциялары.

Нүктені және түзу кесіндісін екі және үш проекция жазықтықтарына проекциялауға есептер шығару. Нүктелердің координаталарын қолданып олардың эпюрлерін және көрнекі кескіндерін салу. Түзудің проекция жазықтықтарына қарағанда орналасу варианттарына есептер шығару. Екі түзудің өзара орналасуы.

№ 1 Графикалық жұмыс «Геометриялық элементтерді проекциялау» Мазмұны,көлемі,орындау тәртібі.

3 тақырып. Нәрселерді проекциялау. Нәрселердің көріністері МЕСТ – 2.305-68.

Нәрселерді бір немесе өз ара перпендикуляр екі және үш проекция жазықтықтарына проекциялауға жаттығу. Нәрселердің төбелерін,қырларын және жақтарын проекциялау. Нәрсенің формасын сызба бойынша талдау. Геометриялық денелердің проекциялары және өлшемдері (призма, пирамида, цилиндр, конус, шар).Нәрсені геометриялық денелерге ажыратып бөлу.Нәрселердің бетінде жатқан нүктелерді кескіндеу. Нәрсенің көрнекі кескіні бойынша оның үш көрінісін салу. Нәрсенің екі көрінісі бойынша үшінші көрінісін салу.

№ 2 Графикалық жұмыс «Көріністер».Мазмұны,көлемі,орындау тәртібі.

4 тақырып. Аксонометриялық проекциялар МЕСТ – 2.317-69.

Нәрселердің фронталь диметриялық проекцияларын салу тәртібі. Шеңбердің фронталь диметриялық проекцияларын салуға жаттығу. Нәрселердің изометриялық проекцияларын салу тәртібі.Шеңбердің изометриялық проекциялын салу.Техникалық суреттерді салу туралы түсінік.

5 тақырып. Жазықтық

Денелер беттерінің әр түрлі ерекше жағдай жазықтықтарымен қиылысу сызықтарын салуға есептер шығару.

6 тақырып. Қималар мен тіліктер МЕСТ 2.305-68.

Материалдарды қимада графикалық белгілеу МЕСТ 2.305-68. Оңашаланған және қабаттасқан қималарды салуға жаттығу.Қарапайым тіліктерді салуға жаттығу. Көріністің бөлігі мен тіліктің бөлігін сызбада қосып біріктіру. Олардың өлшемдерін қоюдың ерекшіліктері МЕСТ 2.307-68 п. 2.16. Жұқа қабырғалардың бойымен тілінген тіліктер МЕСТ 2.305-68, п. 6.5.

№3 Графикалық жұмыс «Қарапайым тіліктер» Мазмұны, көлемі және орындау тәртібі.

Нәрсенің формасын сызба бойынша талдап күрделі тіліктерді салуға жаттығу.

№4 Графикалық жумыс «Күрделі тіліктер». Мазмұны, көлемі және орындау тәртібі.

8 тақырып. Геометриялық денелердің түзу сызықтармен қиылысуы.

Көпжақтардың және қисық беттердің түзу сызықтармен қиылысу нүктелерін анықтауға есептер шығару.

9 тақырып. Беттердің өз ара қиылысуы.

Беттердің қиылысу сызықтарын салуға есептер шығару.

№5 Графикалық жұмыс «Беттердің қиылысулары».Мазмұны,көлемі және орындау тәртібі.

10 тақырып. Проекцияларды түрлендіру тәсілдері.

Проекция жазықтықтарын алмастыру тәсілін қолданып түзулердің, жазық фигуралардың нақты шамаларын анықтауға есептер шығару.

11 тақырып. Денелер беттерінің жазбалары.

Көпжақтар мен қисық беттердің жазбаларын салуға жаттығу.


8. Студенттердің өз бетімен оқыйтын тапсырмалары

  1. Өлшемдерді қою ережелері, МЕСТ 2.307-68.

  2. Сызудағы геометриялық салулар. Перпендикуляр түзулерді салу. Түзу кесіндісін тең бөліктерге бөлу. Бұрыштарды салу. Бұрыштарды тең бөліктерге бөлу.Шеңберді тең бөліктерге бөлу.

  3. Сызықтардың түйіндесулері. Тікелей түйіндестіру. Қиылысатын түзулерді шеңбер доғасымен түіндестіру. Параллель екі түзуді шеңбер доғасымен түйіндестіру. Шеңбер доғасын түзумен түйіндестіру. Түзу сызықты шеңбер доғасымен түйіндестіру. Екі доғаны шеңбер доғасымен түйіндестіру.

  4. Жазықтыққа перпендикуляр түзу. Нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты анықтау.Өзара перпендикуляр жазықтықтарды құру.



Әрбір тақырыптың төмендегі сұрақтарына жазбаша жауап беріңіз. Жауаптарды ұқыпты орындалған сызбалармен қоса түсіндіріңіз.

  1. Сызбада шығару және өлшем сызықтары, өлшем сандары қалай қойылады? Мысалдар келтіріңіз. Диаметрді, радиусты, квадратты, доғаны сызбада қалай белгілейді? Мысалдар келтіріңіз. Фаскалардың өлшемдерін сызбада қалай қояды? Мысалдар келтіріңіз. Көлбеулікті, конустықты сызбада қалай салады және белгіледі. Мысалдар келтіріңіз. Бірнеше бірдей элементтердің орналасу өлшемдерін сызбада қалай қояды? Мысалдар келтіріңіз.

  2. Қандай аспаптардың көмегімен өзара параллель көлбеу сызықтар жүргізіледі? Шеңберді кез келген тең бөліктерге қалай бөлуге болады? Мысалдар келтіріз

  3. Түйіндесу дегеніміз не? Кез келген түйіндесудегі міндетті элементтерді атаңыз. Аралас түйіндесудің іштей және сырттай түйіндесулерден айырмашылығы қандай?

  4. Жазықтыққа перпендикуляр түзудің эпюрдегі негізгі белгісі қандай? Жазықтыққа перпендикуляр түзу жүргізу мысалдарын келтіріңіз. Өзара перпендикуляр түзулер туралы теоремада не айтылған? Екі жазықтықтыңөзара перпендикуляр болуының негізгі белгісі қандай?Эпюрде берілген жазықтыққа перпендикуляр жазықтық қалай жүргізіледі?


9. Курстық жобаның (жұмыстың) тақырыптары

Курстық жоба оқу жоспарымен қарастырылмаған



10. СӨЖО – ың кеңесінің кестесі (СӨЖО СӨЖ-дің 25% құрады)




Сабақтың түрі

дүйсенбі

сәрсенбі

сейсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Дәріс сұрақтарынан кеңес













12.35

13.25





2.

Тәжірбе сұрақтарынан кеңес







12.35

13.25











3.

СӨЖ жәнінен кеңес
















12.35

13.25


4.

Графикалық жұмыстардан сұрақ
















12.35

13.25


5.

Тестік тапсырмалардан сұрақ

12.35

13.25
















Кеңес барлық сұрақтар бойынша ағымды семестрдің СӨЖО кестесімен жүргізіледі.



11. Оқушылардың білімдерін тексеру кестесі

Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі




Жұмыстың түрі

Тапсырманың міндеті және мазмұны

Ұсылынатын әдебиет

Орындау мерзімі

Бақылау формасы

Тапсыру уақыты



1

2

3

4

5

6

7

1

1-ші Графи калық жұмыс

Төбелерінің координаталарын қолданып SABCD пирамидасының эпюрін және көрнекі кескінін салу керек.

[ 1]


3 жұма

Жұмысты тапсыру

4-ші жұма

2

2-ші Графикалық жұмыс

Нәрсенің көрнекі кескінін қолданып оның үш көрінісін салу



[ 2] , [ 4]



2 жұма

Жұмысты тапсыру

6-ші жұма

3

Межелік бақылау

1 -6 тақырыптар

[ 1] , [ 2]




Тестік тексеру

8-ші жұма

4

3-ші Графикалық жұмыс

Нәрсенің екі көріністерін қолданып үшінші көрінісін салу. Қажетті жәй тіліктерді орындау


[ 2] , [ 4]



2 жұма

Жұмысты тапсыру

9-шы жұма

5

4-ші Графикалық жұмыс

Нәрсенің екі көріністерін қолданып үшінші көрінісін салу. Қажетті күрделі тіліктерді орындау


[2] , [ 4]



2 жұма

Жұмысты тапсыру

11-ші жұма

6

5-ші Графикалық жұмыс

Беттердің қиылысу сызықтарын салу

[2] , [4]



2 жұма

Жұмысты тапсыру

14-ша жұма

7

Межелік бақылау

7-14 тақырыптар

[1]





Тестік тексеру

15-ші жұма



12. Оқушының білімін бағалаудың белгілері

Пәнді оқу емтихан тапсырумен аяқталады. Емтихан билеттер бойынша жүргізіледі.

Билет екі сұрақтардан тұрады. Бірінші сұрақ тестік тапсымаларға жауап беру.Барлығы 60 тестік тапсырма. Екінші сұрақ құрастыру сызбасын оқу және тетікбөлшектеу.Ол құрастыру сызбасын оқуға арналған 5 сұрақтан және 1 тетіктің эскизін салудан тұрады. Емтиханға барлық графикалық жұмыстрын тапсырған студенттер ғана жіберіледі.

Әрбір графикалық жұмыс, тапсырма 0-100 баллға дейін бағаланады.

Жіберу рейтингі барлық орындалған графикалық жұмыстардың, тапсырмалардың, қатнасқан сабақтардың,межелік тексерулердің балдарының орташа арифметикалық қосылысы ретінде шығарылады.

Қортынды бақылауға оқыту бағдарламасының барлық талаптарын орындаған және жіберу рейтингінде 50-ден кем балл жинамаған студент жіберіледі.

Студенттердің әр пәннен оқу жетістіктерінің деңгейі қортынды бағамен (Қ) анықталады. Қортынды баға (Қ) жіберу рейтингімен (ЖР) және қортынды бақылау (ҚБ) бағаларының қосындыларымен, олардың әрқайсысының жүк салмағының үлесімін ескере отырып анықталады.

Қ = ЖР х 0,6 + ҚБ х 0,4

Жүк салмағының үлесімі әр жыл сайын университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі. Олар ЖР үшін 0,6-дан көп, ал ҚБ үшін 0,3-тен аз болмаулары керек.

Курстық жоба және курстық жұмыс комиссяның алдында қорғалады. Баға студентің көрсеткен біліміне байланысты жетекшінің пікірін ескере отырып қойылады.

Қортынды баға (Қ) тек ЖР-нен және ҚБ-дан жағымды бағалар алғанда ғана саналады.Қортынды бақылауға себебсіз қатнаспаған студенттерге қанағаттандырарлықсыз баға қойылады. Емтиханның және межелік бақылаудың нәтежиесі студенттерге сол күні жеткізіледі. Егер жазба емтихан күннің екінші жартысында өткізілсе, онда оның нәтежиесі студенттерге екінші күні жарияланады.

Межелік бақылаудағы және қортынды емтихандағы бағаларды дәлдеп анықтау үшін оқушының білімін пайыз арқылы 0-ден – 100%-ке дейін анықтайды.

Межелік бақылаудың бағасы ағымды және межелік тексерулердің бағаларын қоса санау арқылы анықталады.

Студенттердің білімдері, дағдылары, икемдіктері және жете білулері, яғни оқу жетістіктері көпбаллды әріп жүйесімен, оған теңбе-тең сандық эквивалентімен және дәстүрлі баға шкаласымен бағаланады:




Әріп жүйесімен анықталатын баға

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі жүйемен анықталатын баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттандырарлықсыз


13. Оқытушының талаптары, саясаты және процедуралар

Студенттердің міндеттері: сабақтарды себебсіз босатпау,пән бойынша барлық тапсырмаларды уақытында орындау және тапсыру,кітапханада оқулықтармен жұмыс істеп барлық дәрістерде өткен материалды толық игеру. Оқытушы мен студент бір – біріне сыйласымды, сыпайы және мейірімді болулары керек. Сабақтарда белсенді болыңыз,оқытушыға сұрақтар қойып түсінбеген материалдарды түсінуге тырысыңыз. Сабаққа қатнасу жеткілікті емес, оқу бағдарламасымен қарастырылған барлық материалдарды толық менгеру керек. Дәріс жазуға 48 беттік бір дәптер жетеді,.дәптердің бір бетіне дәріс жазып екінші бетін бос қалдырып отыру керек, соңыра дәрісті қайталағанда ол бетке қараластырып отырған материалдарды толықтыруға болады. Ол бетте қалған бос орындар соңыра емтиханға дайындалғанда да керек болуы мүмкін Дәріске және дербес жұмыс істеуге келген уақытта сызу құралдарын ала келу керек (циркуль,сызғыш, үшбұрыштықтар, өшіргіш, қаттылығы әр түрлі сызба салуға арнайы жасалған қарындаштар), тағы да торлы бір дәптер тәжірбе сабағына керек болады.Менің сіздерден сұрайтыным сабаққа кешікпеңіз, сабақты жүргізуге маған бөгет жасамаңыз, менен кейін аудиторияға ешкімге кіруге болмайды. Семестр бойы студент үй тапсырмаларын және есептеу графикалық жұмысын (ЕГЖ) орындайды. Бұл жұмыстарды орындау уақыттары және оларды орындаған үшін қойылатын баллдардың саны бақылау шараларының күнтізбелік кестесінде келтірілген.Бірінші және екінші межелік бақылау 100 баллдық системаменен бағаланады. Олар сабақтарда оқылған тақырыптар мен өздігінен менгеруге берілген материалдар енгізілген билеттер және тестер бойынша жүргізіледі. Сабақтарда қандайда болмасын тәртіп бұзуға болмайды. Студент тәртіп бұзғаны үшін ол сабақтан шығарылады.. Практика сабағына әрдайым дайындалып келіп белсенді жұмыс жұмыс атқарған жөн. Практика сабағына дайындалып келген студент деп сабаққа практика дәптерін және сызу аспаптарын әкелген және үй тапсырмасын толық орындап келген студент жатады. Уақытында орындалып тапсырылмаған ЕГЖ үшін оның максималды баллының 50-70% алынып тасталады. Объективті себеппен уақытында тасырылмаған ЕГЖ үшін студент баллдары кемітілмейді. Емтихан және межелік бақылау уақыттарында сұрақтардың жауабын әдебиеттерден, шпаргалкадан,басқа студенттен көшіріп алуға тиым салынады. Жауаптарды басқа біреуден көшіріп алған студентке О балл қойылады. Егер объективті себебптермен студент бақылау шараларына уақытында қатнаса алмаса онда оған деканның рұқсаты бойынша қосымша уақыт тағайындалады. Межелік бақылаудан өтпеген және емтихан тапсырмаған студентке О балл койылады

Сызба геометрия және инженерлік графика пәнін игеруде негізгі салмақ студенке түседі. Оқытушының ролі тек студенттерді пәннің негіздерімен таныстыру, студенттерді пәнді игеруге ұйымдастыру, мәжбір ету, қадағалау, тексеру болады. Сондықтан,құрметті студенттер,семестірдің басынан бастап, уақытты босқа өткізбей, сабақтарды босатпай , графикалық жұмыстарды уақытында орындап, тәжірбе сабақтарында белсенділік көрсетіп, тырысып оқуларыңызды сұраймын.

10. Әдебиеттер тізімі

Негізгі


  1. С.К.Малденов Сызба геометрия.- Алматы: Эверо, 2009

  2. К.Ж,Тлеубердин, С,Ә.Карденов Инженерлік графика. – Семей, 2011

  3. Лагерь А.И. Инженерная графика.-М.,Высшая школа,2009.

  4. Миронова Р.С.,Миронов Б.Г. Сборник заданий по черчению. – М., Высшая школа,2009.

Қосымша

  1. Т.Қ. Шахаев Инженерлік графика пәнінен графикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау–Павлодар, С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2003ж-25б.

6. Ұ.С. Меңлібаева, А.Ж. Мұратбек, Қ.Қ. Жолдасова «Проекциялық сызба» бөлімі бойынша семестрлік жұмыстарды орындауға арналған оқу құралы–Алматы, 2003ж-91б.

7. А. Темербаева Сызба геометрия пәнінен тәжірибе сабақтарын есептерін шығаруға арналған жұмыс дәптері –Павлодар, С. Торайғыров атындағы ПМУ,2005ж-27б.



8. А. Темербаева Инженерлік графика пәнінен графикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау–Павлодар, С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2005
Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет