Мүмкіндігі шектеулі (мүгедек) балалармен педагогикалық қарым-қатынастың жоспарын құру.
Соңғы жылдары мүгедек балалар қатарының көбеюі еліміздегі денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау институттарының осы мәселеге араласып, көңіл бөлуін талап етіп отыр. Бұл салада Қазақстан қоғамының алдында тұрған маңызды проблемалардың бірі және бірегейі-зерттеушілер, оқытушылар және практиктердің басын біріктіріп, бір арнаға тоқайластыру. Белгілі бір топ өкілдерін әлеуметтік ортаға бейімдей алмау, яғни оларды қоғамның толық қанды мүшелігіне икемдей алмау – олардың жан-жақты мүмкіншіліктерін шектеуге әкеліп соғады. Демек, мұның өзі олардың әлеуметтік сұраныстарын өтей алмаудың бір түрі. Мәселен білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету түрлерінің жетіспеушілігі немесе олардың жетілмеуі жарымжан балалар мен олардың отбасынаа айтарлықтай қиындық туғызады. Педагогтар мен дефектологтардың пікірінше, біздің елімізде мұндай балалармен жұмыс жүргізетін жаңа, нәтижелі бағдарламалар мен әдістемелер жоқтың қасы. Демек, мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп-білу және оларды шешуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту – бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе. Әлеуметтік-мәдени түсінік-танымсыз мүгедек блалардың проблемаларын шешу де, ұғыну да қиынға соғады. Осы орайда айта кетуіміз керек, мүгедектік дәрежесі аурудың түрін анықтауға қажет. Және әлеуметтік жеңілдіктер беру мақсатында адамға белгілі бір мәртебе берген жағдайда қажет етіледі. 1992 жылы Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясында қабылданған, №1185 реабилитациялық бағдарламасының кепілдемесінде былай дейді: «Мүгдектік – бұл адам баласын мүмкіншіліктерден шектеу, яғни қарым-қуаттылықтан, психологиялық, әлеуметтік, мәдени заңдылықтар мен басқа да кедергілерді бастан өткере отырып, қоғамның толыққанды мүшесі болу бағытынан айрылғандар. Сондықтан қоғам олардың қажеттіліктерін өтей отырып, тәуелсіз өмір сүрулерін қамтамасыз етуге міндетті».
Мүмкіншіліктері шектеулі адамдардың әлеуметтік байланыс, қарым-қатынас құқықтары халықаралық заңдылықтармен бекітілген. Мұндай жағдайда, әсіресе балалар бірінші кезекте қамқорлық пен көмекке ие болуы тиіс. Балалар құқығы (1959 ж) Декларациясында былай дейді: «Барлық балалар нәсіліне, ақ-қаралығына, жынысына, тіліне, дініне, дініне, саяси және басқа да түсінігіне, туған жері мен жағдацына қарамастан, төмендегі аты аталған мүмкіншіліктердің бәріне құқылы:
Ерекше қамқорлықпен қорғалуға, сондай-ақ жақсы тамақ ішуге, баспана және медициналық қызметпен қамтамасыз етілуге, тәрбиеленуге, рухани және физикалық жағынан дамуға, денсаулығы әлсіз болса, емделуге, сырттан шектеу болса ерекше қамқорлыққа, ата-анасының және басқа да адамдардың сүйіспеншілігі мен түсіністігіне, егер ағайын-туыстары жәрдемдесе алмаса, онда үкіметтің қарамағында қамқорлықта болуы құқылы...»
Эксперимент нәтижесінде 30 ата-ананың 85%-да мүгедек бала дүниеге келген кезде алғашқы психологиялық соққы болып, олар өзін-өзі кіналады. Бұл сұраққа жауап берген аналардың 60%-ы мүгедек бала дүниеге келген соң әкелері отбасын тастап кеткен. Отбасыларының 10%-ы өін-өзі бағалауы төмендеді, бірақ мүгедек баланы өз ортасына қабылдау қалыпты эмоциялық жағдайда жүрді. Осы 10% ішіне толық отбасылар кіреді. Олар ата-анасы және дені сау балалары бар жанұялар. 5% отбасылар мүгедек баланың дүниеге келуін ерлікпен өткерді, бұған отбасыларындағы ерлі-зайыптылар арасындағы сүйіспеншілік пен татулық дәнекер. Зерттелушілердің 80%-ы мүгедек балаларды тәрбиелеудегі негізгі мәселелері – олардың білімдерінің жетпегендігінен және толық ақпараттанбағандығынан деп шешті. Олардың ойынша мүгедек балаларды балабақшаға алмайды, ортасынан шеттетіледі. әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық кеңес беру орталықтарының бар екенін білмейді. Қарым-қатынас кезінде 20% ата-аналар мүндай кеңес беру орталықтарының бар екенің достарынан, таныстарынан естіп, білген. Отбасылардың 90%-ы балаларын тәрбиелеуге отбасылық клубтар ашылса дап ниет білдіреді.Клубта жан-жақты хабар алар едік деген ойда. Ата-аналардың 10%-ы әлеуметтік қызмет үйге патронаж жасау арқылы болса дейді. 60% ата-аналар қойылған сұраққа қоғам мүгедек балаларды шеттетеді деп шешті. Мемлекет тарапынан қорғауды қажет етеді, мүгедектік зейнеақысы төмен, жеңілдіктер аз. 40% ата-аналар қоғам өздірінің мүгедек балаларын қалыпты қабылдады деп, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалармен іс-шаралар, мейрамдар өткізіледі деді. 80% ата-ана мүгедек бала дүниеге келген соң қаржылық жағдайы төмендеген, себебі, дәрі-дәрмектер олар үшін қымбытқа түседі. Осындай жауапты жалғыз басты аналардың 50%-ы берген. Бұл отбасыларына тек баланың зейнеақысымен күн көрушілер жатады. Отбасылардың 20%-ының балаларын әжелері тәрбиелеп отыр. Тек 10%-нда ған қаржылық жағдайы қалыпты. 90% отбаслар әлеуметтік қорғауды, әлеуметтік қамсыздандыруды өз балалары үшін қажет деп санайды. ...
Достарыңызбен бөлісу: |