2.3. Әлеуметтік саланың дамуы
2.3.1. Білім беру
2011-2015 жылдарға арналған АДБ іске асырылған кезеңде аудан білім беру саласында нақты жетістіктерге жетті: жалпы білім беретін мектептер желісі – 41,7%-ға, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының желісі – 62,5%-ға кеңейді, балаларды мектепалды даярлықпен қамту 100%-ға қамтамасыз етілді, мектептердің 33,3%-ы электронды оқыту жүйесін енгізді, мектептердің 100%-ы инклюзивті білім беру үшін жағдайлар жасады.
Мектепке дейінгі білім беру
Мұнайлы ауданында халықтың өсу қарқыны жоғары, яғни демографиялық өсу бойынша республикада алдыңғы қатарда. Халықтың мектепке дейінгі балалар ұйымдарының (МБҰ) қызметтеріне қажеттілігі үнемі өсуде (1-кесте). 2014 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымдарында орын алуға арналған кезекте 5644 бала тұрды.
1-кесте. Мектепке дейінгі білім беру көрсеткіштерінің динамикасы, 2012-2014 жылдар
Жылдар
|
МБҰ саны, бірлік
|
Балалар қамтылды, адам
|
3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту, %
|
1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту, %
|
5-тен 6 жасқа дейінгі балаларды қамту, %
|
Жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі, %
|
2012
|
18
|
1925
|
42,5
|
28
|
61,2
|
28,6
|
2013
|
20
|
2088
|
47
|
30,4
|
68,2
|
28,3
|
2014
|
24
|
3063
|
52,5
|
35,9
|
72,7
|
23,3
|
МБҰ санының өсуіне қарамастан, 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 35,9 % құрайды, бұл – орташа облыстық көрсеткіштен төмен(40,8%).
Балаларды мектепалды даярлықпен қамту 100%-ға қамтамасыз етілген. Аудан бойынша деректер 2-кестеде көрсетілген.
2-кесте. Аудан бойынша балалардың МБҰ-мен қамтамасыз етілуі
№
|
Қалалар мен аудандардың атауы
|
МБҰ-ның барлығы
|
1-ден 6 жасқа дейінгі балалар саны
|
МБҰ балаларының саны
|
қамту %-ы
|
1
|
Мұнайлы ауданы
|
24
|
18211
|
3063
|
21,88
|
МБҰ-мен қамтамасыз ету мәселелерінен басқа, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселелері де бар (жоғары және бірінші санаттағы педагогтардың үлесі 2012 жылғы 28,6%-дан 2014 жылы 23,3%-ға дейін төмендеді).
Жалпы орта білім
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда 13 жалпы білім беретін мектеп (2012 жылы – 8) (оларда оқитындардың саны – 18340 адам (2012 жылға қарағанда контингенттің өсімі – 59,9%), оның ішінде: 12 күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектеп, 1 кешкі мектеп жұмыс істейді.
2015 жылдың басында ауданда 3 ауысымдық мектептердің саны 1 бірлікті құрады. 2015 жылдың қараша айында Атамекен селосындағы 1200 орындық мектеп іске қосылып, 3 ауысымдық оқыту жойылды.
Аудан мектептерінің жаңа модификациядағы кабинеттермен қамтамасыз етілуі аудан бойынша орташа көрсеткіші: жаңа физика кабинеттері 5 мектепте (38,5%), химия кабинеттері – 8 мектепте (61,5%), биология кабинеттері – 7 мектепте (53,8%), лингафондық-мультимедиялық кабинеттер 6 мектепте (46,2%) бар.
Электронды оқыту 4 мектепте енгізілген (2011 жылы – 1 мектеп, 2012 жылы - 3 мектеп). Ауданның 13 мемлекеттік мектебінде (100%) дербес веб-сайттар жұмыс істейді (2012 жылы – 8 мектеп).
Аудан бойынша барлық мектептерде ыстық тамақ ұйымдастырылған.
2884 оқушы немесе мұқтаж адамдардың 100%-ы тасымалдаумен қамтамасыз етілген.
Жалпы білім беру мекемелерінде 2042 педагог жұмыс жасайды. Бірінші және жоғары санаттағы оқытушылар үлесі орташа облыстық деңгейден төмен және 27,1% құрайды.
Ауданның ҰБТ көрсеткіштері 2012-2014 жылдарда орташа облыстық және республикалық көрсеткіштен жоғары болды. 2014-2015 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысы бойынша аудандағы орташа балл 79,9-ды құрады (2012-2013 оқу жылында – 76,2), облыстық көрсеткіш 75,7-ті (2012 жылы – 65,71) құрады.
Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
2014 жылы 12 мектептің барлығында (100%) (пандус) инклюзивтік білім беру үшін жағдай жасалды.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны – 81(оның ішінде 9-ы келісіммен берілген балалар), оның ішінде 14 балада бекітілген үй бар, 6-ауында үйдің үлесі бар. Бекітілген тұрғын үйі жоқ балаларды тұрғын үймен қамамасыз ету мәселесін шешу мақсатында, 2014 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамында жинақтау шоттары ашылды, 36 қамқорлық және қорғаншылықтағы бала тұрғын үй кезегінде тұр. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасымен 2013 жылы - 8, 2014 жылы - 4, 2015 жылы -14 бала тұрғын үймен қамтылды.
Ауданда отбасылық тәрбиенің балама нысандарын дамыту мәселесі бойынша жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде, 2015 жылы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының 1 тәрбиеленушісі қорғаншылыққа қайтарылды. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған 12 бала қорғаншылық пен қамқоршылыққа берілді, 26 бала асырап алынды, 25 үміткер тіркеуде тұр.
Қазіргі таңда қамқорлық, қорғаншылықта 70 бала, патронаттық тәрбиеде 2 бала есепте тұр.
Білім беру бойынша SWOT-талдау:
МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:
|
ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:
|
Балабақшаларды, шағын орталықтарды, оның ішінде жекеменшік балабақшаларды салу және жаңаларын ашу есебінен мектепке дейінгі балалар ұйымдары желісінің кеңеюі;
қосымша мектептер салу есебінен оқушылар орны тапшылығының біртіндеп жойылуы;
мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнайы (түзету) кабинеттерінің ашылуы;
|
Мектепке дейінгі балаларға ұйымдарындағы орындардың тапшылығы, оның ішінде ауылдық елді мекендерде сақталуда;
Мектепке дейінгі ұйымдардың білікті кадрлармен, оның ішінде тәрбиешілермен қамтамасыз етілуінің төмендеуі;
инклюзивті білім берудің жеткілікті дамымауы;
тұрмысы қолайсыз отбасы мен баланы анықтаудың бірыңғай өлшемдерінің жоқтығы;
|
МҮМКІНДІКТЕР:
|
ҚАТЕРЛЕР:
|
мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін, орта білім берудің қазіргі заманғы объектілерін салу саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту;
отбасыларды – әлеуетті бала асырып алушыларды, қорғаншыларды, қамқоршыларды іріктеу, дайындау және сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді көрсететін халықаралық ұйымдар мен ҮЕҰ жобаларының гранттарын пайдалану
|
жекеменшік сектор бастамасының әлсіздігі;
білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған бюджет қаражатының шектеулілігі;
ата-ананың қамқорлығынсыз және оларды алмастыратын отбасылардың қолдауынсыз қалған балаларды отбасылық өмірге орналастыру бағдарламаларына оқыту бойынша кадрларды қайта даярлау бағдарламаларының жоқтығы.
|
Білім беру саласындағы негізгі проблемалар:
мектепке дейінгі және мектепте білім беруде оқушылар орындарының тапшылығы;
мектептерде кадрлардың тапшылығы сақталуда (математика, орыс тілі және әдебиеті);
инклюзивтік білім беру үшін жағдайлардың жеткіліксіздігі (лифтілер, шкафтар және т.б.).
2.3.2. Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласында 14 медициналық мекемелер жұмыс жасауда, оның ішінде 1 – орталық аурухана, 1 – орталық емхана, 3 – бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы, 7 – дәрігерлік амбулатория, 1 – жедел жәрдем және 1 – тубдиспансер бар.
Денсаулық сақтау саласында медициналық қызмет сапасын жетілдіру және тұрғындардың денсаулығын жақсарту шаралары тұрақты түрде жүргізіліп, бақылануда. 2015 жылдың 9 айында 3238 бала дүниеге келді, ол өткен жылмен салыстырғанда 52 балаға көбейіп отыр (2014 ж. 9 айы -3186 бала). Есепті кезеңде 1-жасқа дейінгі 37 сәби өлімі тіркеліп, көрсеткіш туылған 1000 сәбиге шаққанда 11,4 промилді құрады (2014 ж. 9 айы – 11,0 промиль).
Туберкулез ауруымен ауыратындар саны 66 адамды құрап, көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 52,9 промилді құрады(2014ж.9 айы – 55,4 промиль).
Сурет-1. Аудан бойынша туылған бала саны туралы
Маңғыстау ауылынан әлеуметтік сала мамандарына арналған 100 орындық жатақхана құрылысының жобалық сметалық құжаттары жасақталып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жобаның жалпы құны 912,2 млн. теңгені құрап отыр. Аталған жоба жер қойнауын пайдаланушы компанияның есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар тізіміне енгізілді.
Ағымдағы жылы Батыр ауылдық округінде ауысымына 40 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Денсаулық сақтау саласы бойынша SWOT-талдау:
Күшті жағы
|
Әлсіз жағы
|
жыл сайынғы халықтың табиғи өсімінің жоғарылауы, туу көрсеткішінің артуы.
демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, бала туудың, табиғи өсімнің артуы, жалпы өлім-жітімнің төмендеуі;
медициналық ұйымдар желісінің, оның ішінде «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасының аясында салу есебінен кеңеюі;
медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының нығаюы;
халықтың орта медициналық қызметкерлермен жеткілікті қамтамасыз етілуі;
|
сәбилер өлімі деңгейінің жоғары болуы;
әлеуметтік маңызды ауру түрлерінің , оның ішінде туберкулез, онкологиялық аурулардың көптеп кездесуі;
типтік жобадағы емдеу орындарының жетіспеушілігі.
дәрігер мамандардың жетіспеуі;
жекелеген аудандардағы туберкулезбен ауырудың салыстырмалығы жоғарылығы;
әлеуметтік маңызды аурулар бойынша алдын алудың жеткіліксіз инфрақұрылымы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қатерлер
|
дәрігерлер білімін жетілдіру, біліктілігін арттыру арқылы көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын арттыру;
тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, аурулардың профилактикасын жақсарту;
мамандарды әлеуметтік қолдау шаралары арқылы ауылдық жерлерге дәрігер мамандар тарту.
|
аудан халқының тұрмыстық жағдайының төмендеуі;
экологиялық жағдайдың әсерінен болатын қауіп қатерлер;
жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасы оларды жергілікті жерде орнықтыруға теріс әсер етеді;
еңбек мигранттарының белсенді көші-қон үдерісі;
көші-қон ағындарының салдарынан сырттан әкелінетін инфекциялық ауруалдырдың өсу тәуекелі.
|
2.3.3. Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.
Мұнайлы ауданы бойынша 2014 жылда халық саны 128,7 мың адам. Оның ішінде экономикалық белсенді халық -45,1 мың адам. Белсенді емес халық саны 36,7 олар: мектеп оқушыларынан, зейнеткерлерден, үйде бала күтімімен отырған әйелдерден және денсаулығына байланысты мүгедектігінен жұмыс жасамайтындардан тұрады.
Еңбек делдалдығының негізгі индикаторы
Еңбек делдалдығы бойынша индикаторлары
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Экономикалық белсенді халық мың адам
|
30,9
|
43,1
|
45,1
|
Жұмыспен қамтылғандар мың адам., оның ішінде
|
30,1
|
41,5
|
43,1
|
Жалдамалы жұмысшылар мың адам.
|
24,4
|
35,4
|
41,1
|
Өзін-өзі қамтығандар мың адам
|
5,6
|
4,5
|
2,1
|
Жұмыссыздар саны мың адам.
|
0,7
|
1,6
|
1,9
|
Жұмыссыздық деңгейі, %
|
2,5
|
3,8
|
4,4
|
Жұмыспен қамтылғандардың көпшілік бөлігі өндірістік және өнеркәсіптік мекемелерде қызмет жасайды. Бұдан басқасы төменгі жалақыдағы жұмыстарда жасайды, атап айтқанда бюджеттік мекемелерде (мемлекеттік басқару, білім саласы, денсаулық саласы, әлеуметтік салалар).
Жұмыспен қамту мақсатында 2015 жылы бөлімге 1644 адам хабарласты (2012 жылда -959, 2013 жылда -961, 2014 жылда-1052).
Аудан көлемінде құрылған жұмыс орындарына 2012 жылда 606 адам, 2013 жылда 765 адам, 2014 жылда 878 адам орналасты.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 2012 жылда 146 адам, 2013 жылға -101 адам, 2014 жылда- 125 адам.
Жастар іс-тәжірибесіне 2012 жылда 144 жас, 2013 жылда 136 жас, 2014 жылы – 180 жас.
Қоғамдық жұмысқа қатысқандар 2012 жылда 145 адам, 2013 жылда 108 адам, 2014 жылда 102 адам жолданды.
Халықты жұмыспен қамту мақсатында аудан көлемінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы іске асырылып жатыр.
І-бағыт бойынша: Инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша 2012 жылда 4 жоба 27 жұмыссыз, 130,9 мың теңге. 2013 жылда 29 жоба 135 адамға 299,3 мың теңге, 2014 жылда 46 жоба қарастырылып- 214 адамға 801,9 мың теңге қаржы жұмсалды.
ІІ-бағыт бойынша: Ауылдағы жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау және тірек ауылдарды кешенді дамыту есебінен ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу арқылы жұмыс орындарын құру бойынша: 2012 жылы 35 адам, 2013 жылы 15 адам, 2014 жылы 20 адам кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытылып, жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейтуге 2012 жылы 52 адамға 55,0 мың теңге, 2013 жылы 19 адамға 52,1 мың теңге, 2014 жылы 24 адамға 67,9 мың теңге көлемінде несие берілді.
Әлеуметтік жұмыс орындарына ішінара субъсидиялау жалақымен 2012 жылы 76 адам -5036,0 мың теңге, 2013 жылы 90 адам 13 428,0 мың теңге, 2014 жылы 46 адам 6 407,0 мың теңге.
Жоғары және арнаулы оқу бітірген түлектерді 2012 жылы 100 жас 9292,0 мың теңге, 2013 жылы 91 жас 10039,0 мың теңге және 2014 жылы 37 жас 5917,0 мың теңге игеріліп, «жастар іс-тәжірибесіне» жолданды.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша
Атауы
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
|
Адамсаны
|
қаражат
|
Адам саны
|
қаражат
|
Адам саны
|
қаражат
|
І-бағыт
|
27
|
130,9
|
135
|
299,3
|
214
|
801,9
|
ІІ-бағыт
|
29
|
75,5
|
19
|
52,1
|
24
|
67,9
|
ІІІ-бағыт
|
ӘЖО
|
76
|
5036,0
|
90
|
13,4
|
46
|
6,5
|
ЖТ
|
100
|
9292,0
|
91
|
10,0
|
37
|
5,9
|
Оқу
|
60
|
(МББ)
|
72
|
7735,0
|
65
|
9,7
|
Достарыңызбен бөлісу: |